Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет14/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
сыртқы сегментiнiң ұштары әртүрлi заттарды жұтып, қорытады; торлы қабықтың 
сырт қабаттары қоректi затты тамырлы қабық хориоқылтамырлар қабатынан 
диффузия жолымен таңдап, қамтамасыз етедi; жарықты сiңiру, меланиндердi түзу 
және өсiндiлерге ауыстыру арқылы қабылдағыштарды артық жарық түсуiнен 
қорғайды. Жарықта меланин түйiршiгi жасуша денесiнен фотоқабылдағыштар дың 
сыртқы сегменттерiн қоршап жатқан өсiндiлеріне ауысады, ол көз сезiмталдығын 
төмендетiп, көру қабылеттiлiгiн арттырады. Қараңғыда меланин түйiршiктерi 
өсiндiден жасуша денесiне қайта қайтады, сондықтан көз сезiмталдығы артып, көру 
қабылеттiлiгi төмендейдi. 
Бояутектi эпителий қабатының астында жарық сезiмталдығы бар нейросезгiш таяқша 
және сауытша тәрiздi көру жасушалары жатады. Олар түрі өзгерген биполярлы 
нейрондар, бояутектi эпителийге бағытталған дендриттерi таяқшалар және 
сауытшалар қабатын құрады. 
Таяқша жасушалар (cellula optica bacilliformis) -өте жоғары сезiмтал, ымырттағы 
жарықты қабылдайды, сауытша (cellula optima coniformis) - түрлi түстi күндiзгi 
жарықты қабылдайтын жасушалар. Сауытша тек күндiз көретін кемiрушiлер, тауық 
және көгөршiндердің торлы қабығында, түнде көретiн жапалақта негiзiнен таяқша 
жасушалар болады; 
таяқшалар, сауытшалар қабаты - фотоқабылдағыш жасушалардың шеткi өсiндiлерiнен 
тұрады. Кейінгiлер сыртқы (segmentum externum), iшкi (segmentum internum) 
сегменттерден тұрады. Таяқша жасушаның сыртқы сегментi жұқа, ұзын, цилиндр 
тәрiздi, сауытшада ол қысқа, конус тәрiздi болады. Iшкi сегмент пiшiнi, көлемiмен 
ерекшеленедi, сауытшада ол қалың болады. Сауытшаның үш түрiн ажыратады, 
олардың әр қайсысында түрлi қызыл, жасыл, көк көру бояу тегiнiң бiреуi ғана болады. 
Iшкi сегментте негiзгi тұрақты қосындылар кездеседi. Екi сегменттiң қосылған жерiн -
аяғы деп атайды. Аяқ электронды микроскопта кiрпiкше тәрiздi болып, 9 жұп 
талшықтардан тұрады, орталық жұбы болмайды. Таяқша, сауытша сыртқы 
сегментерiнде кездесетiн көп тегерiштерде көру бояутектерi сақталады. 
Тегерiштердiң ара қашықтығы бiрдей, орташа 30 нм тең. Олардың саны әр түрлi 
омыртқалыларда өзгермелi, бақада 1000 -1500, бұқада-200 болады. Омыртқалалардың 
таяқша жасушаларында опсин белогiн, А витаминiнің альдегидiн–ретиналды 
сақтайтын көру бояутегi - родопсин жақсы зерделенген. А витаминiнің жетiмсiздiгi 
көздің көру қабылетiн төмендетiп, «ақшам соқырлығына» жеткiзедi. Сауытшада 
иодопсин көру бояутегi бары анықталды. Түстi ажыратпаушылық сауы тша 
жасушаның бiреуi немесе бiрнеше түрiнiң жоқтығымен баяндалады;
сыртқы шекаралық қабат (stratum limitans externum) - фотосезгiш қабатты сыртқы 
түйiршiктi (ядролы) қабаттан бөлетiн қоңыр жолақ болып келеді. Мюллер (глия) 
жасушасының сыртқы өсiндiлерi тармақталуынан құрылады. Бұл өсiндiлер 
фотоқабылдағыш жасушаларымен байланысады; 
сыртқы түйiршiктi (ядролы) қабат (stratum nucleare externum) - таяқша және сауытша 
жасушалар (нейросезгiш жасушалары) денелерiнен, олардың домалақ ядроларынан 
тұрады; 
сыртқы торлы қабат (stratum plexiforme externum) - таяқша, сауытша жасушалардың 
iшкi сегменттерiнің биполярлы, горизонталды (көлденеңдi) жасушалар 
дендриттерiмен байланысуынан түзiледi; 
iшкi түйiршiктi (ядролы) қабат (stratum nucleare internum) - биполярлы, амакриндi, 
горизонталды, мюллер жасушалары ядроларынан құралған;
iшкi торлы қабат (stratum plexiforme internum) - биполярлы, түйiндi, амакриндi 
жасушалар арасында түйiспе түзiлуiнен пайда болады;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет