Нуржігіт Алтынбеков
452
(гликопротеидтерге
немесе липидтерге),
екіншіден,
вирустың «кіру
ферментінің» ерекшелігіне байламды. Мысалы, құрамында арнайы ферменттері
(нейраминидаза,
муциназа)
бар
гриптік
вирус
пен
аденовирустар
гликопротеидті (полисахаридті) рецепторлармен әрекеттесіп,
тынысалу
жолдарындағы эпителий жасушаларының цитоплазмасы мен ядросына оп-оңай
енеді. Полиомиелиттің вирусы құрамында липидтер мол ми тіні тектес
липопротеидті рецепторлармен әрекеттесу арқылы нейронның цитоплазмасына
өтіп кетеді. Жасушадағы ферменттер вирустың капсомер-белоктарын бүлдіреді,
сондықтан вирустағы нуклеин қышқылдары цитоплазмаға шығып, жасушаның
ультрақұрылымдарына қосылады.
Вирустың нысана-жасушамен арақатынасының
морфологиялық бейнесі әр
алуан: 1) вирус цитолизді әсер етеді (грипп пен А гепатитінің вирусы); 2) вирус
жасушаны зақымдамай-ақ оның геномымен бірігеді (В гепатиттің вирусы); 3)
нысана-жасушалар көбейеді (парагрипп, шешек); 4) қызылша, респирация-
синцитийлік инфекциямен ауырғанда алып жасушалар түзеді (трансформация);
5) денешіктер — қосымша заттар түзіледі (грипп,
аденовирустық инфекция,
құтыру). Сондай-ақ, бірқатар вирустар
жасушаның геномымен бірігіп,
Достарыңызбен бөлісу: