Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Қантты диабет. Инсулин жеткіліксіздігі (



Pdf көрінісі
бет526/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   832
Байланысты:
струков патан

241-сурет. Қантты диабет. Инсулин жеткіліксіздігі (
эксперимент
):
-жасушаның ( Ж) цитоплазмасында 
вакуольдер (В) көп, эндоплазмалық тордың (ЭТ) өзекшелері мен Гольджи кешендері (ГК) керілген, 
митохондриялар (М) гомогенді; -жасушаның инкреторлық әрекеті төмен, инкрет-гранулалар аз, 
олар (нұсқалған) плазмалық мембрананың (ПМ) маңында ғана. Я — ядро. Электронграмма. 40 000 
( Бьеркманнан ж. б.).
 
Диабеттік микроангиопатия бүкіл организмді қамтиды. Көздің торлы 
қабықшасының, бүйректің, қаңқалық бұлшықеттердің, терінің, асқорыту 
жүйесіндегі кілегейлі қабықшасының, ми мен шеткі жүйке жүйесінің және 
басқа да мүшелердің микротамырлары біртекті өзгереді.
Диабеттік микроангиопатияның морфологиялық бейнесі әсіресе бүйректе өте 
айқын болады. Бұл мүшеге 
диабеттік гломерулонефрит
пен 
гломерулосклероз
тән. Олардың даму барысында мезангий «ластанады» да, оған жауап ретінде 
мезангийлік жасушалар көбейіп, мембрана тәрізді зат түзіледі (242-сурет). 
Бұның салдарынан мезангийде гиалиноз өрістеп, бүйректің шумақтары 
жойылады. 
Диабетпен 
сырқаттарда 
гломерулосклероздың 
диффузды, 
түйіншекті 
және
 аралас
типтері байқалады (242-суретті қара). Ол клиникалық 


Нуржігіт Алтынбеков 
427
тұрғыдан, 
Киммельстил—Уильсон синдромы
деп аталды. Бұл синдромға өте 
жоғары мөлшерлі протеинурия, су сіңіп ісіну және артериялық гипертония тән. 
242-сурет. Диабеттік гломерулосклероз (
түйіншекті нысаны
):
а —мезангийлік жасушаны (МезЖ) қоршаған 
мембранатәрізді заттар (MЗ) шөгіндісі; базал мембран (БМ) өзгермеген; Эн — капиллярлық 
эндотелий. Электронграмма. 
10 000; б — микробейне; мезангийдің ошақты склерозы мен 
гиалинозы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет