Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет13/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
Биполярлы нейрондар –фоторецепторлы және ганглионарлы нейрондармен 
байланысады. 
Ганглионарлы нейрондар- көздің торлы қабығындағы ең ірі нейрон. Аксондары 
ұзын, миллиондаған аксондары жиналып нерв талшықтар қабатын түзіп, көру 
нервіне айналады. 
Сонымен қатар горизонтальды байланыс құратын: горизонтальды және амакринді 
жасушалар болады. 
Горизонтальды -1-2 қатар болып орналасады. Дендриттері фоторецепторлы
нейрондардың аксондарымен байланысады. Тітіркену реа кциялары бұл нейрондарда
уақытша блокада жасайды, нәтижесінде көру қабілеттілігін күшейтеді.
Амакринді- аксондары болмайды, синапстары химиялық және электрлік болады.
Фоторецепторлы нейрондардан құрылады (таяқша және сауытша тәрізді).
Таяқша нейрондардың құрамындағы родопсин- опсин белогі мен “А”витамині 
ретинальдан тұрады. Егер ағзаға А”витамині жетіспесе ымырт көру қабілетсіздігі
дамиды . 
Адамда таяқша нейрондардың саны 130 млн -дай. Таяқшалардың орналасуы көп 
жағдайда торқабықтың шеткі бөлімдерінде. 
Ал сауытша тәрізді нейрондардың сыртқы сегментіндегі дискілері нейрондардың 
мембранасымен байланысқан (тұйық емес) ішкі сегментінде элипсоид - деген 
көптеген май тамшылары мен митохондриялар болады. Адамда сауытша тәрізді
нейрондардың саны 6-7 млн. 
Бұлар заттың күндізгі кездегі түсін анықтайды. Құрамындағы пигмент иодопсин 
жарықта белок пен ретинальға ыдырайды.
Торлы қабықтың құрылым құрамбөлiктерiне нейрондар, бояутектi эпителий, 
нейроглия және тамырлар жатады. 
Торлы қабықтың нейрондары сәуле тәрізді тарамданып, үш мүшелі тізбек құрып, бір -
бірімен түйіспе арқылы байланысып, нейросезгіш (фотоқабылдағыш), биполярлы 
(байланыстырушы), ганглионды (түйіндік) деп аталады. Олардан басқа тағы екі түрлі 
нейрондар болады. Нейросезгіш пен биполярлы нейрондардың байланысын-
горизонталды жасушалар, ал биполярлы мен ганглионды нейрондар байланысын -
амакринді жасушалар қамтамасыз етеді.
Торлы қабықтың қабаттары тәртіппен орналасқан нейрондардан тұрады. Олардың 
ядролы бөлiмшелерi ядролық және түйiндiк қабаттарды құрады, түйiспе байланысы 
бар аймақтары торлы қабаттарды түзедi
Торлы қабықта 10 қабат (сыртынан iшiне қарай) ажыратады:
бояутектi эпителий - ең сыртқы қабаты, тамырлы қабық тақташасымен тығыз 
байланысып, торлы қабықтың басқа қабаттарымен б айланыспайды. Бұл ерекшелiктiң 
клиникада маңызы зор, себебi торлы қабықтың әртүрлi ауытқуда бояутектi 
эпителийден бөлiнетінін, ал ол фотосезгiш қабаттың жоюылуына жеткiзетiнін 
көрсетеді. Бояутектi эпителий куб (торлы қабық шетiнде) және призма тәрiздi 
(ортасында) жасушалардан құралған, ядросы негiзгi бетiнде орналасады, түзу, 
лизосома аппараттары жақсы дамыған, митохондрийi, меланин түйiршiктерi көп 
болады. 
Бояутекті эпителий мына қызметтердi атқарады: оның қайта қалпына келуi үшін 
фотоқабылдағышқа А витаминiн жинайды және тасымалдайды; фотоқабылдағыштар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет