Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет36/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
тироциттердің көлемі ұлғаяды , цитоплазмалық торлары көбейіп , өте ірі түйіршіктері пайда 
болады
Ацидофильді эндокриноциттер , базофильділерге қарағанда көлемі кішілеу , гипофиздің алдыңғы 
бөлігі аденоциттерінің 30-35 % құрайды . Цитоплазмасында қышқыл бояулармен боялатын тығыз 
белокты түйіршіктері болады . Ацидофильді эндокриноциттер екіге бөлінеді :
Соматотропты эндокриноцитeр бөлетін гормоны соматотропин , сүйек тінінің өсуін реттейді . 
Соматотропоциттердің түйіршіктерінің d = 350 -450 нм , бұл өсу процессіне қатысты гормон 
болып саналады . Екіншісі манмотропты эндокриноциттер . не пролактиноциттер бөлетін гормоны 
пролактин , бұл сүт безінің секрециясының биосинтезін тездетеді . Бала туылганнан кейінгі 
мерзімде анасында сүт безі тез дами бастайды да , сүттің бөлінуін реттейді .
Хромофильді эндокриноциттердің тағы бір түріне кортикотропты эндокриноциттер жатады . Олар 
типофиздің алдыңғы бөлігінің ортасында орналасқан белокты гормон синтездейтін 
аденокортикотропты ( АКТГ ) эндокриноциттер .
Хромофобты - эндокриноциттері гипофиздің алдыңғы бөлігінің аденоциттерінің 60 % құрайтын , 
қызметі әр түрлі кезеңде болатын , түйіршіктері білінбейтін эндокриноциттер . Бұлардың 
арасында жұлдыз тәрізді ұсақ түрлері де кездеседі . Кейде олар топталып дөңгелек фолликула 
пішіндес денелер де құрайды . 
Орта бөлігі – аденогипофизге жанаса орналасқан эпителиоциттерден тұратын , жіңішке тізбек . 
Бездің бұл бөлігінде меланотропин мен липотропин гормондарын синтездейтін эндокриноциттері 
бар . Ағзада бұл гормондар майдын және пигменттің алмасуына қатысады .
Аденогипофиздің туберальді - безді мимен , оны гипоталамус аймағы – мен жалғастырады , 
құрамында эпителий жасушаларының тізбегі бар бөлігі .
Аденогипофизбен гипоталамус аралығындағы қан тамырлардың гормондар түзудегі маңызы . 
Гипофизге қанды әкелетін артериясы гипоталамустай шығып тарамдалынып , қақпадағы 
біріншілік қатиллярлар шумағын құрайды , олар гипоталамустың нейросекреторлық 
жасушаларының аксондарын қоршайды да , одан әрі қарай қақпа веналарына айналады , содан соң 
қақпадағы синусоидты екіншілік капиллярлар шумағына айналып барып , аденоциттерді 
қоршайды . Бұдан безден қанды алып шығатын венаға айналады , одан жылжыған қан мен 
гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары қанға шығып ( бөлініn ) , гипофизді шеткі ішкі 
секреция бездерімен байланыстырады . 
Гипофиздің соңғы бөлігі немесе нейрогипофиз көбінесе эпендимоциттер деп аталатын 
жасушалардан қалыптасқан өсінділі питуициттер . Бұлардың жіңішке өсінділері қай 
капиллярларының базальді мембраналарында аяқталады . Гипофиздің бұл бөлігі гипоталамустав 
бөлінген вазопрессин мен окситоцин гормондарын алады . Осыған байланысты гипоталамустан 
келген нейросекреторлық нейрондардың аксондарының ұшындағы Херринг денешіктері қан 
капиллярымен түйісіп , аксо - вазальді синапс түзеді . Бұл денешіктердің құрамында аталған 
гормондары бар “ жинағышi денешіктер ” деп аталатын жуандалған бөліктері болады . 
Питуициттер гормон бөлмейді , тек дайын гормондарды Гипоталамустан алып , шеткі бездермен 
байланысады .
34. Эпифиз. Даму көздері, құрылысы, жасушалыққұрамы.
Эпифиз ( epiphisis cerebri ) немесе томпақ дене ( corpus pineale ) деп аталатын без . Бұл без 
ағзадағы циклді немесе кезектесіп ( ритмикалық ) келіп отыратын құбылыстарды реттеп тұратын 
орталық эндокринді мүше ( без ) . Мұндай құбылыстарға жататын овариальді - менструальді цикл , 
күн мен түннің ауысуындағы ( жарық пен қараңғы ) циркадты кезендегі гормондардың түзілуі мен 
бөліну эпифиздің қызметіне тәуелді . Эпифиз адам ұрығының 5-6 аптасында аралық мидағы ІІІ - 
қарыншаның жоғарғы бөлігінен пайда болған ( эпендимадан дамыған ) , 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет