Нуржігіт Алтынбеков
553
киста
немесе
Миккель
дивертикулы
қалыптасады, ал
урахус ұзақ сақталса
,
кіндік-қуықаралық жыланкөз
бен
урахустық кисталар
пайда болады.
Амнионның қалыптасу кемістіктері
: қағанақтағы су азайып немесе
көбейеді; амнионда бірікпелер қалыптасып, бунақтар пайда болады немесе
амнионның қабықшасы шала жетіледі. Қағанақтағы су жүкті ананың қан
тамырларынан бөлінген және амнионның эпителийі түзген сұйықтықтан
құралатыны белгілі. Бұл суды түзуге шарананың онша қатысы жоқ сияқты.
Қағанақ суы шарананың денесі, асқорыту жолы мен өкпесі арқылы және
плацента мен оның қабықшаларының шараналық беті арқылы сорылады.
Шарана туар кезде қағанақта 600
–
+
10 мл су болады. Жүктіліктің алғашқы
кезеңінде бұл су мөлдір болса, шарананың денесінен қасаңданып, түлеген
ақшыл түсті эпителий, несеп қышқылды тұздар мен май тамшылары және
шарананың түгі араласып, кейін лайсаң тартады.
Достарыңызбен бөлісу: