Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет12/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
Диоптрикалық аппарат – мөлдір қабық, көз бұршағы, шыны тәрізді дене, көздің 
алдыңғы және артқы камераларындағы сұйықтық жатады.
Қасаң қабық – көзге жарықты өткізіп, сындыратын қорғаныш қызмет атқаратын, 
фиброзды қабықтың 1/16 бөлігін құрайтын, өте жоғары оптикалық гомогенді қасиетке 
ие қабық б.т. Оның 5 қабатын ажыратады: алдыңғы көп қабатты жалпақ эпителиі, 
алдыңғы шектеушілік мембрана, қасаң қабықтың меншікті заты, артқы шектеушілік 
мембранасы мен артқы эпителий жатады. Ең негізгі және қалың қасаң қабықтың 
меншікті заты, құрамында коллаген талшықтары мен өсінділі фибробласттар бар.
Көз бұршағы – екі бүйірі дөңес, мөлдір дене, пішіні өзгермелі. Көз аккомодациялық 
кезеңінде алысты жақындатады немесе керісінше. Сыртынан мөлдір капсуламен 
қоршалған. Капсула астында бір қабатты көз бұршағының эпителийі орналасады. Көз 
бұршағының құрамында мөлдір ақуыз – кристаллин болады. 
Шыны тәріздес дене – көз бұршағы мен торлы қабықтың арасында орналасқан 
мөлдір, желатин тәрізді зат. Құрылысы: тор тәріздес, құрамында витреин ақуызы мен 
гиалурон қышқылы болады. Жарықты сындыру көрсеткіш 1,33тең.
Көздің аккомодациялық аппараты Нұрлы қабық – дискі тәріздес, ортасында 
құбылмалы тесігі қарашығы бар қабық. Нұрлы қабық қан тамырлы қабық пен көздің 
торлы қабығының туындысы болып табылады. Құрамында борпылдақ талшықты 
дәнекер тіні мен көптеген пигментоциттері, миоциттер болады.
1. алдыңғы эпителий 2. сыртқы шектеушілік 3. қан тамырлы қабат 4. ішкі 
шектеушілік қабат 5. пигментті жасушалар қабаты.
Кірпікшелі дене – көздің қан тамырлы және торлы қабықтарының туындысы болып 
саналады. Қызметі: көз бұршағының бағытын реттеп және өзгертушілік, 
аккомодациялық қызметін атқарады. Құрамында цилиарлы дене пішіні үш бұрыш 
тәрізді болып келген, екі бөліктен тұрады: ішкі – цилиарлы тәж, сыртқысы – 
цилиарлы сақина. Кірпікшелі дене – көздің қан тамырлы және торлы қабықтарының 
туындысы болып саналады. Қызметі: көз бұршағының бағытын реттеп және 
өзгертушілік, аккомодациялық қызметін атқарады. Құрамында цилиарлы дене пішіні 
үш бұрыш тәрізді болып келген, екі бөліктен тұрады: ішкі – цилиарлы тәж, сыртқысы 
– цилиарлы сақина. 
Қан тамырлы қабық (хориодея) – қоректік, көз қысымын, жылулығын реттеу
қызметін атқарады. Қабаттары: қан тамырлар үсті, қан тамырлар, капиллярлы
пластинка және базальді комплекс. Базальді комплекс – Бруха мембранасы өте 
жұқа(1- 4мкм) , қан тамырлы қабат пен пигментті қабаттың арасында орна ласады. 
12. Көздің торқабығының нейрондық құрамы мен глиоциттері және олардың 
морфофункциялық сипаттамасы. Торқабықтың таяқша және сауытша нейрондарының 
құрылысы. Көру нерві дискісінің орталық шұңқыршасының құрылысы. Торқабықтың 
пигментті эпителийі, құрылысы және маңызы. Көз алмасының қанмен қамтамасыз 
етілу ерекшеліктері. Көзішілік сұйықтық айналымының морфологиялық негіздері. 
Жасқа байланысты ерекшеліктер. 
Көздің рецепторлы аппараты 
Торлы қабық – құрамында сыртқы пигментті және ішкі сезімтал нервтер тізбе гінен 
тұратын қабаттары бар. 3 түрлі нейрондар тізбегінен тұрады: фоторецепторлы, 
биполярлы, ганглионарлы нейрондар.
Фоторецепторлы нейрондар – таяқша және сауытша тәрізді болып жіктеледі. Таяқша 
нейрондар – кешкі кезеңдегі рецепторлар, ал сауытша тәрізд і нейрондар – күндізгі 
мезгілдің рецепторлары. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет