Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет601/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   597   598   599   600   601   602   603   604   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
482
Обаның 
бөртпелері
: геморрагиялы және некрозды пустула, папула, эритема; 
ойық жаралар да қалыптасады. Сірі және шырышты қабықшаларда 
қанды
дақтар
байқалады. Лимфалық түйіндер гематогендік жолмен зақымдалса, 
салдарлық бубондар
түзіледі (ұйымалы-геморрагиялы, геморрагиялы-некрозды 
лимфаденит). 
Талақ
сепсистегідей өзгереді; тым ұлғайып (2-4 есе), жұмсарады, 
пульпасынан мол қырынды түсіп, некрозды ошақтар болады, оларды 
лейкоциттер жайлайды. 
Обалық салдарлық пневмония
өкпеге гематогендік жолмен түскен 
(эмболиялық) 
инфекциядан дамып, ошақты келеді. Өкпе ұйымалы-
геморрагиялы қабынып, қоңырлау қызыл түсті некрозды ошақтар қалыптасады; 
обалық таяқша орасан көп болады. Обалық салдарлық пневмониямен науқас 
адам инфекцияның ауа-тамшы арқылы жұғу көзіне айналып, обалық біріншілік 
пневмонияға бастау болады. Жүрек, бауыр, бүйрек сияқты паренхималы
мүшелерде дистрофиялық және некроздық үдерістер өрістейді. 
Тері-бубонды (терілік) обаның
бубонды обадан айырмашылығы бар. 
Бактерия кірген аймақта бубондармен қоса
алғашқы аффект
қалыптасады. 
Оның морфологиялық негізі — 
«обалық фликтена»
(ұйымалы-геморрагиялы 
күлдіреу) немесе 
обалық геморрагиялы карбункул
. Алғашқы аффекті мен 
бубонның арасын лимфангит жалғастырады. Карбункул дамыған жердің терісі 
су сіңіп ісініп, қатайып, қоңырлау қызыл реңденеді. Кескенде терінің барлық 
қабатына қан сіңіп, некрозды ошақтар пайда болғаны, олардың төңірегіне 
лейкоциттер шоғырланғаны көрінеді. Кейін карбункул ойық жараға айналады. 
Септицемия дамып, мүшелер тап бубонды обадағыдай өзгерістерге ұшырайды. 
Алғашқы өкпелік оба
өте жұқпалы. Даму мерзімі 2—3 күн. 
Бөліктік 
пневмония дамып, әдетте плевра да зақымдалып, 
плеврапневмония
өрістейді. 
Өкпенің кесіндісі бозғылт сары түсті, ал плеврит ұйымалы-геморрагиялы 
болады. Алғашқы кезде өкпенің тініне қан толып, альвеолаларға ұйымалы-
геморрагиялы экссудат жиналады. Кейін стаз, қанды және некрозды ошақтар 
пайда болып, ол жерлер іріңдейді. Уыты өте ауыр болып, ішкі мүшелерде, 
шырышты қабықшаларда, теріде қанды ошақтар байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   597   598   599   600   601   602   603   604   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет