Нуржігіт Алтынбеков
434
2-3 өсе жиірек кездеседі.
Гематогендік созылмалы остиеомиелит
көбіне жедел
остеомиелиттің салдары.
Этиологиясы.
Остеомиелитті негізінен гемолиздік стафилококк (60—70%),
стрептококк (15—20%), колиформды бацилла (10 – 15%), пневмококк, гонококк
сияқты іріңдеткіш микроорганизмдер қоздырады. Кейде саңырауқұлақтар да
қоздыра алады. Инфекция гематогендік жолмен кез келген мүшеден тарап,
оның алғашқы ошағының біразы анықталмай да қалады.
Ондай жағдайларға
ішектің ұсақ жарақатынан, тіс ауруларынан,
жоғарғы тынысалу жолдарынан
өрістеген транзиторлық бактериемия себеп болатын сияқты.
Патогенезі
. Жіліктердің қанайналымы бактериялардың сүйек тініне түсуіне
қолайлы. Алдымен метафиздің кемігіндегі кеңістіктер іріңдейді, өйткені ол
жерлерде қан ағысы баяу. Кейін үдеріс өрістеп,
ауқымды некроз ошақтарын
қалыптастырып, сүйектің қыртыстық қабатына, қабығына,
төңірегіне
жайылады. Ірің біртіндеп сүйектің өзегін қуалап, кемігін одан ары зақымдай
түседі.
Балалардың, әсіресе жаңа туған сәбилердің, сүйек қабығы тығыз
жалғаспайды және эпифиздің шеміршегінде қан айналымы ерекше,
сондықтан
іріңді үдеріс буынға да өрістеп, іріңді артрит дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: