О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет11/37
Дата20.07.2023
өлшемі4,58 Mb.
#104576
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
Кешірдім

Өткен қателігіңді ұмыт 
«Тірісінде кешіре алмаған адамыңның
 өмірден озғанынан артық ауыр нәрсе жоқ» 
Семирджян Т.
Ш
ын мәнінде, Алланың «Әл-Ғафур» (аса 
кешірімді) деген есіміне ой жүгірткен адам 
тыныштықта, қамқорлықта, рақымдылықта, есендікте 
екенін сезеді. Міне, бұл – көп жағдайда адамның 
жанына қажет, қол жеткізуге талпынатын таптырмас 
сезім. Мұсылманға бұйырған нығметтің бір көрінісі – 
ол өзі сияқты адамға «күнәмді кешірер» деп ешқашан 
жүгінбеген әрі жүгінбейді де. Сонымен қатар Алла мен 
өзінің арасына дәнекер қоймаған әрі қоймайды да. 
Міне, осы сезім мұсылманға жан рахаты мен үлкен 
сенім сыйлайды. «Хижр» сүресінің 49-аятында: «(Уа, 
Мұхаммед!) құлдарыма: 
«Менің аса кешірімді, ерекше 
мейірімді екенімнен» хабар бер»,
– делінген.
Алланың «Әл-Ғафур» есімінің сенің өміріңде көрініс 
тауып жатқан тұстарына қарашы. Осы бір ұлы есімнің 
мәніне терең бойла. Сондай- ақ бұл есімдегі жасырынып 
тұрған мән мен мағынаны ұғын. Яғни, кешірімді бол! 


Кешірдім
40
«Әл-Ғафур» сөзі араб тілінде асырмалы, үстеме 
мағынасын жеткізу үшін құрылған сөздерге жатады. Ол 
“көп кешіруші” деген мағынаны білдіреді. Осы тұрғыдан 
алғанда көп кешірімшілдіктегі асырмалы, үстемелі мән 
санды да, ауқымды да қамтып тұрғанын көреміз. Яғни, 
Алла сан жағынан көп әрі түрі жағынан да ауқымы 
зор күнәларды кешіреді. Бұл туралы «Нәжм» сүресінің 
32-аятында: 
«Ақиқатында, Раббың кешірім етуде аса 
кең», 
– делінген. Алайда бұл күнә жасай беруге болады 
дегенді білдірмейді. Алла адам баласына қателікке 
ұрынатын, қателіктен қайтатын қасиетпен жаратқан. 
Сондықтан да адам баласына болмысына сай келетін 
талаптарды таңдаған.
Барлық кемшіліктен пәк Алла Тағала бізге кешіріміне 
сай болудың, оған жетудің жолын баяндаған. Мұның 
бәрі адам жанының тыныштық табуы үшін, нәтижесінде 
әлжуаздыққа, 
күмәнға, 
ұйқысыздыққа, 
рухани 
тоқырауға шалдықпас үшін берілген нұсқаулық іспетті. 
«Таһа» сүресінің 82-аятында бұл турасында: «
Расында, 
Мен тәубесіне келіп, иман етіп, ізгі іс істеп, сосын тура 
жолға түскен жанға аса кешірімдімін»,
– делінген.
Алланың кешіріміне сай болу тәубенің, райдан 
қайтудың тұрақты болуынан басталады. Мұның 
артынан сол тұрақтылықтың дұрыстығын көрсететін 
сенім ілесуі керек. Артынша сол айнымас сенімнің 
растығы іс-әрекеттен көрініс табуы қажет. Мұның соңы 
табандылық, туралық және тура жолға түсумен аяқталуы 


iqup
41
керек. Міне, жан рахаты мен жан тыныштығын сыйлап, 
Алланың кешіріміне сай қылатын анық, жеңіл жол - осы.
Алланың кешіріміне лайық болу үшін түзелу мен ізгі 
амал маңызды. Екеуінің де орны ерекше. 
Бұл туралы «Нахл» сүресінің 119-аятында: 
«Ақиқатында, Раббың білместікпен еріп, жамандық 
жасап, содан кейін уақыт оздырмай тәубе етіп, 
түзелгендерге өзі жар болады. Сенің Раббың шәк-шүбәсіз 
өте кешірімді, ерекше мейірімді», 
– делінген. 
«Әнғам» сүресінің 54-аятында: 
«(Уа, Мұхаммед!) 
Қашан саған аяттарымызға иман келтіргендер келсе: 
«Сендерге амандық болсын! Раббыларың рақымдылық 
танытуды Өзіне лайық қасиет һәм Өзінің басты 
ұстанымы қылды. Араларыңнан кімде-кім білмей 
жамандық істеп, артынан тәубесіне келіп, түзелсе, 
шүбәсіз, Ол – өте кешірімді, ерекше мейірімді», – деп 
айт», 
– делінген. Сондықтан түзелуге талпынып, түзелу 
мұратыңа айналмайынша, кешірім іздеудің еш пайдасы 
жоқ. 
«Бақара» сүресінің 220-аятында: 
«Алла бұзғыншыны 
түзелуші жаннан айыра біледі», 
– делінген. Раббыңнан 
кешірім етуін тілеген кезде қателесіп бұзған істі түзетуің 
керек. Бұл туралы «Бақара» сүресінің 205-аятында: 
«Алла бұзғындықты жақсы көрмейді», – деп айтылған. 
Бұған жер бетінде орын алып жатқан адам өлтіру, қуғын-
сүргін ұйымдастыру сияқты материалдық бұзғындық 
қана емес, адам жанының бұзылуы, адам жанын 


Кешірдім
42
жаралау, көңілге қаяу түсіру, қарым-қатынастарды бұзу 
және т.б. моральдық тұрғыдағы бұзғындықтар кіреді. 
Жалпы алғанда бұған тұлғаның, қоғамның дамымай 
қалуына қатты әсер ететін іс-әрекеттер жатады. 
«Әнғам» сүресінің 54-аятында: 
«Раббыларың Өзіне 
рақымдылық танытуды лайық қасиет әрі ұстаным 
қылды»,
– делінген. Расында, өзің Раббыңнан сұрап 
жүрген кешірімің мен өзгеге бере алатын кешірімің – 
Алланың Өзіне лайық деп тапқан мейірімінен. Алла Өз 
мейірімінің белгілі бір бөлігі сенің жүрегіңде де көрініс 
табуын қалайды. 
«Әли Имран» сүресінің 159-аятында: 
«(Уа, 
Мұхаммед!) Сен оларға Алланың мейірімімен жұмсақтық 
таныттың», 
– делінген. Яғни Мұхаммед пайғамбарға: 
«Сенің оларға жұмсақтық танытуың, олардың қате-
кемшіліктеріне кешіріммен қарауың, мұның бәрі 
Алланың саған және оларға деген мейірімінен» деген 
мағынада айтылған. 
Егер адам Алланың «Әл-Ғафур» есімін танып-
білмесе, істеген қателіктерінен тартқан уайымды, 
Алланың жазасын ойлағандағы қорқынышты жаны 
қалай көтерер еді? Өмірін қалайша жаңадан бастай 
алатын еді? Алланың кешірімінің кеңдігін ұғынбаса
әзиз пенде тіршілігін қалайша жаңғыртсын? «Ғафир» 
сүресіндегі: «Күнәні кешіруші, тәубені қабыл етуші» 
деген 3-аятты естімеген жан қалайша тыныш өмір 
сүре алмақ? Расында, Жаратушысының есімдеріне 
және бүкіл іс-жағдайын қалтықсыз басқаратын 


iqup
43
Оның сипаттарына ой жүгіртумен өмір сүрген адам 
Жаратушының шеберлігінен өзін қалай басқара білу 
қабілетінің туғанын білетін болады. Сол үшін нақыл 
сөздің бірінде: «Кімде-кім өзін таныса, Раббысын 
таниды», – деп айтылған. Ал, сен өз болмысыңа ой 
жүгірттің бе? 
Алла сені жақсы көреді, саған кешірімді, сені 
қабылдайды. Тіпті барлығы сені тәрк етсе де қате-
кемшіліктеріңе кешіріммен қарайды. Мұндай ұстаным 
өзіңді терең түсінуге, өз қателіктеріңді мойындауға, 
өзіңді орынсыз жазғырмауға көмектеседі. Десе де, 
бізге керек кезде өзімізді сөгу, жазғыру қажет-ақ. Егер
сөгіс пен жазғыру бізді күдер үзуге итермелесе, дұрыс 
әрекет етуге шамамыз қалмай қалады. Ал бұл өзін-
өзі жазғырудың шектен шыққанын көрсетеді. Сөгіс, 
жазғыру жақсы нәтиже бермесе, көркем істер жасауға 
жетелемесе, онда жазғырудың орынсыз болғаны. 
Сонымен қатар жағымсыз әдеттен басқа ештеңе емес 
екенін көрсетеді. 
Алла әрдайым саған өмірді жаңадан бастауға 
мүмкіндік сыйлауда. Мұндай мүмкіндік жаныңның 
жадырап, әрдайым жаңғыруға жігер сыйлайды. 
Өміріңде жіберген қателіктеріңе бола иініңнен су 
кетіп, оны заман ақыр көрме! Өйткені Алла күнәнің, 
қателіктің боларын жазып қойған. Сол үшін Әбу 
Һурайрадан жеткен хадисте пайғамбарымыз: «Егер 
сендер күнә істемегендеріңде Жаратқан Ие сендердің 


Кешірдім
44
орындарыңа күнә істеп, артынша тәубе ететін қауымды 
жаратар еді», – деген (Муслим).
Алланың «Әл-Ғафур» есімі сәт сайын саған кешегі 
өткен қателігіңді ұмытып, сәт сайын санаң тазарып, 
өміріңді жаңадан баста деп айтып тұрғандай. Алланың 
осы ұлы есімімен бірге өмір сүріп көрші. 


iqup
45


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет