О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет13/37
Дата20.07.2023
өлшемі4,58 Mb.
#104576
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
Кешірдім

Кешірімнің дәрежелері
«Егер жабайылар секілді өмір сүргілерің келмесе, 
бір-біріңді кешіріңдер»
Золя Э.
К
ешіру, кеңшілік таныту, ғафу ету, елемеу – 
араларында терең мағыналы айырмашылық 
бар сөздер. Алайда бұл сөздер адамның тазалығын 
ластайтын, жан сұлулығынан айыратын, біраз күшін 
сарқып тастайтын, өміршеңдігін тежейтін жандүниедегі 
ластықтан арылуға көмектесу тұрғысынан алып қарар 
болсақ, бір мағынаны білдіреді. Яғни, адамды рухани 
азаттыққа жеткізу тұрғысынан қарағанда мағыналас 
сөздер. 
Рухани азаттыққа жету ұғымы аталмыш сипаттардың 
жүрегіңді, ақыл-ойыңды тазалап, қатігездік, іштарлық, 
қыңырлық құрсауынан азат етуге көмектесуді мақсат 
етеді. Осындай ұғымдар рухани азаттыққа яғни, 
адам жанына зиян келтіретін қажетсіз сезімнің 
зілінен, жағымсыз сезімнің құрсауына түсуден 
арылуға көмектеседі. Ерекше жеңілдік сезінуге сеп 
болады. Сондай-ақ аталмыш ұғымдар адам жанын 


Кешірдім
54
пайдасыз сезімдермен шұғылдандырмайды, керісінше 
жетілдіреді. Өмірдің өткен-кеткенін ойлап жүрген 
жүрек жетіле алмайды. Өткен өмірдің өкпесін жібере 
алмаған жан болмысы, мақсаты, ой-пікірі таяз жан 
болмақ. 
Өрлеу мен даму адамгершілік қасиеттері жетілген 
жанды қажет етеді. Лайықсыз жерге жуымайды. 
Болмашы, пәс нәрсеге, мейлі, ол іс-әрекет болсын 
немесе ой болсын, тіпті сезім болсын, оған қарай 
тартатын әрбір заттан алыс болады.
Кешірімді болуға толық әдеттену үшін, ол жолда 
міндетті түрде үш істі орындауың керек: 
Бірінші: Өзіңе, болмысыңа 
көзқарасыңды түзеу
Бұл өзіңді, оған қоса тәніңдегі, жаныңдағы 
сипаттарыңды жақсы көру арқылы орындалады. 
Өзіңдегі қателіктерге кешіріммен қарау арқылы, 
бойыңдағы кемшіліктерді және әлсіз тұстарыңды қабыл 
алу арқылы орындалады. Сонымен қатар бойыңдағы 
рухани қуатты ояту арқылы жүзеге асады.
Егер адам мұны тыңғылықты орындаса, нәтижесінде 
екінші іске аман-есен, байыппен жетеді. 
iqup


iqup
55
Екінші: Өзгелерге кешіріммен қарау
Бұл іс саған зиян келтірген әрбір адамды тіпті, 
оны жазалауға күшің жетіп тұрса да кешіріп, оларды 
ойыңнан, сезіміңнен шығарып тастау арқылы 
жүзеге асады. Егер адам осыны орындаса, одан 
сайын байсалданып, көркемдігі арта түседі. Осы екі 
қасиет бірін-бірі демегенде іштен де, сырттан да 
көркем мінезділік келеді. Адам бәлкім, бойындағы 
кемшіліктерге көз жұмып, керісінше өзгенің кемшілігіне 
мүлдем кешіріммен қарай алмауы мүмкін. Нәтижесінде 
өзгелермен қақтығыс орын алуы ықтимал. Болмаса 
керісінше, кейбір адамдар өзгелердің кемшіліктерін 
қабылдап, өзінің кемшіліктерін мойындамауы мүмкін. 
Ақыры іштей арпалысқа түсіп, өзін-өзі жазғырып, сөгіп, 
өмірдің сәнінен, қызығынан айырылып қалуы ғажап 
емес. Өз кезегінде мұндай әрекет жетістікке жетуге, 
ісінің жемісін көруге, өзін де өзгелерді де жақсы көруге 
мұрша бермейді. 
Адамдарға кешіріммен қарауың оған емес, бірінші 
кезекте өзіңе жасаған жақсылығың болып саналады.
Өзгелерге кешіріммен қара. Олар саған қарсы 
істеген әрекеттерін ұғынбай, түбінде жасаған 
жамандықтарының құрбаны болуы мүмкін. 
iqup


Кешірдім
56
Үшінші: өмірде орын алған жайттарға 
кеңшілікпен, кешіріммен қарау
Адам өмірінде жанын жаралайтын, жанын ауыртатын 
қиын сәттерді, жайттарды басынан кешіруі мүмкін. 
Мәселен, мал-мүлік тапшылығын көріп, қатты тарығуы 
ықтимал. Сонымен қатар денсаулығына байланысты 
небір қиыншылықтарды да басынан өткерген болар. 
Жалғасуына өте зәру болған қарым-қатынас әп-сәтте 
үзілуі мүмкін. Біреудің дөрекілік танытуы, қоғам 
тарапынан қыспаққа алыну, қуғындалу, артынша 
жалғызсырау сияқты т.б. жағдайларға тап болуы мүмкін. 
Өмірде 
кездесетін 
жайттарға 
кеңшілікпен, 
кешіріммен қарау қиыншылықтардан өтіп, жан 
жарасын іштей емдеу арқылы жүзеге асады. Өзің 
басқарып 
отырған 
өміріңнің 
жауапкершілігін 
абыроймен арқалап, өткен шақтың тұтқыны болмау 
арқылы жүзеге асады.
Өміріңнің алғашқы он жылдығындағы жан 
ауыртпалықтарын жиырма жасыңа дейін сақтап
жиырма жылдық жан ауыртпалықтарын отыз жасыңа 
дейін сақтап, сосын ішіңде қордаланған жан жарасын 
қырық және елу жасыңа дейін арқаласаң, онда халің 
мүшкіл. Өміріңді ғафу ету, кешірімшіл болу, кеңшілік 
ету сияқты ізгі қасиеттермен жаңартуың қажет. Сосын 
осы қалыппен өміріңнің соңына дейін ғұмыр кешуің 
керек. 
iqup


iqup
57
Өміріңнің ойранын шығаратын мұндай керітартпа 
өмірлік салтты тоқтат. Оны келесі ұрпаққа жеткізбе! 
Саған тумысыңнан немесе қоршаған ортаңнан жұққан 
мұндай жаман әдет өзіңмен аяқталсын. Оны өзгеге 
жуытпа! 
Американдық атақты қос жазушы доктор Уэйн 
Уолтер Дайер мен Линн Лаубер «Менің ұлы ұстазым» 
атты бірге шығарған еңбектерін өте керемет оқиғамен 
аяқтаған. Қысқасы, ол оқиғада Райн есімді жігіттің 
басынан кешірген оқиғасы баяндалған. Райн әкесіне 
сәби кезінде бауырларымен бірге тастап кеткеніне 
ашуланып жүреді. Райн: «Бразилияны мекен ететін 
матис тайпасының көсемі бір күні терең мағыналы сөз 
айтқан, алайда мен оны кейінірек түсінген екенмін. 
Матис көсемі: «Ешкім жыланның шаққанынан өлмейді. 
Бірақ шаққан соң қаныңа араласып, бойыңнан 
шықпай қалған жыланның уы өлтіреді. Ол уды 
бойыңнан шығарып тастауды үйренбесең, ақырында 
түбіңе жетеді. Дегенмен, ең абзалы сол уды толықтай 
қабылдап, кешегі күні қатерлі у болған сұйықтықты 
дауаға айналдыруың», – деп ақылын айтқан», – дейді. 
Бұл бір жағынан алып қарағанда қарапайым әңгіме 
болып көрінеді. Алайда басқа жағынан алсақ, өте 
керемет айтылған ой. Өміріңнің көп бөлігін ойрандаған 
жайттарға және қиыншылық көруіңе, жаныңды 
жаралауға себеп болған оқиғаларға ой жүгіртіп, оларды 
өзгертудің жолын табу – сенің нағыз ұлы ұстазың. Саған 
бұйыратын нығыметтердің ең ұлысы. Бізді қоршаған 


Кешірдім
58
әлемге, сондай-ақ, өзімізге қатысты ұстанымымыз, 
міне, осындай болған жөн.
Өміріңде қандай жайттар орын алмасын, оларды 
өмір жолыңдағы кедергілермен қоса қабыл ал. Біраз 
уақыттан соң, өмір жолыңдағы әрбір кедергі бойыңда 
оңайлықпен тұрғызыла қоймайтын ұлы нәрсенің 
қалануына себеп болғанын ұғынасың. 


iqup
59
EXERCISE
Қағаз алып, оны үшке бөл. Бірінші бөлікке бойыңдағы 
ұнатпайтын барлық дүниені жаз. Екінші бөлікке ойыңа 
оралған сайын, жаныңа бататын жағымсыз естеліктерді, 
жайттарды, істерді жаз. Үшінші бөлікке кешіргің келіп 
жүрген адамдарды немесе есіңе алған сайын көңіліңді 
түсіретін адамдарды жаз.
Бұл жаттығуды жазып отырып орындаудың 
маңыздылығына көңіл бөл. Сұрақтарыңа ойша жауап 
берумен шектелме. Бұл жаттығу іс жүзінде кімге және 
неге кешіріммен қарай алатыныңды анықтауың үшін 
қажет. Ой, іс-әрекетіңді шашыраңқы етпей, дұрыс 
бағытпен, айқын мақсатпен алға жылжып отыруың 
үшін керек. 



І LEVEL
Кешіру


Кешіру
62


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет