Нуржігт Алтынбеков
табиғи ошағын сақтаушы және жылдан жылға ауруды таратушы болып келеді. Қара
тышқандар кемелерде мекендеп оба ауруын порттан портқа таратады. Су тышқандары
туляремия ауруының таратушысы, дала тышқандары Қырым геморрагиялық қызбасының
таратушысы болып табылады. Сонымен қатар,
кеміргіштер риккетсиоз, сальмонеллез,
кенелік энцефалит, Ку
қызбасы, түйнеме ауруларының таралуына қатысады. Дала
тышқандары өніп келе жатқан бидайды, өсіп тұрған жеміс-жидектерді, қоймалардағы
астықты жеп,
ормандағы ағаштарды кеміріп, үйдегі заттарды бүлдіріп үлкен
экономикалық зиян келтіреді. Кеміргіштердің 2800 жуық түрлері белгілі, жерде немесе
суда тіршілік етеді, барлық
континенттерде кездеседі, өте қомағай, тез көбееді
және
қоршаған ортаға тез бейімделеді.
Адамның құрылыстарында қара, сұр және үй
тышқандары мекендейді. Кеміргіштер аш болса 2-3 тәулікте, сусыз 2 тәулікте, аш және
сусыз болса 25 сағатта өледі.
Кеміргіштерді алдын алу және жою шаралары. Алдын алу шараларының мақсаты
кеміргіштерге баспана бермеу, тағамдарға жолатпау. Кеміргіштерге қарсы шаралар алдын
алу, жою санитарлық және техникалық шаралардан құралады.
Санитарлық шаралар – тұрғын мекендердің аймағын және айналасын таза ұстау, қора,
қойма, базар, тамақ өндірісінде, жануарлардың заттарын өңдеу мекемелерінде санитарлық
жағдайды жақсарту, қадағалауды күшейту. Кеміргіштерді суға жолатпау үшін су
колонкаларын, канализация
құдықтарын қатты жабу, қалдықтарды уақтылы шығару,
қоқыс жинайтын темір жәшіктердің биіктігін 70см төмен жасамау керек. Асхана, азық-
түлік дүкендерінде, ет, балық заводтарында тамақ өнімдеріне кеміргіштерді жолатпау.
Қоймаларда қатарлар аралығы, қабырғадан қашықтығы 70см кем болмауы керек, еденнен
15 см биік решеткада сақталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: