Жаңа туғандардың геморрагиялық ауруы – нәрестенің сыртқы және ішкі
мүшелері қанталайтын клиника-морфологиялық синдром; нәресте туысымен
дамиды. Қанды ошақтың көлемі әртүрлі
׃
қанды дақтар кейде тері мен
шырышты қабықшаларда ғана болса, енді бірде, ішкі мүшелер түгел қанталап,
нәрестені өлімге ұшыратады.
Этиологиясы мен патогенезі. Бұл синдром тұқымқуалайтын факторлардан
және жүкті әйел немесе баласын емізіп жүрген ананың ішкен дәрі-
дәрмектерінің әсерінен, жаңа туғандардың инфекциялық сырқатынан, т.б. да
экзогендік факторлардан дамиды. Ал оның даму механизмдері мынадай
׃
1)
коагулопатия – плазмадағы қанды ұйытатын факторлар өзгереді; 2)
тромбоцитпатия –
қан жасайтын жүйедегі тромбоцит түзетін бастама
зақымдалады; 3)
ангиопатия – қан тамырларының қабырғасы өзгереді.
Жаңа туғандарда, әсіресе шала туғандарда қалыпты жағдайдың өзінде
фибриноген, протромбин және V, VII, VIII, IX, X, XII, XIII факторлар мен
тромбоцит аз, ал дәнекер тіннің негізгі заты босаң, эластикалық талшықтары да
аз болып, гиповитоминоз К байқалады, сондықтан қан тамырларының
өткізгіштігі артады. Дегенмен, жаңа туған нәресте қоршаған ортаға
бейімделгіш; әдетте оның тіндері қанамайды, қан тек қосымша кеселді әсерден
ғана кетеді.
Геморрагиялық ауруға жаңа туғандардың 1–3%-ы шалдығады. Ол шала
туғандарда жиірек байқалады. Әдетте, туғанан соң, алғашқы 3 тәулікте
кіндіктік баудың қалдығынан қан кетіп, нәресте қан құсады (
haematemesis ),
ішектен кеткен қан нәжіске араласады (
мелена ),
гематурия байқалып,
қан түкіреді, тері мен
шырышты қабықшаларда және
ішкі мүшелерде қанды дақтар пайда болады.