Эмульсия – ерітілетін зат пен еріткіш сұйықтық түрендегі жүйе. Бір ерітіндіні екінші
ерітіндімен араластыру және тұрақты болуы үшін эмульгатор қосу арқылы дайындалады.
Эмульгатор ретінде желатин, каучук, сабын, смола және синтетикалық белсенді заттар
қолданылады. Бірнеше эмульгатор қосылуы мүмкін. Эмульсия 2 түрде шығарылады,
бірінші тобы қою сұйықтық немесе паста, екінші тобы минералды майлар қосу арқылы
дайындалады. Ерітінді дайындау үшін эмульсияны сумен араластырады.
Паста - құрамында 25% кем емес ұнтақ түріндегі химиялық зат қосылған қою май.
Өндірісте шығарылатын паста тұрақты емес, суықта сақталғанда бұзылады. Жұмыс
ерітіндісін дайындау үшін паста су қосу арқылы ерітіледі.
Сабындар – физикалық, химиялық қасиеті бойынша жақсы ериді және улы заттарды
жақсы ұстайды. Өндірісте құрамына ДДТ, ГХЦГ қосылған сабындар шығарылады.
Мұндай сабындар кір сабынға ұқсайды, бірақ арнайы 76 иісі болады. Сабынды ерітінді
дайындау үшін уайтспирит, скипидар, вазелин қолданылады.
Аэрозольдер – инсектицид қосылған зат (49-сурет). Аэрозольдер арнайы генератор
арқылы, жанатын заттарды өртеу, шашка немесе қағаз өртеу арқылы, немесе арнайы
баллон арқылы қолданылады. Инсектицидті түтін алу үшін қағаз, картон, шүберекке ұнтақ
сеуіп өртейді не шашка, таблетка қолданылады. Аэрозольді инсектицидтік қағаз дайындау
үшін фильтрлі қағазға 5-7% селитра ерітіндісін және инсектицид құйып кейіннен
кептіреді. Қолдану кезінде қағаз тез жанбайтын, ұзақ уақыт түтеп тұратын болуы керек.
Түтіндеу арқылы ұшатын жәндіктер, жерге түскенде жорғалайтын жәндіктер жойылады.
Термиялық аэрозоль ретінде өндірісте шығарылған шашкалар қолданылады. Шашка
металл немесе картоннан жасалған цилиндр, оның ішіне инсектицид салынады, қақпақпен
жабылады. Шашка кеуірт секілді жағылады, жанғаннан кейін инсектицид босайды, түтін,
бу және газ болып шығарылады. Шашка жағылғаннан кейін адам бөлмеден шығып, есікті
тығыз жабуы қажет. Түтін 1-1,5 минут шығады.
Репелленттер – жәндіктерді шошытатын заттар, маса, кене, бүрге, шіркейлерге қарсы
орманда, далада қолданылады. Репелленттерді теріге май, крем, лосьон түрінде жағады
немесе киімге, қорғайтын торға, перде, есік, терезеге аэрозоль, эмульсия түрінде
қолданады. Денеге жаққан репеллент жәндіктерден 1,5-6 сағатқа дейін қорғайды. Киімді
өңдеу үшін үлкен ыдысқа ерітінді дайындап киімді 15-30 минутқа батырып қояды.