Нуржігіт Алтынбеков
606
коллаген талшықтарының құрамына да кіреді.
Иммунологиялық теория
бойынша, кремний қос тотығының әсерінен тіндер мен жасушалар
зақымдалғанда
аутоантигендер пайда болып, организм
аутоиммунданады
.
Антигендер мен антиденелер әрекеттескенде түзілген
иммундық кешендер
өкпедегі дәнекер тінге патогенді әсер етіп, ақырында силикоздық түйіншектер
қалыптасады. Дегенмен, тек силикозға тән антиденелер әлі табылған жоқ.
Кварц шаңы алдымен өкпедегі макрофагтарды зақымдайды. Макрофагтың
цитоплазмасына сіңген кварц шаңы фаголизосоманың мембранасын бүлдіріп,
ішіне
кіріп,
өткізгіштігін
арттырады.
Мембранасының
өткізгіштігі
артқандықтан, фаголизосомадан цитоплазмаға
гидролиздік ферменттер
құйылып, макрофагтың өзін ерітіп, жойып жібереді. Бұл теория бойынша,
өлген
кониофагтардың
өнімінің
әсерінен
фибробластылар
жанданып
, силикоздық
фиброз сол негізде өрістейді.
Достарыңызбен бөлісу: