Плацента пішінінің шаранаға және жүктілік пен босану кезеңдерінің барысына кеселді кемістіктері. Бұл топқа буылтық жиекті плацента
(
pl.circumvallata ) мен кемерлі (
pl. marginata ) плацента жатады. Олардың
этиологиясы әлі белгісіз. Плацента буылтық жиекті болып, бластоцистаның
жарты беті ғана бекігенде қалыптасады; шаранаға әсері ауыр.
Микроскопиялық тәсілмен зерттегенде кемерлі плацентаның (
pl. marginata )
шараналық бетінің жиегінен ақшыл түсті сақина байқалса, буылтық жиекті
(
pl.circumvallata ) сақина жалпақтау болып, шараналық бетінің жиегі
буылтықтанып, дөңестеу келеді. Шараналық қабық кемер мен буылтықтың
ішкі бетінен басталады. Микроскоппен зерттегенде буылтықтың құрамынан
некрозды түктер мен фибрин сіңіп, гиолинозға ұшыраған децидуалық тінді
көреміз. Буылтықты плацентадан жүкті кезде қан кетеді, көбінесе шарана ерте
кезеңде немесе өлі туады.
Плацента пішінінің шаранаға және жүктілік пен босану кезеңдерінің барысына кеселсіз кемістіктері. Бұл топқа тесік плацента (
pl. fenestrata ) мен
қосбөлікті плацента (
pl. bipartiata ), т.с.с. жатады.
Плацентаның қалыптасқан орнына байланысты кемістіктер . Бұл топқа
жатыр мойнының
ішкі жиегіне жуық (pl. praevia margіnalis) немесе
орталығында (pl.previa centtalis) жайғасқан плацента жатады. Бластопатияның
бұл нысандары бластоциста жатырдың төменгі сегментіне бекігендіктен
дамиды. Бластоцистаның бұлай беку себебі белгісіз; көбіне көпұрықты жүктілік
пен көп бала туған әйелдерде байқалады. Плацентаның қалыптасу орны дұрыс
болмаса, оның пішіні де дұрыс қалыпты болмайды, сөйтіп ол көбінесе тесік,
қос- және көпбөлікті, ж.б. пішінді келеді. Микроскоппен зерттегенде
плацентаның дұрыс жайғаспаған жерлерінен көбіне некрозды және қабынған
ошақтарды көреміз.