Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет769/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   765   766   767   768   769   770   771   772   ...   832
Патологиялық
анатомиясы
. Әдетте, кеңсіріктің, көмейдің, кеңірдектің 
шырышты және шырышасты қабаттары семіп, шорланады. Кремний қос тотығы 
көбейіп (өкпенің құрғақ қалдығының құрамындағы қалыпты мөлшері 0,04-
0,73% болса, силикоз кезінде — 4,7-12,35%), склероз жайлағандықтан, өкпе 
қатайып, ұлғаяды. Өкпелік силикоздың 2 негізгі нысаны бар: түйіншекті және 
диффузды-склерозды (интерстицийлік). 
Силикоздың 
түйіншекті нысанымен
сырқаттардың өкпесінде дөңгелек 
немесе сопақша пішінді, немесе басқа бітімді, түсі сұр, немесе қара сұр, көлемі 
тарыдай ғана (милиарлық), немесе одан ірірек склероздық түйіншектер мен 
түйіндер пайда болады (338-сурет). Ауру ауыр ағымды болса, силикоздық 
түйіншектер бірігіп, ірі түйіндерге айналып, өкпе бөлімдерінің басым бөлігін, 
тіпті оларды түгел жайлап кетеді. Өкпе силикозының бұл нысаны 
ісіктәрізді
силикоз
деп аталады (339-сурет). Аурудың түйіншекті нысаны құрамында еркін 
кремний қос тотығы тым көп шаң ұзақ уақыт әсер еткенде дамиды.
338-сурет. Силикоз. 
Өкпедегі силикоздық түйіншектер мен түйнектер.
339-сурет. Өкпе силикозының ісіктәрізді нысаны. 
Силикоздың 
диффузды
-
склерозды
 
нысанымен
сырқаттардың өкпесінде 
силикозға тән түйіншектер мүлде болмайды немесе өте аз болады; олар, әдетте 
бифуркациялық түйіндерде көбірек қалыптасады. Аурудың бұл нысаны 
құрамында еркін кремний қос тотығы аз өндірістік шаңның әсерінен дамиды. 
Соңғы жылдары өндірістік ортадағы шаңды азайтуға бағытталған шаралардың 
нәтижесінде осы диффузды-склерозды силикоз жиірек байқалатын болды. 
Өкпеде дәнекер тіннің жұқа жолақтары көбейіп, бронхылар мен қан 
тамырларының маңы шорланады. Дәнекер тін альвеолааралық перделерді және 
бронхылар мен қан тамырларының айналасын да жайлайды. Эмфизема кең 
өрістеп, бронхылардың сиқы бұзылып, саңылауының кей жерлері тарылып, енді 
бір жерлері кеңіп, 
бронхэктаздар
қалыптасып, түрлі нысанды (көбіне катарлы-
десквамациялы, енді бірде іріңді) бронхиолит, бронхит байқалады. Өкпеде 
силикоздың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   765   766   767   768   769   770   771   772   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет