Нуржігіт Алтынбеков
556
Этиологиясы
алуан түрлі. Плацентаның жеткіліксіздігі
ана организмінің
гендік ерекшелігінен, экстрагениталдық әсерден, асқынған жүктілік
кезінде
және осы себептердің сабақтас әсерінен дамиды.
Патогенезі
. Плацентаның жеткіліксіздігі ұрық немесе (және) плацента дұрыс
бекімегенде, плацентаның өзі немесе оның қан тамырлары дұрыс
қалыптаспағанда, хорионның түктері дұрыс жетілмегенде байқалады.
Плацентаның жеткіліксіздігі
жедел және созылмалы болады. Ол
жедел
ағымды
болса, жатыр-плацентааралық
қанайналым мына себептерден
бұзылады: плацента ерте сыдырылғандықтан, түкаралық кеңістіктер
қабысқандықтан және плацента жатыр мойнында жатқандықтан.
Плацента
жеткіліксіздігі
созылмалы
болса, қанайналымы бұзылып қана қоймай, түкті
хорионда дисэмбриогенез байқалып, оның құрамында қалыпты құрылымдармен
қатар, компенсациялық-бейімделулік үдерістер орын алады,
кіндіктік бау
орнынан ауытқиды және қабыну үдерісі өрістейді (Федорова М.В. және
Калашникова Е.П., 1986).
Плацентаның жеткіліксіздігінен нәрестенің 57,8%-ы өлі туады.
Плацента жеткіліксіздігі қанайналымының бұзылу аумағына қарай, бірнеше
дәрежеге бөлінеді. Қан ағысы плацента көлемінің 10%-ында тоқтаса,
шарананың
өміріне қауіп туып, 30%-ында тоқтаса, ол өмір сүрмейді.
Плацентаның жедел жеткіліксіздігі шарананы өлімге ұшыратады, ал оның
созылмалы жеткіліксіздігінен нәресте әлжуаз болып немесе шала жетіліп туады.
Сөйтіп, шала туған немесе жаңа туған нәрестеде асфиксия байқалады.