Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Диабеттік нефропатия  экссудатты



Pdf көрінісі
бет527/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   832
 
Диабеттік нефропатия 
экссудатты
да болады. Ондай жағдайда шумақ 
капиллярларының иірімдерінде «фибринді телпектер» мен «қабықшалық 
тамшылар» түзіледі. Нефронның глюкозаны гликогендік полимерге 
айналдыратын жіңішке бөлігі ерекше зақымдалып, 
эпителийіне гликоген сіңеді

Эпителий биіктеп, арнайы тәсілмен бояғанда, ашық түсті бұлыңғырлау 
цитоплазмасынан гликоген табылады. 
Өкпеде
дамыған диабеттік ангиопатияның да өзіндік ерекшелігі бар — 
бұлшықетті артериялардың іргесінде 
липогронулемалар
пайда болады. Олардың 
құрамына макрофагтар, липофагтар мен бөгде денелік алып жасушалар кіреді. 
Көбіне 
гистиоцит-макрофогтық жүйедегі
(талақ, бауыр, лимфалық 
түйіндердегі) 
жасушалар
мен 
теріге
де 
липидтер
сіңеді (тері ксантоматозы). 
Асқыну зардаптары.
Диабеттің зардабы әртүрлі. Кейде диабеттік талма 
(кома) дамиды. Диабеттің зардабы көбінесе макро-және микроангиопатиямен 
(аяқ пен қолдың гангренасы, миокард инфарктісі, зағиптік), әсіресе диабеттік 
нефропатиямен (жедел папиллонекроздан дамитын бүйрек қызметінің жедел 
жеткіліксіздігімен, гломерулосклероз кезінде орын алатын бүйрек қызметінің 
созылмалы жеткіліксіздігімен) байланысты. Диабетпен сырқаттардың көбінде 
іріңді инфекция (пиодермия, фурункулез, сепсис) өрістесе, енді біразында 
туберкулез асқынып, экссудатты болып, бүкіл организмге жайылады. 
Диабетпен сырқаттар, әдетте ауруы асқынғандықтан 
өледі
. Диабеттік комадан 
өлім қазір сирек. Көбінің өліміне аяқ пен қолдың гангренасы, миокард 
инфарктісі, уремия, асқынған инфекциялық аурулар себеп болады. 
Жыныстық бездер 
Аналық бездер 
мен 
аталық бездерде 
(енде) дисгормондық өзгерістер мен 
қабыну үдерісі және ісіктер байқалады 
(«Жыныстық мүшелер мен сүт безінің 
ауруларын»
қара). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет