Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет576/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   572   573   574   575   576   577   578   579   ...   832
255сурет. Шешек. 
Эпидермистің баллонды дистрофиясы: цитоплазмасының ішіне вирустық бөлшектер (Вр) 
жиналған ірі вакуольдер (В) толған; жасушаның ультрақұрылымдары қираған. 1 000 000 (Девис 
пен басқалардан).
 
256-сурет. Шешек. 
Терідегі өзгерістер. 
Шешек геморрагиялы
болса, папулалар мен пустулаларға қан құйылып, тері 
су сіңген, толыққанды болады. Көпіршіктерге қанды сұйықтық жиналады. 
Теріде біріккен, қанды ірі дақтар, көпіршіктер пайда болып, олар жарылып, 
қанды эрозияларға айналады («қара шешек»). Аурудың бұл нысаны ауыр
ағымды, науқас адам көбінесе қаза болады. Шешектің клиника-
эпидемиологиялық тұрғыдан маңызды нысанының бірі — 
шешектік пурпура 
(алқызыл шешек)
. Ол — жедел сепсис; көбінесе қысқа мерзімнің ішінде-ақ 
өлімге ұшыратады. 
Вариолоид
— шешектің жеңіл нысаны; бөртпелі немесе бөртпесіз болады. 
Көбіне ревакцинацияның инкубациялық кезеңінде дамиды. Науқастар, әдетте 
толық айығады, бірақ кейде қан мен жүректің, өкпе мен басқа да мүшелердің 
жасырын ағымды аурулары жанданады. 
Шешек тынысалу жолдары мен өкпені де зақымдайды. 
Трахея
мен 
бронхылардың
шырышты қабықшасы катарлы қабынып, толыққанды тінінде, 
жиегі геморрагиялы везикулалар мен пустулалар пайда болады. 
Өкпеде
некрозды ошақтар қалыптасады. 
Ауыз қуысының, ішектің, қынаптың
шырышты қабықшасында шешектік пустулалар дамып, ойылып, жараға 
айналады. Некрозды ошақтар 
енде
де болады («некрозды» орхит). Кейде 
некрозды ошақтар жіліктердің эпифизіндегі сүйек кемігінен де ұшырасады 
(шешектік остеомиелит). 
Талақ
қан кернеп, 3-4 есе ұлғаяды, миелоз дамып, 
қанды және некрозды ошақтар болады. 
Лимфалық түйіндердің
фоллликулдары 
ұлғайып, оларды да некроз шарпиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   572   573   574   575   576   577   578   579   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет