Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет573/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   569   570   571   572   573   574   575   576   ...   832
Байланысты:
струков патан

АИВ-тік энцефалит
дамып, негізінен 
ақ зат пен мидың қыртыстық қабатының астындағы түйіндер зақымдалады. 
Микроскоппен зерттегенде микроглиялық түйіншектер мен көпядролы 
симпластылар байқалады; симпластыларда АИВ-тік денешіктер болады. 
Жұлынның артқы және алдыңғы бағандарында жұмсарған ошақтар пайда 
болып, ақ зат вакуольденеді. Ақ заттың миелині жойылып, бозғылт тартады. 
ЖИТС кезіндегі 
оппортунистік инфекция
ауыр ағымды, қайталамалы болып, 
көбіне 
жалпы
сипатта дамиды, ем қона қоймайды. Оны қарапайымдылар 
(пневмоциста, токсоплазма, криптоспорий), саңырауқұлақтар (
Candida
тұқымдас, криптококктар), вирустар (цитомегаловирустар, герпес вирусы, 
кейбір баяу дамитын инфекциялардың вирустары), бактериялар (
Mycobacterium
avium
intracellulare
, легионелла, сальмонеллалар) қоздырады. ЖИТС-ке тән әрі 
оны жиі қоздыратын инфекцияның бірі — 
пневмоциста
. Оның әсерінен ауыр 
ағымды пневмония дамып, альвеолалардың саңылауына эозинмен жақсы 
боялатын, көбікті зат жиналады, пневмоцисталар болады. 
Токсоплазмалық
инфекция да жиі өрістеп, некрозды және іріңдікті энцефалит орын алады. 
Криптоспоридоз
кезінде ішек зақымдалып, энтерит пен колит дамиды, ұзақ 
мерзімді әрі тоқтаусыз диарея байқалады. 
Саңырауқұлақтық
инфекциялардан 
кандидоз жиі байқалып, өңеш, кеңірдек, бронхылар мен өкпе зақымдалады, ал 
криптококкоз көбіне барлық мүшелерді қамтиды. Вирустық инфекциялардың 
ең жиісі — 
цитомегаловирустық
инфекция
; ол ринит, пневмонит, колит, 
энцефалит өрістетеді. 
Герпестік
инфекция, әдетте ұзақ уақыт бойы шырышты 
қабықшалар мен теріні зақымдайды. Бактериялық инфекциялардан ЖИТС-ке 
тәні - 
Mycobacterium
avium
intracellulare
қоздыратын атипиялы бактериялық 
инфекция; ол организмге кең жайылып, лимфалық түйіндер мен ішкі мүшелерді 
түгел қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   569   570   571   572   573   574   575   576   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет