Нуржігіт Алтынбеков
555
Инфекция плацентаға
қағанақ суы ерте кетіп
, сусыз құрғақ кезеңі ұзаққа
созылғанда, көбінесе
өрлеме
жолмен жетеді. Кейде ананың қанындағы
инфекция децидуалық қабықшадағы артериялар арқылы,
гематогендік
жолмен
жұғады.
Бала жолдасында қабыну үдерісі өрбігендігінің басты белгісі –
ондағы
лейкоциттер шоғыры (303-сурет). Лейкоциттер қабынған жерге ананың немесе
шарананың қанынан шығып, шоғырланады. Лейкоциттер шоғырланып қана
қоймай, қанның ағысы бұзылып, альтерация мен пролиферация өрістейді.
303-сурет. Ана вирус-бактериялық пневмониямен ауырғанда дамыған базал децидуит.
Лейкоциттер
шоғыры өте көп (И.О. Хариттің препараты).
Қабыну үдерісі
вирустық
инфекциялардан
туындаса,
негізінен лимфоциттер
шоғырланып, децидуалық, синцитийлік жасушалар мен амниондық жасушалар
сол инфекцияның әсеріне сәйкес өзгереді. Мысалы, аденовирустық
инфекцияның әсерінен гиперхромды алып жасушалар түзілсе, цитомегалиядан
– қосымша затты цитомегалиялық жасушалар, жай герпестен –
ядросында
базофилді және эозинофилді қосымша заттар бар жасушалар пайда болады, ал
жел шешектен некрозды ошақтар қалыптасады.
Іріңдеткіш
бактериялар
, әдетте ұйымалы-іріңді немесе іріңді қабыну өрбітіп,
кейде флегмона немесе абсцесс дамытады.
Листериоз
кезінде лейкоциттер мен
гистиоциттер шоғырланып (304-сурет), плацентаның түктеріндегі строма су
сіңіп ісінеді, эндоартериит, тромбылы флебит дамиды,
кейде листериомалар
түзіліп, онда шамалап, листерийлер болады.
Туберкулезден
плацентада
казеозды, эпителиоид-жасушалы және алып жасушалы ошақтар қалыптасып,
көбіне базал табақша зақымдалады.
Сифилистен
плацента су сіңіп ісінеді,
котиледондары ұлғайып, массасы өседі және түктерінің стромасында фиброз
өрістеп, облитерациялы эндартериит дамиды, некрозды ошақтар пайда болады.
Бұл
спецификалық өзгерістер емес, сондықтан сифилисті нақты анықтау үшін
трепонемалар табылуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: