Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет38/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
. аутоиммунді тиреоидитте ) бұл жасушалардың саны көбейіп , тіптілимфоидты фолликулалар да 
пайда болады . Интерфолликулярлы аралықтарындағы тироциттерді - парафолликулярлы 
жасушалар дейді ( К жасушалары ) .
Tироциттер ( thyrocyti ) пішіні мен көлемі бездің қызметіне байланысты өзгеріп отырады . 
Қалыпты жағдайда пішіні куб тәрізді , ядросы шар тәріздес болып келген , бөлген секреті коллоид 
түрінде , гомогенді . Ал , егер ағза бездің гормонына төуелді болған ( гормонды көп бөлсе ) 
жағдайда , бездің гиперфункциясы байқалады да , онда тироциттердің пішіні призма тәрізді 
қалыпқа келеді . Коллоидтық құрамында көптеген вакуольдар пайда болады . Ағзада бездін 
қызметі төмендесе ( белсенділігі ) гипофункциясы байқалады да , бұл кезде коллоидты секреті 
қоюланып қатып , тироциттердің биіктігі өзгеріп , жалпақ пішінге айналады .
Тироциттердің апикальді полюстерінде фолликул қуысына бағытталған микробүрлері болады . 
Бездің қызметінің белсенділігіне қарай бұл микробүрлерінің саны мен көлемі ( мөлшері ) өзгеріп 
те отырады . Ал базальді полюсінде гемакапиллярлармен түйісетін қатпарлары да бар . Әрбір 
тироциттер бір - бірімен десмосомалармен байланысады . Кейде тіпті саусақ тәрізді өсінділер ( 
ннтердигнтациялық байланыс ) арқылы тығыз байланысатын кездері без қызметінің белсенділігін 
байқатады . Тироциттердің цитоплазмасында органеллалардың барлық түрлері оның ішінде белок 
синтезіне қатысатын түйіршікті эндоплазмалы торлар , рибосомалар , полисомалар , Гольджи 
комплексі , өте ірі митохондриялар болады . 
Секреторлы қызметі . Без жасушаларының бірнеше функциональді кезендерін байқауға болады . 
Олар : гормонға қажетті заттарды жинау , секрет синтездеу , гормон бөлу . Бездің негізгі бөлігі 
болып саналатын фолликуласынан секреторлы өнімдері тнроциттер арқылы қан мен лимфа 
капиллярларына әтеді . Бұл секрет шығару фазасына жатады . Гормонға қажетті өнімдер безге 
қаннан сорылады . Бұл өнімдерге амин қышқылдары , тұздар т.б. жатады . Қаннан сорылып келген 
өнімдер эндоплазмалық торда синтезделініп , полипептидті тізбектер түріндегі болашак 
тироглобулиннің молекуласы түзіледі де , Гольджи комплексіне өтіп тироглобулиннің секреторлы 
везикулатарына айналып , тироциттердің алтикальді полюсіндегі микробүрлері арқылы жүзеге 
асады . Сонан соң тироглобулии молекуласынан алдымен бір атомды йод – монойодтирозин , екі - 
үш атомды йод - тетрайодтирозиндер пайда болады . 
Гормон бөлу кезеңі . Гормон фолликул ішіндегі коллоидтан реабсор бция жолымен бөліп шығады 
. Бездің қызметінің белсенділігіне байланысты эндоцитоз әдісі әртүрлі әтеді . Бұл кезеңде 
тироциттердің пішіні өзгеріпенген ісінеді де , апикальді полюсінде көптеген псевдоподнялар 
пайда болады ( цитоплазмалық өсінділер ) . Мұндай псевдоподиялар коллоидқа еніп , фагоцитоз 
өдісімен тироциттерге коллоид фрагменттерін сорады . Тнроциттердің цитоплазмасына коллонд 
фрагменттері Лизосомалармен қосылып фагосомалар пайда болады да , протеолитикалық 
ферменттердің әсерінен тироглобулиинен тиреоидты гормондар бәлінеді . Бөлінген гармондар 
тироциттердің базальді полюсіне ығысып , біртіндеп қанмен лимфаға бөлініп шығады .
Гормондары : йодтиронин , йодтирозин т . б .
Парафолликулярлы жасушалары немесе к – жасушасы бездің паренхимасында топтаса орналасқан 
, кейде фолликулдардың қабырғасында да кездеседі .
Ерекшелігі : қаннан иодты сормай , - ақ гормон синтездейді .
Бөлетін гормоны белокты – кальцитонин Қаңдағы кальцийдің мөлшерін азайтады , қалқанша 
безінің гармоны паратириннің антогонисі . Қалқанша безден синтезделетін гормон паратирин 
сүйек тініне өсер етіп , кальцийдің қандағы мөлшерін көбейтеді ( гиперкальциемия ) . - 
Тироциттердің секреторлы циклы . 
Тироциттердің секреторлы циклы екі кезеңнен тұрады : секрет түзу , және гормон бөлу . 
а ) Секрет түзу – тироциттер қаннан тироглобулинді ( амннқышқылын , көмірсуларды , иондар но 
, иодтарды сорады ) алады .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет