Нуржігіт Алтынбеков
551
кескіні дұрыс қалыптаспайды немесе ол жатырдың қабырғасынан сыдырылып
(бөлініп) қалады.
Плацентаның массасы мен көлемдік кемістіктері
. Плацента мен
шарананың қалыпты салмағы белгілі бір шамалық қатнастылықта болады, ол –
плацента-нәрестелік коэффициент деп аталады. Жүктілік қалыпты болса,
коэффициент 1\5–1\7, яғни 0,1–0,19 аралығынан аспауға тиісті. Сондықтан
плацента шала қалыптасса (гипоплазия), шарана да шала жетіледі. Егіздің
сыңары кейде плацентаның оны қоректендіретін бөлімі шала жетілгендіктен
өледі. Плацента-нәрестелік коэффициент төмен болса, нәресте, әдетте
гипоксияға ұшырайды.
Плацента біркелкі ұлғайса (
гиперплазия
), хорионның әр түгінде 4–6 қан
тамырының орнына 25–50, тіпті одан да көп қан тамыры болады, ангиоматоз
байқалып, котиледондар ұлғаяды. Ангиоматоз бен синцитийлік бүршіктер –
компенсациялық мәні бар үдерістер. Плацентаның массасы өз бөліктері
көбейгендіктен ғана емес, түктері су сіңіп ісініп, стромасында склероз өрістеп,
құрамында фибрин көбейгендіктен артады. Бұл үдерістер жүкті әйел гемолиздік
ауруға, диабетке, жүктілік токсикозына, т.б. ауруларға ұшыраса да дамып,
көбіне компенсациялық үдерістерге қосарланады.
Достарыңызбен бөлісу: