Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет40/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
Паратироциттердің функциональді жағына байланысты ашық және күңгірт түсті жіктелуі тағы бар 
. Күңгірт түсті паратироциттердің қызметі белсенді , сондықтан олардың цитоплазмасында 
түйіршікті ЭT мен ГК күшті дамыған . Сонымен қатар , диаметрі 400 нм - дей болатын , көптеген 
секреторлы түйіршіктері болады . Ашық түсті паратироциттердің белсенділігі нашар , 
цитоплазмасында көбінесе лизосомалары , гликоген мен липидті қосындылармен мөлшері 150-200 
нм болатын секреторлы түйіршіктері кездеседі . Бездегі ашық түсті парати роциттерінің саны 
күңгірт түстіден 3-5 рет көбірек болып келеді.
Оксифильді паратироциттер без паренхимасында топтасып та , жекеленіп те орналасады . 
Бұлардың цитоплазмасында көптеген митохондриялар , аздаған түйіршікті эT мен ГК болады . 
Секреторлы түйіршіктері болмайды . Көптеген гистологтар оксифильді паратироциттерді APUD - 
жүйесіне жатқызады . Бұлардың биогенді аминдерді синтездейтіні белгілі болғандықтан , 
кальцитониноциттерге жатқызуға да болады . Без стромасында көптеген қан капилляры мен 
БТҚДТ май жасушаларының топтамасы көптеп кездеседі . 
Васкуляризациясы- бездің артериясы көптеген капиллярларға тарамдалса , ал венасы тор түріндегі 
анастомоздар түзеді .
Иннервациясы -безге көптеген симпатикалық , парасимпа тикалық нерв талшықтары өтіп , 
паратироциттердің арасында көптеген түйреуіш тәрізді жуанданады немесе таяқша тәрізді болып 
келген миелинсіз талшықтардың терминальді ұштары болады .
Жасқа байланысты ерекшеліктері . Бездің негізгі пара тироциттері тек қана жаңа туған нәрестелер 
мен жас балаларда ғана кездеседі . Бездегі оксифильді паратироциттері балада 5-7 жастан бастап 
пайда болады да , әрі қарай күрт көбейеді . Адамда 20-25 жастан кейін безде адипоциттер де 
көптеп кездесе бастайды . 
37. Бүйрекүсті бездің морфо-функциялық сипаттамасы. Даму көздері. Қыртысты және милы 
заттың құрылысы және тіндік құрамы. Жасушалық құрамы және гормондары. Бүйрекүстібездің 
секреторлық функциясы және оның реттелуі. Жасқа байланысты өзгеруі. 
Бүйрек үсті бездері 
Қызметтері : 
Су мен тұздың алмасуын реттеп , иммундық реакцияларга қатысатын минералокортикоидтарды 
( альдостерон , дезоксикортикостеронның ацетатын ) т.б. синтездейді .
Минералокортикоидтар бүйректердегі натрийдің реабсорбция сына әсер ете отырып , ағзадан 
судың шығуын тежейді де , артериялық қан қысымын жоғарылатады .
• Глюкокортикоидтарды ( кортизол , гидрокортизон т.б. ) синтездейді . Бұл гормондар қандағы 
глюкоза деңгейін көбейтеді . Глюкокортикоидтардың синтезі мен секрециясы стресс кезінде 
күшейіп кетеді . Аталған гормондар қабыну және стресс кезінде бөлініп , мускулатуралардың 
өсуіне ықпал етеді . • Жыныс гормондары андрогендерді ( дегидроэпиандростеронді мен 
андростендион ) өндіреді , бұлар намундық реакцияларды басады , сондықтан медицинада 
бұларды аутоиммундық аллергиялық реакцияларды т.б сырқаттарды емдеуге қолданады . 
Андрогендерді өндіруге АКТГ ықпал етеді .
Бүйрек үсті бездерінің боз затынан күйзеліс кездерінде катехоламиндер : адреналин мен 
нейромедиатор норадреналин синтезделінеді . Кейбір қиын жағдайларда адамның жұмыс істеу 
қабілетін , сонымен қатар өмірін сақтау үшін бұл заттар ағзадағы барлық сарқылмас ресурстарды 
жинақтап , әрі сақтап отырады . Бұл келесі әсерлердің есебінен іске асады . Жүректің жұмысы 
артып , миокардтың жиырылу қабілеті күшейеді , артериялық қан қысымы жоғарылайды . 
Қордағы гликоген мен липидтердің ыдырауының жоғарылауы , сонымен қатар ферменттердің 
белсендірілуі және глюкоза мен майдың метаболизмінің күшеюі нәтижесінде жасушаларда көп 
мөлшердей энергия пайда болады . Ішкі ағза қантамырларының тарылуы , ал керісінше күйзеліс 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет