Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет37/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
құрамындасубкомиссуральді мүше бар - без . Ең жоғары даму сатысы баланың 7 жасында 
байқалады .
Құрылысы . Сырты нәзік дәнекер тінді капсуламен қоршалып , одан көптеген перделер бездің 
ішіне қарай тарап , безді бөліктерге бөледі . Сондықтан эпифиздің паренхимасы бөлшектерден 
тұрады . Без паренхимасында екі түрлі гормои бәлетін пинеалоциттер мен тіректік глиальді 
жасушалар болады . Пинеалоциттер көбінесе без бөлікшелерінің ортаңғы бөлігінде орналасқан . 
Бұлардың пішіні көп бұрышты , көлемі ірі , цитоплазмасында көпіршік тәріздес ядросы мей 
ядролығы болады . Пинеалоциттердің денесінен таралған ұзынша өсінділері глиальді тіректік 
жасушаларды қоршай өтіп барып , ең соңғы ұштары жуаидалып қан капиллярларының 
қабырғасымен түйіседі . Осы өсінділердің түйіскен жерінің ( контакт ) цитоплазмасында көптеген 
осмиофильді көпіршіктер , вакуольдажәне митохондриялары болады . Безде гормои бөлетін 
пинеалоциттердің екі түрі ажыратылады : ашық жөне күңгірт түсті . Бұларды бездің өр түрлі 
функциональді кезеңіндегі түрлері деп білген жөн , немесе адамның жасына байланысты 
ерекшеліктеріне де жатқызуға болады . Күңгірт түске боялған жасушалары бездің гормональді 
кезеңіне сай келеді . Глиальды тіректік жасушалары без бөлікшелерінің шетіне қарай орналасып
қысқа өсінділері бездің бөлікше аралық перделеріне ұласады. 
Қызметі . Эпифиздің көлемі өте кіші болғанымен атқаратын қызметі күрделі , әрі маңызды . 
Эпнфизден бөлінген гормондар : серотонин , мелотонин ( нейроаминдер ) жыныс бездеріне 
гипоталамустың гонадолиберинге және гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі гонадотропиндерге әсер 
етеді . Эпифиздің пинеалоциттері көптеген белокты гормондар да бөледі , олар антигонадотропин 
мен қандағы калийдің мөлшерін көбейтетін , минералды зат алмасуды реттейтін пептидтер ( саны 
40 - қа жуық ) . Бұлардың ішінде ең маңыздысы аргинин - вазотоцин , тиролиберин жөне 
тиротропин .
Жасқа байланысты ерекшелігіне- эпифиздің максимальді өсуі баланың 5-6 жасында байқалады да , 
сосыи инволюцияға ұшырайды , мұндай жасқа байланысты кері дамуы нәтижесінде көптеген 
пинеалоциттері атрофияға ұшырап жойылады . Ал бездін стромасы қалыңдайды да онда 
фосфаттар мен карбонатты тұздар шөгіп ( пайда болып ) , қатпарлы денешіктер түрінде “ ми 
құмдары ” ( немесе тастары ) пайда болады .
Васкуляризациясы . Бездің артериясы көттеген капиллярларға , одан венаға айналады . Вена 
тармақталмай - ақ тор түрінде субкапиллярлы байламдар түзеді де қалқанша бездің венасымен 
байланысады . 
Иннервациясы . Симпатикалық , парасимпатикалық нерв өрімдері арқылы жүзеге асады .
35. Қалқанбездің морфо- функциялық сипаттамасы. Эмбриональдідамуыжәнеқұрылысы: 
Тіндікжәнежасушалыққұрамы. Фоликулақұрылымдыққызметтікбірлігіретінде, 
фоликулааралықдәнекертіні. Тироциттержәнеолардыңгормондары. Секреторлықциклдіңсатылары. 
Парафолликулярлықэндокриноциттеролардыңқұрылысы, орналасуы, қызметтері. 
Бездің сырты тығыз талшықты дәнекер тінді капсуламен қоршалған . Капсуладан таралған 
перделері бездің стромасын түзіп , без паренхимасын көптеген бөліктерге бөледі . Бездің құрылыс 
қызметін атқаратын бірлігі фолликулдары .
Фолликул – шар тәрізді , жұмыр болып келген көлемі әртүрлі , іші қуыс қапшықтар . Фолликулдар 
кейде пішінсіз де болады . Фолликуланың қабырғасы базальді мембранаға бекінген бір қабатты 
тироциттерден түзіледі . Фолликулдардың іші секреторлы өнімдерге толы . Мұндай секрет 
көбінесе құрамында тироглобулині бар коллоид түрінде болып келген , сұйықтық түріндегі 
құрылым . Фолликулдар арасындағы дәнекер тінді перделердің құрамында көптегеи гемо және 
лимфақапиллярлары тығыз орналасып , фолликулалардың сыртын қоршап ала жатады . 
Бұлармен қоса , бездің фолликулаларының арасында эпителиоциттердің тобынан тұратын 
интерфолликулярлы бөліктер болады . Бездің дәнекер тінді перделерінің құрамында лимфоциттер 
, плазмоциттерде орын алады . Көптеген науқастарда , патологиялық жағдайларда ( тиреотоксикоз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет