Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет41/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
кезінде көбірек қарқынды қызмет атқаратын мүшелер , яғни жүрек , бұлшықет , мидағы 
қантамырларының кеңеюі байқалады . Қарашық үлкейіп сезім мүшелерінің жұмыс барысы 
жинақталады . 
Ауа жолдарындағы бұлшықет пластинкасының миоциттері босаңсып , тыныс алу жиілейді 
асқазан - ішек жолдарының тегіс салалы ет жасушаларының босаңсуымен қатар сфинктердің 
жиырылуы байқалады . Адреналин және норадреналинмен қатар жасуша цитоплазмасындағы 
түйіршік құрамында орналасқан өсу факторы мен энкефалиндер де бөлінеді . Ұзақ күйзеліс 
кезінде өсу факторы іске қосылып , катаболикалық үрдістердің артып кетуіне кедергі келтіреді , ал 
энкефалиндер күйзелістен болатын ауру сезімін басады . Осыған байланысты бүйрек үсті бездері 
адам өмірінде маңызды мүше болып табылады . Безді түгелдей алып тастау немесе патологиялық 
үрдіске ұшырауы адам өмірінің тіршілігін жояды .
Дамуы : бездің қыртысты заты 5 аптада целомдық эпителийден бастама алады да, кейіннен 
ұлғайып интерренальді денеге айналады. Милық заты 6-7 аптада симпатикалық ганглийден 
дамиды 
Құрылысы : Бүйрек үсті бездері паренхиматозды мүшелерге жатады . Сырты ТТКДТ - ді 
капсуламен қоршалған , одан тараған перделері бездердің стромасын түзеді . Ал бездердің 
паренхимасы қыртысты затында кортикоциттерден , ал боз хромаффиноциттерден түзіледі .
Бүйрек үсті бездерінде анық көрінетін шеткі қыртысты және ортаңғы боз замын ажыратуға болады 
. Өз кезегінде қыртысты заты бірнеше аймақтарға жіктеледі : 
Субкапсулярлы аймағы . Өте майда , аз маманданған бездің қыртысты бөлігінде камбиальді 
қызмет атқаратын кортикоциттерден тұрады . Шумақты аймағы . Қыртыстың 10 % түзеді . 
Құрамында шумақтарды түзетін кортикоциттері бар . Бұлардың цитоплазмасында аздаған ғана 
липид қосындылар мен холестерин болатыны белгілі . Шумақтық аймақтың қызметі ( 
минералокортикоидтардың синтезіне қатысады .
Судансфобты аймағы . Думақты аймақ шоғырлы аймақтардың арасында орналасқан жіңішке 
жолағы . Судан бояумен боялмайтын , митоз сатылары жақсы көрінетін аймағы . Қызметі 
қыртыстың регенерациясына қатысады . 
Шоғырлы аймағы . Бездің қыртысты затының 75 % құрайды . Оте ірі оксифильді боялған 
кортикоциттері көптеген баулар түзіп орналасады . Шоғырлы аймақтың құрамында : күңгірт және 
ашық түсті қыртыстық кортикоциттер болады . Бұл бір жасушаның әртүрлі функциональді 
жағдайының көрсеткіші болып саналады . Шоғырлы аймақтағы кортикоциттердің ерекшелігіне 
жасушалардың цитоплаз масында жақсы дамыған кристалдары , ірі митохондрийдың болуы тән . 
Бұл митохондриялар стероидты гормондардың биосинтезіне жұмысқа қабілеттілігін сақтап , 
ағзаның пайдалы жұмысқа деген күшін жұмылдыра сақтауға қатысады . Келесі бір ерекшелігіне 
жасушалар цитоплазмасында липидті қосындылардың болуы және стероидты гормондардың 
биосинтезіне аскорбин қышқылының болуы тән .
Шоғырлы аймағының қызметі глюкокортикоидтарды ( ең көбі кортизол мен кортизон ) 
өңдеу . 
Торлы аймағы . Қыртыстың 10-15 % құрайды . Өте майда , тор түзіп орналасқан 
кортикоциттерден тұрады . Бұлардың цитоплаз масында лизосомалар мен липофусцинді 
түйіршіктері болады . Аталмыш аймақта глюкокортикоидтар мен аталық жыныс гормон дары
аздаған аналық гормондардың ( эстроген мен прогестерон ) синтезі жүреді . Буйрек үсті бездерінің 
боз заты бездің қыртысты затынан БТДТ - нен тұратын жіңішке капсула арқылы шектеседі . Жасу 
шалары хромаффиноциттер - деп аталады . Бұл эндокри - ноциттер хром тұздары мен жақсы 
боялады да , екі топқа жіктеледі : а ) адреналинді синтездейтін ірі , ашық түсті А - жасушалары б ) 
күңгірт түсті , майда , тығыз түйіршіктері бар , HA - жасушалары норадреналиннің синтезіне 
қатысады .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет