жар-жар.
Жар-жар қыз ұзатар үйде ұзататын қызды жұ-
бату үшін айтылатын өлең. Жар-жарды екі жақ болып бас-
тап, соңынан бір жақты етіп жібереді. Олай болу себебі:
жұбатушының сөзіне әуелі жауап қайырылып отырады. Сонан
соң жұбату сөз қыздың жақындарын жұбатуға ауып кетеді. Екі
жақ болған жерінде жұбатушы жақ жігіттер болып, қарсы жағы
қыздар болып айтады.
М ы с а л д а р:
Ж ұ б а т у ш ы ж а ғ ы:
1) Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар!
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар!
Әкем-ай! – деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар!
Әкең үшін қайын атаң онда болар, жар-жар!
Қ а р с ы ж а ғ ы:
Есік алды құба тал майда болсын, жар-жар!
Ақ бетімді көретін айнам болсын, жар-жар!
Қанша жақсы болғанмен қайын атамыз, жар-жар!
Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар!
294
Ж ұ б а т у ш ы ж а ғ ы:
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар!
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар!
Шешем-ай! – деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар!
Шеше орнына қайын енең онда болар, жар-жар!
Қ а р с ы ж а ғ ы:
Есік алды құба тал майда болсын, жар-жар!
Ақ бетімді көретін айнам болсын, жар-жар!
Қанша жақсы болғанмен қайын енеміз, жар-жар!
Айналайын әжемдей қайдан болсын, жар-жар!
Мұнан әрі қарай аға, жеңге, сіңілі турасында да осы ретте
айтылады.
Е с к е р т у: бастапқы ылғи айтылатын екі жол:
Бір толарсақ, бір тобық санда болар,
Қырық кісінің ақылы ханда болар, –
дегеннің орнына:
Алып келген базардан қара насар,
Құйрық сәукеле шашың басар, –
деп те айтылады. Жауаптағы айтылатын екі жол:
Есік алды құба тал майда болсын,
Ақ бетімді көретін айнам болсын, –
дегеннің орнына:
Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда,
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда,
деп айтылады.
2) Қыздың жақындары туралы айтылатын жар-жар былай
келеді:
Шымылдығың серпе сал, көрсін әкең, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып төксін әкең, жар-жар!
Жылда-жылда ноғайдан пұл аламын, жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым десін әкең, жар-жар!
Шымылдығың серпе сал, көрсін шешең, жар-жар!
Көздің жасын көл қылып төксін шешең, жар-жар!
Жылда-жылда боқшама бояушы едім, жар-жар!
Бір міндеттен құтылдым десін шешең, жар-жар!
Осы ретпен ағасы, жеңгесі, сіңілісі, інісі туралы да айтыла-
ды.
295
неке қияр. Неке қияр сөз деп неке қияр кезде екі ара-
да жүретін екі куәнің күйеу мен қыздың ырзалығын сұраған
уақытта айтатын сөздерін айтамыз. Бұл әнмен айтылмайды,
бірақ өлеңше ұйқасқан, дәйім бір қалыпта айтылады.
Куә, куә, куәдүрміз,
Куәлікке жүрәдүрміз.
Мұнда халық қасында,
Таңда хақ қасында,
Екі кісі хақ куәлік бередүрміз.
Пәленшеден жазған (әкесін айтады), пәленшеден туған
(шешесін айтады) пәленше қызды (қызды айтады) халал
жұптылыққа қабыл көріп, алдыңыз ба?
Қызға айтқанда да бәрін осы қалыпта айтып, аяғында
«пәленшеге халал
4
жұпты болдыңыз ба?» дейді.
Беташар. Қыз келіншек болып түскенде бетін көрсетпейді.
Ауылға келерде алдына шымылдық ұстап, перделеп келтіреді.
Үйге кірген соң да алдына шымылдық құрып, қыз-келіншек,
бала-шағалар ғана болмаса, басқаларға көрсетпей қояды. «Бе-
ташар» айтылғаннан кейін беті ашылып, шымылдық алынып,
ғұрып бойынша көрінетін адамдарына келіншек сонан соң
көрінеді.
Беташарды әндетіп айтпайды, жай шұбыртып, өлең түрінде
ұйқастырып айтады. Беташар әуел басында толып жатқан
нұсқау, жол, ереже (орысша айтқанда устав) түрінде айтылып,
келіншекке естіртіліп, орнына келтіруге керек деген мағынада
шығарған сөз. Бұл күнде «отқа май салу» сияқты ғана әдет
мағынасына айналып кеткен беташар түрі қандай болатыны
«Өлеңді сөйлемдер» деген бапта көрсетілген.
жоқтау. Жоқтау – өлген кісіні жоқтап сөйлеу. Жоқтау
көбінесе белгілі адамдарға айтылады. Өлген адамның қатыны,
иә қызы, иә келіні зарлы үнмен өлген адамның тірідегі істеген
істерін, өлгенінше бастарына түскен қайғы-қасірет, күйіктерін
шағып, жылағанда айтатын жыр түріндегі сөз – жоқтауды
көбінесе ақындар шығарып береді. Сондықтан жоқтау ақын
лұғатты келеді.
Мысалы: Бөпе төренің қарындасы күйеуі өлгенде жоқ-
тағаны:
4
Халал — араб сөзі, «заңды», «рұқсат етілген» деген мағынада.
296
Күлдер белбеу белімде,
Азалы болдым елімде.
Бөпекем жарлық берген соң,
Жүре бердім жөніме.
Бас, бас өлім, бас өлім,
Басынан келген осы өлім.
Жапырағын жайқалтып,
Жарлыны алған осы өлім.
Құдай досты Мұхаммет,
Оны да алған осы өлім.
Қылышынан қан тамған
Әліні алған осы өлім.
Өлімнің несі уайым?
Бұл істі салған Құдайым!
Қара бір шашым жаяйын!
Жаяйын да жияйын!
Қыналы бармақ, жез тырнақ,
Күнде қанға бояйын!
Албыраған ақша бет,
Сүйегіне таяйын!
Мөлдіреген қара көз,
Жаспенен оны ояйын.
Алшаңдап жүрген жас төрем,
Орныңа кімді қояйын?!
Орқаш та орқаш, орқаш тау!
Бауырың толған көк бастау!
Топ ішінде қиын да екен
Жалғыз енді сөз бастау.
Басыма салған қарам не?
Мен жыламай, кім жылар,
Бетімдегі жарам не?
Бұғастың бойын өрт алды,
Жүректің басын дерт алды.
Он жеті жасар Әбижан,
Қорасан деген дерт алды.
Асыл да гауһар болатым,
Ұшайын десем, қанатым,
Әкем қосқан қосақтан
Айырды шебер Құдайым.
297
Алты атанға жүк арттым,
Ала арқанмен бек тарттым.
Алдынан жүрмес әкекем,
Құшақтап тұрып сөз қаттым.
Арғымақ үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар.
Алғанын бейбақ сағынса,
Қаннан ендік (далап) жағынар.
* * *
жарапазан. Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ора-
за уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып,
жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар, сауап бола-
ды деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы
шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп
етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен
адамдар болады. Жарапазан айтатын екеу болып жүріп айтады.
Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады.
М ы с а л д а р:
Айтушы:
Байлар, жатырмысың, ұйқылы-ояу,
Тұсыңа Қыдыр келді атты-жаяу.
Мұхаммет үмбетіне жарапазан!
Қостаушы:
Жарапазан, жарапазан!
Алла, Құдай биі рамазан!
Айтушы:
Осы үйдің шаңырағы шап-шақ қана,
Жеңешем ішіндегі аппақ қана
Береді бізге орамал сақтап қана;
Біз барамыз үйімізге мақтап қана.
Мұхаммет үмбетіне жарапазан.
Қостаушы:
Жарапазан, жарапазан!
Алла, Құдай биі рамазан!
Айтушы:
Қой ішінде екі қошқар теңеседі;
Бай, бәйбіше екеуі кеңеседі.
298
Бай айтар: «Саулық берсек кетер еді»,
Бәйбіше айтар: «Жаулық берсек кетер еді»,
Мұхаммет үмбетіне жарапазан.
Қостаушы:
Жарапазан, жарапазан!
Алла, Құдай биі рамазан!
Айтушы:
Жарапазан айтқанның сауабы бар,
Отыз күн оразаға жауабы бар,
Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар?
Боз шұбар астымдағы шу, жануар,
Мұхаммет үмбетіне жарапазан!
Қостаушы:
Жарапазан, жарапазан!
Алла, Құдай биі рамазан!
Бата. Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны
ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар – басы бар табақты
тартуға алып келгенде, асты жеп болғанда да бата қылады.
Көбінесе бата тамақ жеп болған соң істеледі.
М ы с а л д а р:
1. Құдай, оңда!
Оңға баста!
Абиыр бер!
Аман сақта!
2. Құдайым жарылқасын, бай қылсын;
Төрт түлігін-сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін!
Кең пейіл берсін!
3. Құдайым оңдасын!
Оңдағанның белгісі
Мың саулығың қоздасын!
Сексен інген боталап,
299
Сегіз келін қомдасын!
Тіленшінің биесін берсін!
Үйсін, Қоңырат түйесін берсін!
Бүткіл аруақтарға тие берсін!
* * *
4. Асың, асың, асыңа!
Береке берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Сенен байлық өтпесін.
Тәңірі берген несібең
Тепкілесе, кетпесін.
Желіңнің екі шетіне
Тай шаптырса жетпесін.
Кешке келіп жамырасқан,
Шуылдасып, маңырасқан
Қошақанның анасы
Саулық бассын үйіңді!
Бақайлары сыртылдап,
Мүйіздері жылтылдап,
Бұзаулардың анасы
Сиыр бассын үйіңді!
Шудаларын шаң басқан,
Артқы өркешін қом басқан,
Ботақанның анасы
Інген бассын үйіңді!
Шіңгір-шіңгір кісінескен,
Құлыншақтың анасы
Бие бассын үйіңді.
(Ғұрып сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың
120, 126-ыншы нөмірлерінен қара).
Қалып сөзі. Қалып сөзі деп тұрмыс қалпында болатын іс-
тер сарынымен айтылатын сөздерін айтады.
300
Мәселен, бал ашқанда, ауру басқанда бақсылардың жын
шақырғанда, тіс емдегенде құрт шақыру, мал бәдік болғанда,
адамға күлапсан шыққанда бәдік иә күлапсан көшіру, бала тер-
беткенде айтатын бесік жыры – осылардың бәрі қалып сөздің
табына жатады.
жын шақыру. Бақсылар жын шақырғанда сарнап, өлең-
ше ұйқастырып, түрлі сөздер айтады. Алладан, әулиеден әруақ-
тардан жәрдем тілейді. Жындарының атын атап, соларға сөз
айтқан болады. Қобызымен серттескен болады. Солардың бәрін
үйлестіріп, ұйқастырып, әдемі түрде айтады.
М ы с а л д а р:
Әуелі Құдай есімі Алла!
Іс бастаймын бісміллә!
Тайғақ кешу, тар жолда,
Жарылқа, Алла, әр жолда!
Алтын сандық хазірет,
Сыйынғанда медет ет!
Әбиір бер әр жерде,
Айналайын құдірет!
Исламға пана Мұхаммет,
Сыйындым сізден бір мезет!
Су басында Сүлеймен,
Сізден де медет тілеймін!
Күн көзінде әулие,
Жер жүзінде әулие,
Машырықтағы әулие,
Мағрыптағы әулие,
Тауда жүрген әулие,
Таста жүрген әулие,
Көлде жүрген әулие,
Шөлде жүрген әулие,
Бәріңнен медет тілеймін!
Жаңа келді шара бас,
Алпыс қойдың терісі
Бөрік шықпаған шара бас.
Жетпіс қойдың терісі
Жең шықпаған шара бас.
301
Тоқсан қойдың терісі
Тон шықпаған шара бас.
Жаңа келді дәу пері.
Жаңа келді күн пері,
Жаңа келді су пері.
Жаңа келді Ай қожа,
Жаңа келді Күн қожа.
Ойдан келді ол қожа,
Қырдан келді ол қожа.
Айналайын нұр қожа,
Сол қожаның ішінде
Әсіресе бір қожа.
Жаңа келді қолаң шаш,
Екі иінімнен мықтап бас!
Жаңа келді Теңгетай,
Жаңа келді Жирентай.
Перілердің бәрі де
Үстіне бір мінген тай.
Осыншама шақыртып,
Келмеймін, деп шаршатты-ай!
Ай, қобызым, қобызым!
Әбден де болжа, доңызым!
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған, қобызым!
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған, қобызым!
Қызыл қыршын тобылғы
Жәшік қылған, қобызым!
Желмаяның терісінен
Қапшық қылған, қобызым!
Жүйрік аттың құйрығын
Ішек қылған, қобызым!
Ор текенің мүйізін
Тиек қылған, қобызым!
Тасқа шыққан ырғайдан
Құлақ қылған, қобызым!
302
Сексендегі кемпірдей
Белі бүкір, қобызым
Буаз қатын секілді
Арты шүмек, қобызым!
Әбден де болжа, доңызым!
Құрт шақыру. Тісі ауырған адамнын тісін құрт жейді деп,
сол құртты түсіру үшін емшілердің айтатын сөздері болады.
Сол құрт шақыру сөздері деп аталады.
М ы с а л д а р:
Тойғын-тойғын түйе кел,
Төңірегін жия кел!
Ақ желегін сала кел!
Ағайыныңды ала кел!
Сарбас тұйғын, күйіт, күйіт!
Қара бас тұйғын, күйіт, күйіт!
Жайлаған жерді жау алды,
Қыстаған жерді өрт алды.
Жайлаған жерден қашып кел!
Жайнаған жауды басып кел!
Қыстаған жерден қашып кел!
Қаптаған жауды басып кел!
Жетер-жетер, күйт, күйіт!
Басар-басар, күйіт, күйіт!
Арқадағы алты құрт,
Арқаласып келер құрт.
Желкедегі жеті құрт,
Желкелесіп келер құрт.
Ауыздағы алты құрт,
Азуласып келер құрт.
Басар, басар, кә, кә!
Басып келер, кә, кә!
Жетер-жетер, кә, кә!
Тұйғын-тұйғын, кә, кә!
Түйінсеп келер, кә, кә!
Дерт көшіру. Малда болатын бәдік деген ауруды, адамда бо-
латын күлапсан деген ауруды қазақта өлеңмен емдеу бар. Бәдік
303
болған малды, күлапсан болған адамды ортаға ала қоршай
отырып, қыз-бозбала жиылып, өлең айтып, «Көш! Көш!» деп,
анда-санда айқайлап қояды. Өлеңдері онша көркем болмайды.
Ұйқасқаны болмаса, жай сөз сияқты көріксіздеу келеді. Бәдік
пен күлапсан өлеңі бір мазмұнды болады.
М ы с а л д а р:
Айтамын айт дегеннен, айда күлап!
Жыландай сүйегі жоқ майда күлап!
Күләбі бұл баланың аяғында,
Болмаса аяғында, қайда күлап?
Күлапсан бұл баланың көзінде еді,
Көмекей көзінде емес, безінде еді.
Бір қиял айтпайын деп ойлап едім,
Бұл бала өлемін деп безілдеді.
Күлапсан, көшер болсаң, қалаға көш!
Қаланың іші толған шанаға көш!
Таппасаң онан жайлау, мен айтайын,
Қалада көзі шегір балаға көш!
Күлап құрғыр деген соң, күлап құрғыр!
Шоңқайып жол үстінде ома тұрғыр!
Жеріне ома тұрған жасыл түсіп,
Оқ өтіп, тас төбеңнен Құдай ұрғыр!
Ұшына орамалым түйдім тары,
Кетпейді жаз да болса таудың қары.
Көш! Көш! – деп біз кетелік, жүр!
Кетелік! Күлаптың көшіп кетсін қалмай бәрі.
(Жиенғали жиғаннан)
Бесік жыры яки бала тербету. Баланы ұйықтату үшін айта-
тын өлең. Бала тербету түрліше айтылады, бірақ бәріне бірдей
жалпы келетін де жерлері бар.
М ы с а л д а р:
Әлди, әлди, ақ бөпем!
Ақ бесікке жат, бөпем!
Құнан қойды сой, бөпем!
Құйрығына той, бөпем!
Бәрін жеп өзің тауыспай.
Маған-дағы қой, бөпем!
304
Әлди, әлди, аппағым!
Қозы жүні қалпағым!
Жұрт сүймесе, сүймесін!
Өзім сүйген аппағым!
Әуіп, әлди, әуіп, алдаш!
Етегінде қуырмаш.
Жейін десе, тісі жоқ,
Кісіменен ісі жоқ.
Қарағым менің қайда екен?
Қыздарменен тауда екен.
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан қайда екен?
Жаңа теріп жүр екен.
Айналайын айымыз!
Алты қарын майымыз!
Жеті қарын жентіміз!
Шаһар Бұхар кентіміз!
(Қалып сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың
27, 130-ыншы нөмірлерінен қара).
305
жАзУ әДеБиет
Жазу әдебиет деп жазылған шығармаларды айтамыз. Жа-
зылған шығармалар қазаққа жазу тарай бастағаннан бері қарай
шыққан сөздер. Қазаққа жазу дінмен бірге келген. Қазақ ішін-
де молдалық қылып дін үйретушілер, бала оқытушы қожалар,
ноғай молдалар болған себепті жазба сөзді шығарушылар
да бастапқы уақытта солар болған. Қазақ ішінде олар көп
тұрып, қазақтың тілін, мінезін жақсы білген. Қазақтың өлеңді
сөзді сүйетін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар өлеңмен
үйреткен. Шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая,
өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп,
көңілдеріне қондырған, басқа мұсылмандардың тіліндегі діндер
түрде шығарған. Ертегі өлеңдерді қазақтың ертегі жырларының
түріне салып, қазақ тіліне аударулары дін шарттарын, шариғат
бұйрықтарын өлең арқылы білдіру мақсатпен істелген іс, бірақ
қожалар, ноғай молдалар көбінесе ақын болмағандықтан,
қазақтың ертегі жырларындай келістіріп, мұңды, зарлы, әдемі
қылып шығара алмаған. Шығармаларының сөзімен мәздемей,
ертегінің жаңалығымен, әңгімесінің қисынымен қызықтырып,
тамұқтың азабымен қорқытып, жұмақтың рақатынан
үміттендіріп, дін арқылы тыңдаулы қылған. Қожалардың,
молдалардың ішінен Шортанбай, Ақмолда сияқты ақындар
шыққаннан кейін, жазба сөздері бітегене дәмділенген, бірақ
қайсысында да болса, белгілі бағыт болмаған. Шығарған
сөздері, бағыт жағынан қарағанда, адасқан адамның ізі сияқты,
бәрінің де адаспайтын жалғыз жолы – дүниеге қызықпай,
ақыретке азық жи деу, ғұшыр
5
, зекет, пітір, садақа беру, жаназаға
мал байлау, намаз оқу, ораза ұстау, қажыға бару жағынан ақыл
айту бағыттары бәрінің де бірдей. Бұл жағынан ұлақбайды,
басқа жағынан іздері былғалақ-шылғалақ, адам біліп болар
емес. Домбыра тарту, ән салу, өлең айту сияқты халықтың
үйреншікті зауықтарына дейін күнә деп, тыйғысы келген.
Бірақ ұзын арқан, кең тұсауға қалыптанған қазақ шариғаттың
тар тұсауына үйрене алмаған. Шыдатпай үзіп, өз жөнімен
жүре берген, сондықтан жазу әдебиетпен қатар, қазақтың ауыз
әдебиеті жоғалмастан, түгел күйінде сақталған.
5
Ғұшыр – араб сөзі, «салықтың бір түрі» деген мағынада
306
Молдалардан шыққан жазу әдебиет дінге қызмет қылса
да, тілге қызмет қылмаған. Тілді ұстарту, әдебиетті күшейту,
көркейту орнына, тілді бұзған, аздырған. Қазақтың тұтынған
тілімен жазбай, шығарушылар: «Кітаби тіл», «Әдеби тіл»
деп, ноғай тілімен яки сарт тілімен жазған. Қазақтың тілінде
басылған бұрынғы шығармаларды алып қарасақ, қазақ тілі
болмай, қазақ пен ноғай тілінің араласқан қойыртпағы бо-
лып шығады. Ол қойыртпақ тіл қожалар, молдалар шығарған
сөздерде ғана емес, қазақ молдаларының шығарған сөздерінде
де бар. Бұл кемшілік егерде баспа кітаптар жүзінде ғана бол-
са, бастырған ноғайлар бұзды дер едік олай емес, жазу солай
екендігін қазақ молдаларының өз қолымен жазған жазула-
ры көрсетеді. Әдебиетті молдалар дін бесігіне бөлеп, таңып
тастаған себепті әдебиет көпке дейін өңдеп өсе алмай, мешел
болып, аяғын баса алмай жатқан, сол күйінде тұрғанда орыс
үкіметінің саясаты келіп килігеді. «Қазақ діні шынығып жетпе-
ген шала мұсылман халық, мұны мұсылман дінінен христиан
дініне аударып жіберу оңай» деген пікірмен, орыс үкіметі қазақ
пен ноғай арасына жік салып, екеуін айырғысы келеді. Оның
үшін қазақ байлары ноғайша оқымай, орысша оқитын боларлық
саясат жүргізеді. Қазақ балалары үшін школ ашады, ноғайға
қазақтың жазу жағынан сорпасы қосылмас үшін араб әрпін
қалдырып, қазақ тіліндегі кітаптарды орыс әрпімен басады.
Орыс өзіне тартып, ноғай өзіне тартып, екеуі екі жаққа сүйреп
жүргенде, қазақ орыс әдебиеті арқылы Европа жұрттарының
әдебиеттерімен танысады.
Бұрын қазақта жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Дін
күшімен емес, тіл күшімен өзін тыңдайтын сөздер шыға бас-
тайды. Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты – дінді жаю,
дінді күшейту болса, соңғы әдебиеттің бас мақсаты – тілді
ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сүйтіп, жазба
әдебиеттің өзі екі дәуірге бөлінеді: 1) діндар дәуір, 2) ділмар
дәуір. Діндар – діншіл деген мағынада, ділмар – тілшең деген
мағынадағы сөздер.
Қазақ әдебиетінің діндар дәуірі де, ділмар дәуірі де халық
әдебиетін дамытып, күшейтуден туған дәуірлер емес, басқа
жұрттардың әдебиетінің әсерінен туған дәуірлер. Діндар дәуір
307
әдебиетімізге араб, парсы әдебиетінен үлгі алып, соларға елік-
тегеннен пайда болған. Ділмар дәуір орыс әдебиетінен өнеге
көріп, үлгі алып, соған еліктеуден пайда болып отыр. Мұндай
бір жұрт екінші жұрттан әдебиет жүзінде үлгі алу жалғыз
бізде ғана болған іс емес, барша жұрттың басында болған іс.
Осы күнгі әдебиеттің түп үлгісі грек жұртынан алынған. Грек
әдебиетінен үлгіні Рум алған, Европадағы басқа жұрттар алған.
Біздің орыс та әдебиет үлгісін Европадан алып отыр, біз орыс-
тан алып отырмыз.
Жазу әдебиетіне басқа жұрт үлгісі қатысқандықтан, біз-
де жазу әдебиет шығармаларын діндар дәуірдікі болсын, діл-
мар дәуірдегі болсын ауыз әдебиетше тұтыну орнына қарай
бөлмей, айтылу орнына қарай бөлеміз. Басқа жұрттардың
әдебиеті де солай бөлінетіні «Дарынды сөз түрлері» деген
бапта жалпы түрде ғана айтылып өтіп еді. Енді қандай түрге
бөлінетінін, қандай сөз қай табына қарайтындығын толығырақ
түрде баяндамақпыз.
Жазу әдебиеті негізінде үшке бөлінеді:
1. Ертек (әңгіме). 2. Толғау, 3. Айтыс-тартыс. Жазу әде-
биетінің ертек түріне кіретін сөздері – ауыз ертек, ертек жыр,
тарихи жыр, мысалдар сияқты сөздер. Толғау табына кіретін
ауыз толғау, жоқтау сияқты көңіл күйінен шығатын сөздер.
Айтыс-тартыс табына кіретін сөздер түрі ауыз әдебиетте
жоқ. Ашып айтқанда, ауыз әдебиетте айтыс-тартыс түріндегі
сөздердің ауыз әдебиетте айтысы бар да, тартысы жоқ. Ай-
тыс-тартыс түріндегі шығармалар жалғыз қазақта ғана емес,
басқа жұрттардың да ауыз әдебиетінде болмаған, айтыс-тартыс
түрдегі шығармалар өте шеберлікті керек қылғандықтан, өнер
күшейген кезде шыққан.
308
ДінДАр ДәУірі
Діндар дәуір ауыз әдебиет түріне түр қосып жарытқан жоқ.
Анайы әдебиеттегі шығармалардың түрлерінен діншілдігімен
айырылмаса, айрықша түр-тұрпатымен айырыла қоймайды.
Діндар жағының басымдығымен айырылатын түрлері мынау:
қисса, хикаят, мысал, насихат (үгіт), мінәжат, мақтау, даттау,
айтыс, толғау, терме. Бұлардың әрқайсысын қысқаша баяндап,
мысал келтіріп, сыр-сипатын көрсетіп өтейік.
1. Қисса – өлеңмен жазылған, көбінесе діндар әңгімелер. Бұл
әңгімелер қазақ тұрмысынан сөздер емес, басқа жұрттардың
ертектері. Мазмұнына қарағанда қисса екі түрлі:
а) Дінді қасиеттеу үшін мұсылман дінінің артықтығын,
асылдығын халықтың құлағына сіңіріп, көңіліне қондыру
мақсатымен шығарған қиссалар. Бұлар кәпірлермен соғысқанда
Құдай қолдап, мұсылманның жеңгендерін, кәпірлердің дінге
енгендігін сөйлеп өтеді.
ә) Шариғат бұйрықтарын орнына келтірмеген адамдардың
өмірінен де мысал келтіріп, келтіргенге не болғанын, келтір-
мегенге не болғанын көрсетіп, елге шариғат бұйрығын істеу
мақсатпен шығарған қиссалар. Мұндай қиссаларды өлеңшілікті
тіленшілікке айналдырып жіберген ақындар, жыршылар
сияқты Алланы азыққа, тамаққа айналдырып жіберген молда-
лар шығарған: зекет, ғұшыр, пітір, бедие сияқты нәрселердің
берілетін орнын айтпайды, беру керектігін айтып зарлайды
(берсе, кімге беретінін айтушылар өзі біледі).
Бастапқы түрлі қиссалар «Зарқұм», «Сал-сал», «Сейфул
Мәлік» сияқты ұзақ келеді. Соңғы түрлі қиссалар «Мұса мен
Қарынбай», «Жұм-Жұма» сияқты қысқа келеді. Ұзақ қисса-
лардың мазмұнын айтып, мысал үшін көрсетуге көп орын ала-
ды, сондықтан қысқа қиссалардың бірінің мазмұнымен ғана
таныстырып өтейік.
Мәселен, алайық «Мұса мен Қарынбай» қиссасын. Шыға-
рушы Жүсіпбек Шайхыісләмұлы. Бұл қисса не мақсатпен
жазылғаны қиссаның мазмұнынан, жазушының бастау сөзі мен
аяқтау сөзінен де көрініп тұр. Бастамасындағы сөздің түрлері
мынау:
Жарандар, бұл сөзіме құлағың сал:
Аузымнан шыққан сөзім шекер мен бал.
Өзім білген кітаптан оқып көрдім,
Жарандар, арам дейді зекетсіз мал.
309
Малайы құдіреті көп паруардегер,
Құдайға жақсы пенде құлдық қылар.
Малыңнан қайыр, зекет бермей өтсең,
Ақыретте қарныңнан тас шығарар.
Қиссаның қысқаша мазмұны мынау: Қарынбайға зекет бер-
гіз деп Құдайдан Мұсаға әмір келеді. Мұса Қарынбайға барады.
Қарын малы сөзсіз көп бола тұрып, Мұсаға мал союға қимай,
мысық сойып, алдына әкеліп қояды.
Мұса «мыш-мыш» дегенде, табақтағы ет мысық болып
тұра келеді. Қарынға қатты ашуланады, бірақ «малыңнан зе-
кет берсең, мысық сойған күнәңді кешемін»,– дейді. Қарын:
«Саған зекет беретін қолайлы малым жоқ»,– дейді. «Зекет
бермесең, жер жұтсын!»,– деп, ақырында періштелер келіп,
жер кіндігін тартады. Жер тартып, Қарын белуарынан кіреді.
Мұса қолынан ұстап тұрып: «Зекет бересің бе?»,– деп сұрайды.
Қарын: «Өлтірссң де бермеймін»,– дейді. Мұса: «Тарт, тағы!» –
деп әмір еткенде, Қарын жерге иегінен енеді. «Зекет бермесең,
Құдай жүзін көрмейсің, малың шаян болып шығады. Жаһаннам
түбіне кетесің»,– деп Мұса үгіттесе де, Қарын болмайды.
«Өлтірсең өлтіре бер, бірақ мал бер деген сөзді аузыңа алма!»,–
дейді. Мұса: «Өз обалың өзіңе, бар!» дегенде, Қарынды мал-
мүлкімен жер тартады. Сол күйі мал-мүлкімен әлі күнге дейіп
Қарын жерге жұтылумен барады дейді. Қиссаның аяғында жа-
зушы былай деп тағы үгіттейді:
Әй, мұсылман жарандар,
Малыңнан зекет беріңіз!
Бірлігін хақтың біліңіз!
Хақ жолымен жүріңіз!
Пәк болады дініңіз.
Бұ дүниенің, жарандар,
Сағатындай болмайды
Ақыретте күніңіз.
Әй, жамағаттар, жарандар!
Сөзіме құлақ салыңыз!
Жақсыдан ғибрат алыңыз!
Арам болар, жарандар,
Зекетсіз жиған малыңыз.
Шариғаттан сөз айтқан
Молданың тілін алыңыз!
310
Құдай берген таусылмас,
Өлшеп берген дәміңіз.
......................................
Бұл сияқты сөздердің мақсаты айқын болғандықтан, көп сөз
қылудың қажеті жоқ. Молдаларға пайдасы көп, үйткені зекет
берсе, молдаға беретіні мәлім. Жұртқа келтіретін зияны көп,
әсіресе тілге келтіретін зияны есепсіз.
2. Хикаят. Діндар дәуірдің өнеге үшін шығарған әңгімелері
хикаят деп аталған. Хикаят дін үйрету ғана мақсатпен
шығарған сөздер емес, діннен басқа жағынан да өнеге көрсету
үшін айтылады. Сондықтан хикаят тақырыбы түрлі-түрлі бола-
ды.
М ы с а л:
Бекер босқа жүргенше бойды балап,
Жақсы депті әр іске қылған талап.
Пайғамбары құданың заманында
Жүреді екен бір жігіт бекер қарап.
Қылып жүрер бір жұмыс өзге пенде,
Бекер жүрер бірақ та сол көргенде.
Түс суытып, қарамай өтеді екен
Ол жігітке Пайғамбар кез келгенде.
Жолыққанда бір сапар күліп өтті,
Көргеннен-ақ қарасын күлімдепті.
«Сахабалар тақсыры-ау, күлмеуші еңіз,
Не себептен күлдіңіз бүгін?» – депті.
Айтты сонда: «Себеп бар күлгенімде,
Күлмеуші едім жолықса ілгеріде.
Екі шайтан қасында жолдас еді,
Бекер қарап ілгері жүргенінде.
Отыр екен бұл сапар жерді сызып,
Жолдастықтан қашыпты шайтан бұзып.
Келіп екі періште, қасында отыр!
Сол себептен күліп ем көңілім қызып».
Бекер жүрген батады бәлекетке,
Адам болсаң, жолама ол әдетке.
Құры қарап жүргеннен артық дейді
Пайдасыз бекер қылған әрекет те.
(Молда Мұса)
3. насихат. Насихат деген – ақыл, үгіт мағынасындағы сөз,
діндар дәуірдегі үгіт өлеңді шығарушылар насихат деп атаған.
311
Діндар дәуірде насихат айтушылар насихатын да шариғат жо-
лына тіреп айтқан. Мәселен, Әбубәкірдің ұрыға айтқан насиха-
тында былай дейді:
Бала едің иман жүзді, жылы деген,
Жігітке тәуір ат па ұры деген.
Ақсақал батасын ал, бұлай етпе,
Берекет таба алмассың мұныменен.
Адалда, бір де болса, берекет бар,
Арамның ер байымас мыңыменен.
Не пайда көрді ата-анаң асыраған,
Кемдікке арланады асыл адам.
Дүниеде берекетті бақыт табар
Құдайдың бергеніне тасымаған.
Алланың рақметінен құр қалады
Жаһанда сендей болған пасық адам.
Кемдікке еті қызып ренжімес
Сүйекте қасиет жоқ жасық адам.
Жаһанда кім десеңіз ұры болар,
Алланың рақыметінен қашық адам.
Сол Әубәкірдің қатынға айтқан насихатында мынадай сөз
бар:
Ей, қатын, араз болма, еріңменен!
Бәлені шақырмаңыз көрінбеген.
Қажымен қарап тұрып дұшпан болсаң,
Басың да қатар болар өлімменен.
Үгіттеп екеуіңді қоса келдім –
Ағашты жабыстырған желімменен.
Бұл қажы жас күнінде қызды құшқан,
Алаштан таңдап алып, сізді құшқан.
«Қатынның ері – пірі» деген сөз бар,
Еріңмен тірлікте болма дұшпан.
Еріне қызмет қылған жақсы әйел
Сиратта қыл көпірден құстай ұшқан.
Жан болсаң ақылың бар, түсінерсің,
Көрсеткен, ей, жеңеше, менің нұсқам.
Жақпаса қатын ерге – жатқа жақпас,
Екінші, тірлігінде халыққа жақпас.
Ішіне қараңғы көр кірген күні
Кеп болар қайыр, ғазап тыныш жатпас.
Насихат болады мынадай сөздер де:
312
1) Атқа мінген азамат,
Халалдық қыл да, тап залал!
Пайдасын ақыр көрерсің.
Харамдық қыл да, пайда тап!
Залалын ақыр көрерсің.
Бүгін жеген қатыңды
Таңында бір күн берерсің.
Алып барар малың жоқ,
Иманыңменен төлерсің.
Пақыр, міскін кез келсе,
Дүниеде қайыр қыл!
Мақшарда нұрға қанарсың.
Жетім менен жесірге
Қор тұтынып сөз айтпа,
Сен де сондай боларсың.
Досыңа жақсы орын бер!
Кетсе, өзің қонарсың.
Мектепке бер, балаңды!
Залым болса – жаннемге,
Ғалым болса ағарсын.
Жазғытұрғы тұқымға
Не шашсаң, соны орарсың.
Жамандықты кейін қой!
Бүгін кейін қалсаң да,
Ақырында озарсың.
(Әбубәкір)
2) Билер, пара жемеңіз!
Жалғанды жолдас демеңдер,
Ақырет қамын іздеңдер!
Жанға тіпті тимеңдер!
Кісі ақысын алмаңдар!
Аузыңа арам салмаңдар!
Дүние жиып өткен жоқ
Бізден бұрынғы Пайғамбар.
Сөз айтайын, үлкендер!
Құдайдан қапы кетпеңдер!
Әлің келсе, Мекке бар,
Старшын, болыс болам деп,
Ысырап қып мал төкпеңдер!
(Шортанбай)
313
4. Мінәжат. Діндар дәуір мұңды, зарлы сөздеріне мінәжат
деп ат қойған. Әуелінде мінәжат деп ғұламалардың Құдайға
айтқан зары, арызы, наласы айтылған. Бара-бара зарлық,
мұңдық мағынасына айналып, зарлы өлең сияқты сөздер де
мінәжат деп аталатын болған. Мәселен, Сейдахмет ақын мынау
сөзіне «Мінәжат» деп ат қойған:
Құдай-ау, мен не жаздым, бұл заманға?
Қадірі болмайды екен жұртқа аманда.
Ел, жұрттың қасиетін қоян алып,
Болмайды еш қадірім бір адамға.
Секілді ай мен жұлдыз аспандағы,
Қажетің түссе егер бір наданға.
Үйіме келсе мейман анда-санда,
Қолыма мал түспейді қамдасам да.
Әйтеуір мұқтаждықтың жолы қиын,
Қатардан қара басым қалмасам да.
Әрбір мейман келгенде ұяламын,
Тілегім қабыл емес зарласам да.
Бір күнде іздеп тапқан кетті достар,
Сұрасқан хал-ахуал көңіл хоштар.
Деміндей айдаһардың тартқан достың
Бірі жоқ осы күнде қолмен ұстар.
Қатқан соң қабағына қар менен мұз,
Қалды ғой қараса алмай қыран құстар.
.................................................................
Бұл сөзден көрінеді: мінәжат түріндегі сөз әман Құдайға ай-
тылатын сөз емес, басын ғана Құдайға қаратып айтып, ар жағы
әншейін мұң сөзі болатыны. Мінәжаттың басын алып тастаса,
басқасы мұң, толғау, зарлау болады. Құдайға қаратып бастауы-
мен мінәжат болатын болса, мынау сөз де мінәжат болуға тиіс:
Құдая, құдіретіңе таң қаламын,
Жолында бір ғашықтың зарланамын.
Ішімді ғашық оты күйдіреді,
Сыртыма шығаруға арланамын.
Бірақ бұл мұзмұнына қарағанда мінәжаттан гөрі ғашық
толғауы-на жақын. Нағыз мінәжат төмендегі түрлі сөздер
боларға керек.
Ғашырбек соғысып жүргенде байлауда тұрған Жүсіпбек
Құдайға, тауларға мінәжат етіп айтқан сөзі:
Он сегіз мың ғаламның
Падишасы едің Құдайым!
314
Құдая, саған жылаймын,
Кешіргейсің күнәйім!
Өзіңнің нашар пендеңмін,
Әр жапаңа көнгенмін.
Ғашырбектей тағама (нағашыма)
Медет берер күн бүгін!
Он сегіз мың ғаламды
Халық қылып бар еткен,
Неше әулие, әнбие,
Неше хакім пана еткен!
Ғашыр сұлтан тағама
Медет берер күн бүгін!
Кәпір патшасы Жүсіпбектің сөзіне ашуланып, дарға асуға
бұйырғанда, Жүсіпбек медет тілеп айтқан мінәжаты мынау
дейді:
Он сегіз мың ғаламның
Падишасы едің Құдайым!
Құдая, саған жылаймын,
Кешіргейсің күнәйім!
Кәпірлер аспақ таладар
Дар үстінде еттім зар.
Дін шырағы Мұхаммет,
Сенен басқа кімім бар!
Құдай шері, иә, Ғали,
Біздерден болшы хабардар!
Айналайын Имам ағзам!
Қанша болды менің жазам?
Кәпірлерден жетті қазам.
Шын қақиқат қозым деп,
Назар етер күн енді!
........................................
5. Мақтау. Діндар дәуірдің мақтау өлеңінде діндарлық
көрініп тұр. Діндар дәуірден ілгергі ақындардың сөзінен дін-
дар дәуірдің ақындарының сөзінде керек емес артық сөздер
толып жатыр. Көбінің мақтауы да орынсыз келеді. Аят
оқитын адамша көбі өлеңдерін ағузу мен бисмилладан бастай-
ды. М ы с а л ы: сарт Жақып деген ақынның Әлмағамбет судь-
яны мақтаған сөзі былай басталады:
Әуелі ағузу билла бастағаным,
Жарамас Хақтың есімін тастағаным.
315
Бисмилла рақыман рақым деп,
Етпекке шәні мадық қастағаным.
Тартамыз ағузу билла әуел бастан,
Бисмилла сөз тартылса, шайтан қашқан.
Тұсында әр патшаның бір сұрқылтай,
Тұра алман етпей қарап шәні дастан...
.............................................................
Екінші бір Жорабай ақын деген сол Әлмағамбет судьяны
мақтаған сөзін былай бастайды:
Бастаймын бұл сөзімді бисмилладан,
Қағазға бисмилла деп тартам қалам.
Жаппарым адамзатты әрқашан да
Сақтасын мұсылманды есен-аман.
Әлеке Жармолаға келіп тұрды,
Үміт көп соның үшін бір құдадан.
Жайықта даңқы шығып жатушы еді,
Келтірген бұл араға біздің талан.
Мақтауда ұлы мақсат, таза қошемет, таза ықылас болмаған.
Анайы ақындар сияқты тікелей сұрамағанмен, әкім болған,
төре болған, ықпалы жүрген адамдардың жылы назарында
болу мақсатпен көбі жарамсақтанып, жәрәукеленіп айтқан.
6. Даттау. Сөгу, жамандау, айыбын, мінін айту – бәрінің
жалпы аты даттау болады. Даттау табына бір адамның
басындағы мінін айтқан сөз де кіреді, бүтін елдің, халықтың
басындағы мінін айтқан сөз де кіреді. Діндар дәуірдегі датта-
уда көпті даттағандар көбінесе шариғат жолына шалығын ай-
тып даттаған. Адам басын даттағанда, әуелі мақсатпен, күйініп
даттаған. Үйіне қондырмаған, қонақасы оңды бермеген сияқты
ұсақ себептерден реніш етіп даттаған.
Көпті даттау мысалы:
Әуелі бисмилла деп сөз басталық,
Алланың хақ жолынан адаспалық.
Жолы деп шариғаттың ғамал қылса,
Иншалла, сол уақытта азбас халық.
Азырақ осы жерден шошынамын
Өтірік пайдаға асты, рас қалып.
Жалған сөз азаматқа болды оңай,
Замана болды, халқым, әлдеқалай!
Аузыңнан жалғыз кәлам шыққан сөзің
Кезеді бір сағатта тоқсан тоғай.
316
Құдайым өзі сақтап, оңғармаса,
Болып тұр бұл замана судан да ылай.
(Әбубәкір)
Бұл болса, ешкім бақпас жолдасына,
Алданар арам дүние олжасына.
Біреудің ұры залым малын ұрлап,
Сұраса, бәле салар өз басына.
Қарсы дау біреу айтса, соны тыңдап,
Бас адам көзім жетті оңбасына.
Парқы жоқ бұ заманның адамының,
Бірінің-бірі нанбас Алласына.
Байлардың бала оқытқан ісін қара
Зекетін саудалайды молдасына.
Пақырды міскінменен партия қып,
Берері садақасын қолқасына.
Бұл сөзі Сейдахмет өтірік пе,
Рас па, көптің салдым ортасына.
7. Айтыс. Діндар дәуірдің айтыс өлеңдері де дін әсерінің
күштілігін көрсетеді: ақындар айтысқанда бірін-бірі сүрінту
үшін, дінге, шариғатқа теріс ғамалдарын көрсетіп сүрінтуге
тырысады. Шариғатқа теріс істерін мін қылып мүдіртпек бо-
лады. Мәселен, Айқын мен Жарылғасын айтысқанда екеуі
шариғатты жамандық-жақсылық, дұрыстық-терістіктің тия-
нағы, нарқы, таразысы, шариғат жөнімен бірін-бірі міндеп
айтысқанын көреміз.
Айқын айтады:
Қожа-еке, есенсіз бе, сәлем бердік!
Мүбәрәк дидарыңды жаңа көрдік.
Жүзіңде рақметің бар ер екенсіз,
Жоқ шығар көңіліңізде тәкаппарлық.
Өзің біл сөйлескен соң не деріңді,
Қазірде қолыңды бер, көріселік!
Жарылғасын қожа айтады:
Жарқыным, сәлем берсең, сәламат бол!
Жетеді мұратына өлмеген құл.
Сіз берсең сәлеміңді, әлік алдық,
Сүннеті Пайғамбардың қазулы жол.
«Қол берсең, көріселік!» деген сөзің
Бұл дұрыс шариғатқа болмайды сол.
317
Таранған тоты құстай бала екенсің,
Мысалы екі бетің алқызыл гүл.
Хал білмек, жөн сұрамақ ғам ғанимат,
Абзалда, сөйлеселік, атың білдір
8. толғау. Діндар дәуірдің ақындарының толғауларында да,
діндар дәуірдің жырларында да дін әсері барлығын төмендегі
мысалдардан көруге болады:
Дін үшін шәр түзеп, мешіт салсам!
Хақ жолға жаннан кешіп бағыштасам.
Азаншы даусын естіп риязатпен,
Намазға бес уақыт жаяу барсам.
Мінберде уағаыз айтып тұрса имам,
Хақ іске қайым тұрып, сонан қансам,
Мүдәрріс медреседе дәріс айтса,
Шәкіртке күнде екі рет түйе шалсам.
Астыртын қалипамен ақылдас боп,
Күн сайын телеграммен хабар алсам.
Осындай қазақ затта бір ер бар деп,
Жұртына дар исламның анықталсам.
.........................................................
Жүсіпбек, Ақыметбектердің жырында Ақыметбек ағасы
Жүсіпбекке айтқан бір сөзі:
Айналайын ағажан,
Бұл кәпірге жалынба!
Көкірегің жасытып,
Бұрынғы күнді сағынба!
Қазам жетсе, өлермін,
Бұйрығын хақтың көрермін.
Патша Құдай жар болса,
Көзел шайы кәпірдің
Жан жазасын берермін.
Ғашықтық толғауында мұсылмандық, кәпірлік, шариғат
сияқты нәрселер айтылмағанмен, діндар дәуірдің тіл әсері
айқын көрінеді.
Бейісұлы Төлегеннің ғашық зарында мынадай сөздер бар:
Сәукілу сәлем жаздым «сат», «беб», «лам!»
Қайғылы көкірегім, көзімде нәм.
Даражаң қатарыңнан асқан еркем,
Екі «ти», бір «нұн» менен еттім кәлам.
Налышым көкке жетер етсем паған,
318
Бұл сырым халыққа мәлім, күмән саған.
Өмірім аз ба, көп пе өткенінше,
Қайғыңды түгесе алман етіп баян.
Біраз күн ойнап-күлдік, көңіл ашып,
Күн қайда шер тарқатар, көңіл басып?
Бұрынғы өткендерден қалған мирас —
Айрылмақ сүйгенінен неше ғашық.
Бұл күнде көңіл мәлүл менің әман,
Мақшұтым тауыса алман етіп баян.
А, дариға, дүниеде қатты қасірет
Айрылмақ көз алдыңда сүйген жардан.
Екінші біреудің толғауында мынадай сөздер бар:
Сипатың пері заттың баласындай,
Көп ойлап, зарланамын шарасыздай.
Өзіңмен қатар қызға көзім салсам,
Араңыз жер мен көктің арасындай.
Мақтауың жазғанменен таусылмайды,
Өлкейек абырғаның саласындай.
Өзгеден бір омыртқаң артық, еркем,
Сыдыратіл, Мұнтағаның ағашындай.
Діндар дәуірдің налыс толғауының түрі мынау:
Аса соққан борандай
Өтемісің, күндерім?
Ғаси болып Аллаға,
Бұзылмағай діндерім.
Асулы дар астында
Зар айлаған тілдерім!
Баба түкті сопы Әзиз!
Көзіңді салшы, пірлерім!
Қолымды кәпір байлаған,
Аспаққа дарды сайлаған.
Балаудақтың көлінде
Қырық жігіт, сені ертіп,
Күндерім кәні, ойнаған?!
Мақсатыма жетпедім
Дүниедегі ойлаған.
Он сегіз мың ғаламның
Падишасы бір Құдай,
Құлым дейтін күніңді.
Қайрат қылып қан төкпей,
Қапалықта кеткенім.
319
Алды-артыңа қарамай,
Рас па, дүние, өткенің?
Егер қапы қалмасам,
Бұл секілді дінсізге
Пенде болар бек пе едім?
Ақырын тілеп бұл істің,
Падишасы ғаламның,
Бір өзіңнен күткенім.
(Жүсіп, Ақмет)
Достарыңызбен бөлісу: |