Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет772/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   768   769   770   771   772   773   774   775   ...   832
Патологиялық анатомиясы
. Мәйітті зерттегенде көбінесе катарлы-
десквамациялы, кейде іріңді бронхит пен бронэктаздар байқалады. 
Бронхылардың шырышты қабықшасы гиперплазияға ұшырап, шеміршектерін 
дистрофия мен кальциноз шарпиды. Бронхылардың жиі зақымдалу себебі 
асбест бөлшектерінің пішінімен байланысты сияқты, өйткені ұзын әрі істік 
ұшты талшықтар бронхылар мен бронхиолалардың қабырғасын жарақаттап, 
шырышты қабықшасын үнемі тітіркендіріп тұрады. Плевра қалыңдап, кеуде 
қуысында ауқымды 
плевралық бірікпелер
қалыптасады. Бөлікшелерінің арасын, 
альвеолааралық перделерді, бронхылар мен қан тамырларының айналасын 
дәнекер тін жайлап, 
өкпенің
тіні қатаяды. Бірақ асбестозға шалдыққандардың 
өкпесінде силикоздағыдай айқын шектелген түйіншектер мен түйіндер 
қалыптаспайды. Дәнекер тін өскен жерлерге гистиоциттер мен лимфоциттер 
шоғырланады. Асбестозға асбестілік денешіктер тән. Бұл денешік — түсі 
ақшыл немесе қоңыр сары, көлемі мен кескіні әртүрлі, ұзындығы 15-150 нм, 
жуандығы 1-5 нм, ұшы доғал, көпсегментті бунақталған құрылым (342-сурет). 
Асбестоз ауыр әсерлі болса, аралық тінді склероз жайлап, альвеолалардың 
саңылауы әзер көрінеді немесе мүлде бітеліп қалады.
342-сурет. Өкпедегі асбестілік денешіктер:
а, б — денешіктердің пішіні әртүрлі.
 
Кеңірдектің бифуркациясы мен өкпенің түбіріндегі 
лимфалық түйіндерге
шаң көп жиналады, олар ұлғайыңқырап, қатаяды, ретикула-эндотелийлік 
жасушалар көбейіп, ошақты немесе диффузды склероз өрістейді, бірақ 
түйіншектер болмайды. Асбестпен жұмыс істегендердің саусақтары мен 
бақайларында, алақаны мен табанында гиперкератоз және акантоз дамып, 


Нуржігіт Алтынбеков 
609
асбестілік
сүйелдер
қалыптасады. Сүйелдің қасаңданған жерінде асбестінің 
талшықты кристалдары, ал эпидермистің тікенекті және төменгі қабатында 
бөліну шүйкесі бар жасушалар мен бөгде денелік көпядролы алып жасушалар 
болады. 
Асбестозбен сырқаттардың 
өліміне
көбінесе пневмония немесе эмфиземаның, 
туберкулездің салдарынан дамыған өкпе-жүрек қызметінің жеткіліксіздігі себеп 
болады. Асбестозға туберкулез қосарланса, 
асбест
-
туберкулез
деп аталады. 
Асбестоздан өлгендердің біразынан 
мезотелиома
мен 
өкпе
карциномасы
анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   768   769   770   771   772   773   774   775   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет