Нуржігіт Алтынбеков
559
денелер еніп, ауа жүруіне кедергі болады. Сөйтіп, интранаталдық кезеңде қанда
көмір қышқылы көбейіп, шарананың тынысалу орталығы тітіркеніп, оның
тынысалу әрекеті ананың жыныстық жолында басталады. Шарана жыныстық
жолда терең тыныс алғандықтан, ондағы заттар мен қағанақтық сұйықтық
тынысалу жолына өтіп (аспирация), бронхылар мен өкпенің респирациялық
бөлімдеріне дейін жайылып, газ алмасу үдерісіне кедергі туындайды. Тынысалу
жолына бөгде денелерді көбіне толық жетілген шарана тартып алады; олардың
тынысалу орталығы гипоксияға сезімтал келеді.
Сонымен, туғаннан кейін нәрестенің дұрыс тыныс алмауының бір себебі –
құрсақтағы асфиксия. Құрсақта асфиксияға ұшырамаған нәрестенің де
тынысалуы кейде дұрыс болмайды; пневмопатия немесе аспирациялық
пневмония сияқты өкпедегі үдерістер себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: