Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет9/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
бұл жүйе ішкі және сыртқы ортаның анализаторлары болып , ағзаның белгілі бір жағдайларға 
бейімделуін де қамтамасыз етеді . 
Ағзадағы анализаторлар үш бөлікке бөлінеді . Олар шеткі ( рецепторлы ) , аралық және орталық .
Шеткі бөлігіне құрамында арнайы рецепторлы жасушалары бар мүшелер жатады . Бұлар : 
механорецепторлар ( есту , тепе - теңдік сақтау , тері сезу , барорецепторлар ) , хеморецепторлар ( 
дәм сезу , иіс сезу , қан тамырлар құрамындағы интеррецехторлар ) , Фоторецеrrторлар ( көздің 
торлы қабығы ) , жарықты қабылдаса , ал терморецепторлар ( тері мен ішкі мүшелердегі ) , 
ауырғанды сезетін рецепторлар болып табылады .
Аралық бөлігіне - көптеген қыстырма нейрондар тізбегі жатады ( өткізгіш жолдар ) .
Орталыққа - сенсорлы жүйенің үлкен ми қыртысында орналасқан бөлігі жатады . Мұнда берілген 
ннформация өңделіп , оған жауап беріледі . 
Классификация. 
Құрылысы мен қызметіне қарай сезу мүшелерінің рецепторлы бөлігінің үш түрін ажыратады .
Бірінші түріне кәз - көру , мұрын - иіс сезу , мүшелері жатады . Бұлардың құрамында сыртқы 
энергияны ( тітірке нішті ) нерв импульсіне айналдыратын арнайы нейросенсорлы жасушалары 
болады .
Екінші түріне - есту мүшесі , тепе - теңдік сақтау және дәм сезу мүшелері жатады . Бұлардың 
рецепторлы бөлігінде эпителиальды немесе сенсоэпителиальды жасушалары бар . Сыртқы ортадан 
тітіркену реакциясын қабылдап , оны сезімтал нейрондардың дендриттері арқылы орталыққа 
өткізіп отырады .
Үшінші түріне нақты : мүше емес проприоцептнвті терідегі рецепторлар ( қаңқалық - ет ) мен 
сезімтал висцеральды жүйе жатады . Бұлардың шеткі бөліктері инкапсулалы жөне капсуласыз 
рецепторлардан тұрады. 
9. Көру ағзасы. Жалпы сипаттама. Шығу тегi мен эмбриональді дамуы.
Көз ( Ophthalmos oculus ) - көру мүшесі , көру анализаторының шеткі бөлігі , рецепторлы қызметін 
атқаратын көздің торлы қабығындағы нейрондар тізбесі . 
Дамуы . Көз ұрықтың әртүрлі жапырақшала мнан бастау алады . Көздің торлы қабығы мен көру 
нерві нерв түтігін дамыса , кәз бұрша ғы эктодермадан дамиды . Көз бокалын қоршах - 
мезенхимадан қан тамырлы қабық пен склера дамиды . Склераның алдыңғы бөлігі біртіндеп көп 
қабатты жалпақ эпителийге ауысып , кәздің қасаң қабығына айналады . Көз бокалы ішіндегі 
мезенхима мен эмбриональді торлы қабықтан көздің шыны тәрізді денесі мен нұрлы қабығы 
дамиды . Көздің қарашығын ( диаметрін ) қысатын бұлшық еттері нейральді түрде дамып жетіледі 

Көз алмасы 3 қабықтан тұрады: фиброзды, тамырлы және торлы. 
Сыртқы фиброзды қабық- қорғаныштық қызмет атқарады. Фиброзды қабықтың алдыңғы мөлдір 
бөлімі – мөлдір қабық, және артқы мөлдір емес бөлімі– ақ қабықты ажыратады.
Тамырлы қабық зат алмасуға белсенді қатысады және 3 бөлімнен тұрады: нұрлы қабық, цилиарлы 
дене және өзіндік тамырлы бөлімі – хориодея. 
Көздің сезімтал, торлы қабығы — көру анализаторының сенсорлы, рецепторлы аймағы, мұнда 
пигметтердің фотохимиялық түрленуі, сыртқы ортамен ақпарат алмасу жүреді. 
Көздің сыртқы фиброзды қабығы – ақ қабық құрамында тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер 
тіні мен коллаген талшықтарынан тұрады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет