Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


ЖИТС-тің даму кезеңдері және олардың морфологиясы



Pdf көрінісі
бет571/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   567   568   569   570   571   572   573   574   ...   832
Байланысты:
струков патан

ЖИТС-тің даму кезеңдері және олардың морфологиясы
. АИВ жұққандар 
ертелі-кеш ЖИТС-пен ауруға тиісті сияқты. Ауру ұзақ уақыт (1 жылдан 15 
жылға дейін) біртіндеп өршіп, өзіндік клиникалық және морфологиялық бейнесі 
бар бірнеше кезеңнен өтеді. Оның: 1) инкубациялық; 2) персистенциялы жалпы 
лимфаденопатиялық; 3) пре-ЖИТС-тік (ЖИТС ассоциялы кешен) және 4)
ЖИТС кезеңдері бар (XXIIІ тәсім). 
Инкубациялық кезеңнің
мерзімі АИВ-тің жұғу жолы мен сипатына, жұққан 
мөлшеріне, бастапқы кездегі иммундық жүйенің жағдайына байланысты 
болады да, бірнеше аптадан 10-15 жылға дейін созылады. Бұл кезеңде вирустың 
жұққанын қаннан оның антигенін немесе анти-АИВ-антиденені анықтап барып 
айқындауға болады. Алғашқы кезде қанда вирустың антигені күрт 
көбейгенімен, кейін, 6—8 аптадан соң, анти-АИВ-антидене түзіліп, оның 
мөлшері 
кеміп, 
сероконверсия
орын 
алады. 
Кейбір 
зерттеушілер 
сероконверсияны ЖИТС-тің тағы бір жеке кезеңі деп есептейді. 
Ауру инкубациялық кезеңінде көбіне біліне қоймайды, анда-санда ғана 
мононуклеоз тәрізді синдром байқалып, науқастың қызуы көтеріледі, бірқатар 
лимфалық түйіндер ұлғаяды, кейде энцефалит дамиды. Бірақ бұл сиңдром, 
әдетте бірнеше аптадан соң басылады. 
Екінші кезеңі — 
персистенциялы жалпы лимфаденопатия
кезеңінде
лимфалық түйіндердің бірқатар тобы тұрақты сипатта, бірнеше ай бойы 
ұлғаяды. Лимфаденопатия В-жасушалардың қарқынды бейспецификалы 


Нуржігіт Алтынбеков 
462
жауабына негізделіп, лимфалық түйіндердің фолликулдары (лимфалық 
фолликулдар мен оның ашық түсті орталықтары) ұлғаяды. Бұл кезеңнің мерзімі 
3-5 жылдай. 
 XXIII тәсім. ЖИТС-тің кезеңдері 
 
Жыл (15 шамасы) 
АИВ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   567   568   569   570   571   572   573   574   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет