Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет693/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   689   690   691   692   693   694   695   696   ...   832
Байланысты:
струков патан

Шараналық қабық
пен 
кіндіктік
бауға
меконий жұғып, сарғаяды, қағанақтағы сұйықтық азайып, ол да сарғыш 
тартады. Кіндіктік баудың тіні босаңсып, ирегі кемиді. 
Микроскоппен зерттегенде байқалатын басты үдеріс – 
дистрофия
. Ол 
трофобласт фибриноидты ісінуге ұшырап, ананың қанынан түкаралық 
кеңістікке фибрин көп шөксе айқын болады. Дистрофияның салдарынан ананың 
қаны хорионның түктеріне өтпей қалады. Түк топтары жойылып, плацентада 
ишемиялық
инфаркт
қалыптасып, өлексеге кальций тұздары шөгеді. Түктердің 
стромасында 
фиброз
өрістеп қан тамырларын дәнекер тін жайлайды. Ана мен 
шарана арасындағы заталмасулық үдерісті жақсарту үшін компенсациялық мәні 
бар 
синцитийлік бүршіктер
түзіледі. Бұл бүршіктер – көбейіп, хорион 
түктерінің бетіне жайғасқан, ядросы гиперхромды, цитоплазмасы ортақ 
трофобластылық синцитийлер шоғыры (302-сурет). Түктердің кейбірінде қан 
тамыры көбейеді, бұның да компенсациялық мәні бар. Амнионның эпителийін 
дистрофия шарпып, кейде некрозға ұласады, ал кіндіктік баудың мукоидты заты 
азайып, тамыраралық пердесіндегі дәнекер тін қалыңдайды.
302-сурет. Плацентаның жүктілік мерзіміне сәйкес өзгерістері. 
Бүрлерінің біразына гомогенді белок 
сіңген; көпядролы синцитийлік жасушалар бар. 
Қалыптасу кемістіктері 
Плацентаның қалыптасу кемістіктері
бластоциста дұрыс бекімегенде 
дамып, бластопатияларға жатады. Плацентаның кейде массасы мен көлемі, 


Нуржігіт Алтынбеков 
551
кескіні дұрыс қалыптаспайды немесе ол жатырдың қабырғасынан сыдырылып 
(бөлініп) қалады. 
Плацентаның массасы мен көлемдік кемістіктері
. Плацента мен 
шарананың қалыпты салмағы белгілі бір шамалық қатнастылықта болады, ол – 
плацента-нәрестелік коэффициент деп аталады. Жүктілік қалыпты болса, 
коэффициент 1\5–1\7, яғни 0,1–0,19 аралығынан аспауға тиісті. Сондықтан 
плацента шала қалыптасса (гипоплазия), шарана да шала жетіледі. Егіздің 
сыңары кейде плацентаның оны қоректендіретін бөлімі шала жетілгендіктен 
өледі. Плацента-нәрестелік коэффициент төмен болса, нәресте, әдетте 
гипоксияға ұшырайды. 
Плацента біркелкі ұлғайса (
гиперплазия
), хорионның әр түгінде 4–6 қан 
тамырының орнына 25–50, тіпті одан да көп қан тамыры болады, ангиоматоз 
байқалып, котиледондар ұлғаяды. Ангиоматоз бен синцитийлік бүршіктер – 
компенсациялық мәні бар үдерістер. Плацентаның массасы өз бөліктері 
көбейгендіктен ғана емес, түктері су сіңіп ісініп, стромасында склероз өрістеп, 
құрамында фибрин көбейгендіктен артады. Бұл үдерістер жүкті әйел гемолиздік 
ауруға, диабетке, жүктілік токсикозына, т.б. ауруларға ұшыраса да дамып, 
көбіне компенсациялық үдерістерге қосарланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   689   690   691   692   693   694   695   696   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет