Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Кіндіктік баудың плацентадағы орнынан ауытқуы



Pdf көрінісі
бет696/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   692   693   694   695   696   697   698   699   ...   832
Байланысты:
струков патан

Кіндіктік баудың плацентадағы орнынан ауытқуы
. Кіндіктік бау 
плацентаның 
орталығына

эксцентрлі

жиегіне
немесе 
қабығына
бекиді

Қабыққа бекіген кіндіктік баудың ғана патологиялық мәні бар. Бұл аномалия 
бластоциста эмбриобластысыз жағымен бекігенде дамиды. Кіндіктік бау 
қабықтың плацентадан жырақтау жеріне бекіп, қан тамырлары Бартон іркілдегі 
тәрізді, шамалы ғана босаң дәнекер тінмен қоршалып, амнион мен хорионның 
арасы арқылы өтеді. Бұл тамырларды нәрестенің дене мүшелері, қағанақтағы су 
қысып қалуы мүмкін немесе туу кезеңінде жыртылып, қағанақтан қан кетуіне 
себеп болады. 
Кіндіктік тамырлардың кемістіктері
. Көбіне кіндіктік баудағы қос 
артерияның
бірі шала жетіледі
(
аплазия
). Бұл кемістікпен бірге шарана мен 
плацентада басқа да бірқатар кемістіктер байқалып, шарана, әдетте өлі туады. 
Саруыз өзекшесі ұзақ сақталса (персистенция
), 
кіндік-ішекаралық жыланкөз



Нуржігіт Алтынбеков 
553
киста
немесе 
Миккель
дивертикулы
қалыптасады, ал 
урахус ұзақ сақталса

кіндік-қуықаралық жыланкөз
бен 
урахустық кисталар
пайда болады. 
Амнионның қалыптасу кемістіктері
: қағанақтағы су азайып немесе 
көбейеді; амнионда бірікпелер қалыптасып, бунақтар пайда болады немесе 
амнионның қабықшасы шала жетіледі. Қағанақтағы су жүкті ананың қан 
тамырларынан бөлінген және амнионның эпителийі түзген сұйықтықтан 
құралатыны белгілі. Бұл суды түзуге шарананың онша қатысы жоқ сияқты. 
Қағанақ суы шарананың денесі, асқорыту жолы мен өкпесі арқылы және 
плацента мен оның қабықшаларының шараналық беті арқылы сорылады. 
Шарана туар кезде қағанақта 600

+
10 мл су болады. Жүктіліктің алғашқы 
кезеңінде бұл су мөлдір болса, шарананың денесінен қасаңданып, түлеген 
ақшыл түсті эпителий, несеп қышқылды тұздар мен май тамшылары және 
шарананың түгі араласып, кейін лайсаң тартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   692   693   694   695   696   697   698   699   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет