Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет575/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   571   572   573   574   575   576   577   578   ...   832
Байланысты:
струков патан

Өлімнің себептері.
Аурулар көбінесе оппортунистік инфекциялардан немесе 
жалпы жайылған ісіктерден өледі. Өркениетті елдердегі науқастардың 50%-ы 
диагноз қойылғаннан соң, 18 айдан кейін өлсе, 80% — 36 айдан артық өмір 
сүрмейді. Өлім-жітімі 100%. 
ШЕШЕК 
Шешек 
(латынша: 
variola
verа

variolus
— шұбар. Қазақша: 
қорасан
деп те 
аталады. — Ауд.) — карантиндік инфекциялар тобына жататын, өте жұқпалы 
вирустық ауру; өкпені, теріні, кейде басқа да мүшелерді зақымдайды. Қазір
шешек дүние жүзінде толық жойылған; дегенмен, жұғу қаупі әлі бар. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Шешекті ДНҚ-лы вирус (
Poxvirus variola

қоздырады. Жарық микроскопымен вирустардың қарапайым денешіктер 
шоғырын түзетінін көреміз: Пашен денешіктері коктәрізді құрылымдардан 
түзілсе, Гуарниери денешіктері — одан ірірек құрылымдар. Вирус ауа-тамшы 
арқылы және тікелей жанаспа жолмен науқас адамнан жұғады. Ол көбіне 
тынысалу жолдары арқылы кіріп, алдымен өкпені зақымдайды. Вирус алғашқы 
ошақтан тез арада бүкіл организмге жайылып, вирусемия дамып, басқа да 
мүшелер, әсіресе тері зақымдалады. 
Патологиялық анатомиясы
. Шешек тері мен тынысалу жолдарын 
зақымдайды. Ең жиі әрі тұрақты сипатта зақымдалатын мүше — тері. Шешектің 
үш негізгі нысаны бар: папула-пустулалы, геморрагиялы және вариолоид. 


Нуржігіт Алтынбеков 
465
Папула-пустулалы шешек
кезінде теріні папулалы және пустулалы бөртпе 
жайлайды. Әсіресе бет, бастың шашты жерлері, мойын мен кеуде және арқа 
бөртеді. Алдымен толыққанды, су сіңген дерманың қан тамырларының маңына 
бірен-саран жасушалар шоғырланады. Ізінше эпидермистің Мальпигий 
қабатындағы жасушалар көбейіп, ісініп, гидропиялы дистрофияға ұшырайды. 
Жасушаларға сіңген су біртіндеп көбейіп, эпидермисте 
баллонды дистрофия

яғни «баллонды дегенерация» дамиды (255-сурет). Бара-бара баллонтәрізді 
жасушалар бірігіп, эпителийлік жолақтармен бөлінген ірі көпіршіктерге 
айналады. Жолақтарды құрайтын жасушалар сығымдалып, дистрофияға 
ұшырайды, ядролары бүріседі. Бұл құбылыс 
«ретикулалық дегенерация»
деп 
аталады.Ол құрылымдардың макробейнесі алдымен 
папула
тәрізді болып, кейін 
везикулаға немесе 
пустулаға
 
(
іріңдікке
) айналады (256-сурет). Үшінші аптада 
пустулалар жойылып, орнын түрлі көлемді тыртық басады. Тыртықтың көлемі 
деструкциялы үдерістің ауқымына сәйкес болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   571   572   573   574   575   576   577   578   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет