Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет568/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   564   565   566   567   568   569   570   571   ...   832
252-сурет. Аденовирустық инфекция. 
Оң жақ жоғарыда — аденовирустық жасуша. 
Вирус жайылса немесе басқа инфекция қосарланса, аденовирустық 
инфекцияның 
ауыр нысаны
 
дамиды. 
Инфекция жалпы жайылса (генерализация)
 
вирус ішектің, бауырдың, ұйқы 
безінің эпителийлік жасушаларында және мидың ганглийлік жасушаларында 
көбейіп, ол мүшелерде де аденовирустық жасушалар қалыптасады. Бұл 
мүшелер қабынып, қанайналымы бұзылады. 
Басқа
инфекция қосарланса

аурудың морфологиялық бейнесі өзгеріп, іріңді қабыну мен некроз өрістейді. 
Асқыну зардаптары
. Басқа инфекция қосарланса, отит, синусит, пневмония 
дамиды.
Бұл аурумен аурулар пневмониядан, қосымша бактериялық инфекцияның 
өкпедегі зардаптарынан немесе ішкі мүшелерге (әсіресе миға) жайылған жалпы 
аденовирустық инфекциядан 
өледі

ЖИТС 
ЖИТС (жүре болатын иммунитет тапшылық синдромы) — адам иммунитет 
тапшылығының вирусы (АИВ — адам иммунитеті тапшылығының вирусы 
дегеннің қазақша аббревиатурасы. - Ауд.) қоздыратын ауру. 
Аурудың бұлай аталуына оның даму барысының соңында иммундық жүйе 
жұмысының толық құлдырауы себеп болды. Бұл кезеңде оппортунистік 
инфекция жанданып, ісік (Капоши саркомасы, қатерлі лимфомалар) дамиды. 
Оппортунистік инфекция деп — сау адамды ауыртпайтын, шартты патогенді 
(вируленттілігі төмен) инфекция қоздыратын аурулар аталады. ЖИТС үнемі 
өлімге ұшыратады. 
Эпидемиологиясы
. ЖИТС-пен ауырғандар 1979 ж. алғаш рет АҚШ-та 
байқалды, бірақ ресми түрде дербес ауру ретінде 2 жылдан соң ғана тіркелген-
ді. Кейін ЖИТС пандемиялы ауруға айналды. 1988 жылдың наурызына дейін 


Нуржігіт Алтынбеков 
459
133 елде 81433 науқас тіркелгенмен, бұл ЖИТС-тің шамалы ғана бөлігі. ДДҰ 
деректері бойынша, науқастардың шын саны 250000 болуға тиісті. Инфекция 
1991 жылға дейін 5—10 млн адамға жұғып, олардың, кем дегенде, 1 миллионы 
ауырған. Науқастардың басым көбі АҚШ-та, Батыс Еуропа мен Африка 
елдерінде. Ерекше қатер әсіресе Орталық Африка елдеріне төніп тұр. Бұл 
инфекция ондағы тұрғындардың 5-20%-на жұққан. Әр 8-10 айда ЖИТС-пен 
ауыратындардың саны 2 екі есеге көбейіп, олардың жартысы 5 жыл ішінде өліп 
отырады. Ауыратындардың басым көбі жасы 20-50-ден аспағандар (көбіне 30-
40 жас шамасындағылар) мен балалар да жиі ауырады. 
Вирустың жұғу көзі ауру адам мен вирустасымалдаушылар. Ол, әсіресе қанда, 
шәуҺетте, жұлын сұйықтығында көп, ал көз жасында, сілекейде, жатыр мойны 
мен қынап шырынында аздау. Оның дәлелденген үш жұғу жолы бар: 1) 
жыныстық (жанасу) жолы (гомосексуалдық немесе гетеросексуалдық қатынас 
кезінде); 2) вирус түскен қан немесе аспаптар арқылы, парентералдық жолмен; 
3) анадан балаға трансплаценталық жолмен немесе сүт арқылы жұғады. Ауа-
тамшы, тұрмыстық жанаспа, фекал-оралдық, қансорғыш жәндіктер арқылы 
(трансмиссиялық) жұғу мүмкіндігі әлі толық дәлелденбеген. 
АҚШ, Канада, Еуропа елдері тұрғындараның ішінде ЖИТС-пен жиі 
ауыратын, яғни кауіпті топтар айқын анықталған. Олар: 1) гомосексуалдар; 2) 
есірткіні қан арнасына жіберетін нашақорлар; 3) гемофилиямен ауыратындар; 
4) 
қанның 
рецепиенттері; 
5) 
ЖИТС-пен 
ауыратындар 
мен 
вирустасымалдаушылардың 
және 
қауіпті 
топқа 
жататындардың 
гетеросексуалды ашыналары және 6) ата-анасы осы аталған топтардың біріне 
жататын балалар. 
ЖИТС пандемиясы географиялық, нәсілдік және жыныстық тұрғыдан біртекті 
емес. Бұл ауру кең тараған АҚШ пен басқа өндірісті елдерде вирус негізінен 
гомосексуалдар мен қанға есірткі жіберу арқылы тарап, ер адамдар 10-15 есе 
жиірек ауырады. Ал Орталық, Шығыс және Оңтүстік Африкада және Кариб 
теңізі атрабындағы кейбір елдерде ЖИТС көбіне гетеросексуалдық жолмен 
жайылып, ерлер мен әйелдер бірдей ауырады. Бұл аудандарда вирус анадан 
құрсақтағы балаға және донор қаны арқылы да жиі жұғады. Шығыс Еуропада, 
Таяу Шығыста, Азияда ЖИТС әлі онша көп емес. Бұл аймақтарда ауру 
жыныстық жолмен, қан құйғанда, кейде басқа елдерден әкелінген донор қаны 
мен қанның өнімдерін қолданғанда жұғып жүр. ЖИТС-пен байланысты қазіргі 
эпидемиологиялық жағдай көңілге жақсы үміт қондыра қоймайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   564   565   566   567   568   569   570   571   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет