Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет17/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
Иіс сезу бөлігі - мұрын сүйегінің астын және мұрын пердесінің бетін тыстап жатқан 
шырышты қабықтың сезімтал аймағы жатады. 
Иіс сезу ағзасы шеткі анализаторы қалыңдығы 60 -90 мкм көп қатарлы эпителийден 
тұрады, құрамында иіс сезу нейросенсорлы, тіректік және базальді жасушалар бар.
Нейросенсорлы жасушалар – саны өте көп, құрамында дендриттері мен аксоны 
болады. Ядросы ашық түсті, 1- 2 ядрошығы байқалады.
Тіректік жасушалар – көпқатарлы болып орналасқан. Апикальді аймағында 
микробүрлері бар, апокринді секрециялық қызмет атқарады.
Базальді эпителиоциттер – базальді мембранаға бекініп орналасқан, регенерациялық 
қызымет атқарады. 
Иіс сезу анализаторы – негізгі және вомероназальді бөліктерден тұрады. Бұлардың әр 
қайсысы үш бөлікке: шеткі (иіс сезу мүшесі), аралық (өткізгіш жолдары), орталық 
(гипокампты орналасқан) болып бөлінеді. 
Иіс сезу бөлігіне мұрын сүйегінің астын және мұрын пердесінің бетін тыстап жатқан 
кілегейлі қабықтың сезімтал аймағы жатады. Иіс сезу аймағының түсі респираторлы 
бөлігіне қарағанда ерекшеленген – сары түсті болып келеді. Вомероназальді 
(Якобсонов) бөлігінің түрі жұп эпителиальді түтікше түрінде болып келген, 
түтікшкнің бір ұшы тұйық, ал екінші ұшы мұрын қуысына ашылады. Адамда бұл 
мүше мұрын пердесінің 1/3 алдыңғы бөлігінің дәнекер ұлпасында орын алады
(сошник пен шеміршек перденің арасында). 
15. Дәм сезу ағзасы. Жалпы сипаттама және эмбриональді дамуы. Дәм сезу бүртігінің 
құрылысы мен жасушалық құрамы: дәм сезу жасушалары, және базальді жасушалар. 
Дәм сезу бүртігінің иннервациясы. Дәм сезу ағзасының гистофизиологиясы. Жасқа 
байланысты ерекшеліктері. 
Дамуы: Дәм сезу бүртігінің бастамасы – ауыз қуысының көп қабатты эпителиі.
Құрлысы: Әрбір дәм сезу бүртігінің пішіні элипс тәрізді болып келген, тығыз 
жабысып орналасқан жасушалары бар құрылымдар. Жасушалары 5: 
сенсоэпителиальді, ашық түсті ұзын, цилиндір тәрізді күңгірт түсті, тіректі, аз 
дифференцияланған базальді және шеткі. Дәм сезу бүрті ктері астындағы дәнекер 
тіннен базальді мембрана арқылы бөлінеді. 
Эпителийдің ақшылт түсті және пішіні элипс тәрізді немесе сопақша болып келеді. 
Эпителийдің астында сілемейлі қабықтың өз пластинкасы орналасады, ол борпылдақ 
дәнекер тіннен тұрады. Тілдің негізін көлденең жолақты бұлшықет қалыптастырады, 
оның талшықтарының арасында сілекей бездердің шеткі бөліктері кездеседі. Дәм сезу 
бүршіктері бір-біріне тығыз орналасқан жасушалардан тұрады. Дәм сезу бүршігінің 
эпителий жасушалары арасында рецепторлық дәм сезу («ақшылт») жасушаларын, 
сүйемелдеуші («күңгірт») жасушаларды және базалды жасушаларды табыңыз. Кейбір 
рецепторлық дәм сезу жасушаларының апикалдық беткейінде штифтиктер 
(микробүрілер) болады. 
Дәм сезу талдағышының қызметі арқылы ауыз қуысына түскен
қоректің сапасы, сипаты анықталады. Бұл талдағыштың қабылдаушы
бөлігі тіл бүртіктерінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы
бетінде, бадамшада және көмекей қақпашығында орналасады. Тіл
бүртіктері шатырша, жапырақша және орлы болып бөлінеді. Осы
бүртіктер ішінде эпителиальды құрылым – дәм жуашығы, орналасады. 
Дәм жуашығы сопақша пішінді, жуа тәрізді болып келеді. Ол бүйірлі, үршық 
пішіндес дәм жасушаларынан және цилиндр пішінді сүйеніш жасушалардан тұрады 
да, тілдің көп қабатты эпителийі бойында орналасады. Дәм жасушаларының ұшында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет