Нуржігт Алтынбеков Аралық бақылау №1 Қазіргі эпидемиологияның анықтамасы және құрылымы


Эпидемиялық ошақ, оның құрылымы. Ошақтарда эпидемияға қарсы жұмыстың



Pdf көрінісі
бет18/54
Дата04.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#71492
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
Байланысты:
Íóðæ³ãò Àëòûíáåêîâ Àðàëû? áà?ûëàó ¹1 ?àç³ðã³ ýïèäåìèîëîãèÿíû? àí

14. Эпидемиялық ошақ, оның құрылымы. Ошақтарда эпидемияға қарсы жұмыстың 
бағыты және оны ұйымдастыру. 
Эпидемиялық ошақ-бұл инфекция көзі орналасқан орын және оның маңайындағы аумақ. 
Осы шектелген аумақта нақты жағдайда науқас адамнан сау адамға қоздырғыш берілуі 
мүмкін. Эпидемиялық ошақ эпидемиялық процестің бір бөлшегі болып келеді және де 
эпидемиялық процестің таралуын бөгейтін орта болып табылады.Эпидемиялық ошақ 
жанұялық,өндірістік немесе мекемелік болуы мүмкін. Инфекциялық ауру бір адамнан 
екінші адамға жұғып отырса, инфекция айлап,жылдап жалғасын тауып отырады, таралу 
жолын таппаса тоқтап қалады. Ошақта жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралар: Жалпы 
бұл шаралардың 3 буыны бар. 
1-ші буында: Ең алдымен инфекция табылса жұқтырған адамды табамыз.Тапқаннан кейін 
тексеріп, қандай ауру екенін анықтаймыз, оны СЭҚБ-ға хабарлаймыз, жұқпалы ауруы бар 
адамды жекелеп,оқшаулаймыз, әрі қарай емдеуге кірісеміз. Егерде жануарлар болса, 
оларды тауып,оқшаулап, емдеуге кірісеміз. 
2-ші буында:Егерде ауру тарап кеткен болса, онда тез арада дезинфекция,дезинсекция 
жұмыстарын ұйымдастырып жасаймыз. Әрі қарай қоздырғышты тасымалдаушы және 
өзінде сақтаушы адамдар болса, іздестіріп табу қажет. 


Нуржігт Алтынбеков 
3-ші буында: Инфекция қоздырғышының көзімен нақты бір контакт болған жағдайда, 
қатынаста болған адамдарды таб қажет.Қатынаста болған адамдарды тексеріп,инфекция 
көзін табу керек.Инкубациялық кезеңге сай белгілі бір уақыт мөлшерінде бақылауда 
ұстайды. Және де инфекцияны қабылдауы мүмкін адамдарды қорғау қажет. 
15. Ауруханаішілік жұқпалы аурулардың алдын алудағы эпидемияға қарсы 
ісшаралар.
Аурухана ішілік инфекциялар бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды 
мәселелерінің бірі болып саналады. Бұлардың тигізетін әлеуметтік-экономикалық зардабы 
өте үлкен. Қазіргі кездегі емдеу- диагностикалық технологиялардың жетістіктеріне 
қарамастан, АІИ мәселесі медициналық және әлеуметтік қажеттікті бұрынғыдан да көп 
керек етеді. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің мәліметтеріне қарайтын болсақ, АІИ 
ауруханада жатқан адамдардың 5-20% кездеседі. Инфекциялық бақылау бұл медициналық 
ұйымда пациенттер мен қызметкерлер арасында инфекциялық аурулардың пайда болуы 
мен таралуының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық, профилактикалық және 
эпидемияға қарсы іс-шаралар жүйесі)
АІИ пайда болуы үшін инфекциялық процестің келесі буындарының болуы қажет: 
• инфекция көзі (иесі, пациент, медицина қызметкері); 
• қоздырғыш (микроорганизм); • берілу факторлары; 
• сезімтал организм. 
АІИ қарсы алдын-алу шаралары: 
✓ стоматологиялық орындардың жұмысын бақылау 
✓ ЦСО жүйесін кеңейту және олардың жұмысын бақылауды күшейту 
✓ қан құю станцияларында жаңа жоғары сезімтал диагностика әдістерін енгізу 
✓ эндоскопиялық бөлімшілердің жұмысын қатаң бақылауға алу 
✓ плазма мен қанның басқа компоненттерін тек ең керекті жағдайда ғана құю 
✓ хирургиялық практикаға аз травмалық техникаларды енгізу 
✓ адамдарды егу схемасы және көрсеткіштері бойынша вакцинациялау 
✓ күйген ауруларға-Pseudomonas aerudinosa-ға қарсы вакцинациялау 
✓ қажетті диета 
✓ эубиотиктер мен тактериофагтарды қолдану 
✓ диспансерлік бақылау кезінде АІИ анықтау және тіркеу 
✓ әртүрлі типті стацинарларда қауіпті топтарды және қауіпті факторларды анықтау 
✓ АІИ ауруларының эпидемиологиялық анализін жүргізу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет