Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет602/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   598   599   600   601   602   603   604   605   ...   832
Алғашқы сепсистік оба
сепсис тәрізді, инфект кірген жер айтарлықтай 
зақымдала қоймайды. Оның ағымы өте ауыр. 
Обаның диагнозын қою үшін аутопсия кезінде обалық таяқшаны 
міндетті 
түрде
бактериоскопиялық тәсілмен іздеп, кейін бактериологиялық тәсілмен 
сеуіп, айқындауға тырысу қажет. Сонымен бірге, диагноз биологиялық 
эксперимент, яғни мәйіттен алынған материалды жануарларға егу арқылы 
тиянақталуға тиісті (егер оба болса, жануарлар 3-6 тәуліктен соң геморрагиялы 
септицемиядан өледі). Мәйітті зерттегенде арнайы сақтану шаралары мұқият 
орындалуы шарт. 
Асқыну зардаптары.
Оба, әдетте өліммен аяқталады. Оның бубонды, тері-
бубонды немесе алғашқы сепсистік нысанымен сырқаттанғандар көбіне 
септицемиядан немесе қатты жүдеп, яғни 
обалық маразмнан
қаза болса, 
алғашқы өкпелік обамен ауырғандар интоксикациядан немесе өкпелік 
зардаптарынан өледі. 


Нуржігіт Алтынбеков 
483
ТУЛЯРЕМИЯ 
Туляремия
— бактериялық антропозооноздар тобына жататын, жедел немесе 
созылмалы ағымды, табиғи ошақты инфекциялық ауру. 
Этиологиясы
. Туляремияны 
Franciella
tularensis
қоздырады. Оны 1912 ж. 
Калифорниядағы Туляре көлінің жағасында Г. Мак-Кой мен Ч. Чепин ашқан-
ды; ауру сол көлдің атымен аталған. 
Эпидемиологиясы мен патогенезі
. Туляремиялық бактерияның резервуары 
— кеміргіштер тобы (көбіне су егеуқұйрығы, құндыз, жабайы ор қоян, тиын, 
дала тышқандары), олар мезгіл-мезгіл оба тәрізді эпидемияға ұшырап отырады. 
Туляремия жануарлардан тікелей жанаспа жолымен және ас-су немесе 
қансорғыш жәндіктер (кенелер) арқылы жұғады; оған ауру адамнан жұғу тән 
емес. Көбіне аңшылар арасында кәсіптік эпидемия ретінде кездеседі. Бірен-
саран байқалатын, яғни сирек нысаны да бар. Инкубациялық мерзімі 3—8 
тәулік. Туляремия мен обаның патогенезінде көп ұқсастық бар, сондықтан 
туляремияны «қатерсіз оба» деп те атайды. Қоздырушы кірген жерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   598   599   600   601   602   603   604   605   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет