О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата31.12.2016
өлшемі1,7 Mb.
#830
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

2. тарихи жыр. Тарихи жыр деп тарихта бар, мағлұм уақи- 
ғалар турасыңда өлеңмен шығарған сөздер айтылады. Қазақ- 
та  өз  тілінде  жазылған  тарих  болмағанмен,  қазақта  болған 
уақиғалар,  қазақтан  шыққан  адамдар  турасында  басқа 
жұрттардың тарихында жазылған мағлұматтар бар, халықтың 
өзінің есінен кетпеген, қазақ басынан кешірген уақиғалары то-
лып жатыр. Солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, со-
лар тарихи жыр болады. Мәселен, «Орақ–Мамай», «Абылай», 
«Кенесары–Наурызбай», «Ерназар», «Бекет» өлендері тарихи 
жырлар  болады.  1879-1880  жылдары  болған  «Қоян»  қыстың 
жұты  турасында  шығарған  өлең  болушы  еді.  Сонда  қыстың 
қалай болғанын, елдің қандай жұтағанын, қандай аштық азап 

277
тартқанын  айтушы  еді.  Сол  өлең  осы  күнге  дейін  сақталған 
болса, о да тарихи жыр болады. Жанкісі бидің зекетшілер ту-
расында айтқан өлеңі қазақтың Қоқанға қараған шақтағы тари-
хына қатысы бар сөз болғандықтан, бұ да тарихи жыр табына 
жатады.
3. Айтыс өлең. Айтыс – екі палуан күрескені сияқты, екі 
ойыншы  ұтысқаны  сияқты,  екі  батыр  жекпе-жек  ұрысқаны 
сияқты,  екі  ақынның  бірін-бірі  сөз  жүзінде  аңдып,  бірінің-
бірі  қапысын  тауып  жеңу  үшін  айтатын  өлеңдері.  Ақындар 
әдісін сөз арқылы жұмсап, бірін-бірі сөзбен шаншып, жеңеді. 
Әрқайсысы  сөзбен  шаншуға  қолайлы,  осал-оңтай  жерін  із-
дейді.  Басында,  ісінде,  жұртында,  ұлтында  болған  осалдық, 
кемшіліктерді  айтып,  сөзбен  ұялтып  яки  сөзбен  қамап,  жан-
жағын  бөгеп,  тоқтатады.  Сондықтан  ақындар  бірінің  жайын 
бірі  білмейтін  болса,  әркімнен  әдейі  сұрастырып,  мағлұмат 
жинайды.  Елентай  мен  Болық  айтысқанда  Елентайға  Болық 
қиын  сұраулар  беріп,  мүдіртпек  болған.  Жарылқасын  қожа 
мен Айқын айтысқандағы бір-бірінің басындағы, ғамалындағы 
міндерін айтып, мүдірту талабында болған. Оған болмаған соң, 
әйел басындағы жалпы кемшілікті айтып жеңген.
«Кеншімбай мен Ақсұлу» айтысында елдеріндегі кемшілік, 
осалдық жағын айтып, бас адамдарының осал істерімен айтып, 
мүдіртпек болған. «Жанақ пен Баланың» айтысында ел жағына 
да, ақындардың өз жағынан да тию талабы байқалады. «Қазақ 
пен  Ноғай»  айтысында  қазақ  ноғай  жұртының  мінін  айтып, 
ноғай қазақ жұртының мінін айтып, мүдірту қамында болған.
Қазақта айтыс өлең көп, бірақ бұлар да ел ішінде жоғалып, 
сиреп барады. Жазу жайылған сайын айтыс өлең азайып, құруға 
бет алып барады. Мұның да бәрін жазып алып қалмаса, бұ да 
анайы әдебиеттің өшетін, жоғалатын түрі. 
3.  Үгіт  өлең.  Ақыл  айтқан,  жол  көрсеткен,  жөн  сілтеген 
мағыналы өлеңдер үгіт өлең деп аталады. Үгіт өлең табына жа-
тады мынау сияқты өлеңдер:
1. Ай, жігіттер, үлгі алма 
Азған елдің ішінен! 
Алыс-алыс қашыңдар, 
Зияндасты кісіден! 
Жақсыны көзден салмаңдар! 

278
Жақсыдан қапыл қалмаңдар!
Өзі болған ерлердің 
Аяғынан алмаңдар! 
Әр елге, әр жұртқа 
Алтын сақа табылмас.
2. Ай, достарым, жігіттерім, 
Болмасқа болмашы болма!
Қолыңнан келсе, ақыл қайыр
Кісіден алушы болма! 
3) Мақтанба бақсымын деп бағыңызға!
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда. 
Іске аспай бақ-дәулеттің қалуы оңай, 
Басыңнан бағың тайған шағыңызда, 
Мақтанба сұлумын деп ажарыңа! 
Ажарсыз адамдарды ал, назарыңа. 
Зылиха Жүсіппенен сұлу өткен, 
Тұрмаған ажар ара ажалына. 
Ағайын жат болады алыс болса, 
Болады жат та жақын таныс болса. 
Достарың, дұшпан түгіл, табалайды, 
Аяғың бір
 
нәрседен шалыс болса.
5. Үміт өлең. Біреуден үміттене, бір нәрсе дәме ете айтқан 
ақындардың өлеңдері үміт өлең табына жатады.
Мәселен,  мақтау  өлең,  құттықтау  өлең.  Ескі  ақындар 
мақтауды,  құттықтауды,  сұрауды  кәсіп  қылған.  Байды,  биді, 
ханды,  төрені,  мырзаны  мақтап,  тойын  бастап,  баласын 
құттықтап, шапан кию, ат міну – әйтеуір нәрсе алу мақсатпен 
айтатын ақындар көп болған. Біреулері, мақтасам құр тастамас 
деп, тек мақтап қойған да, біреулері көрсете сұраған. Сұрамай 
мақтаған  өлеңнің  мысалы  –  Орынбайдың  Ерденді  мақтаған 
өлеңі. Мұнда ешбір сұрау ишараты жоқ. Көрсете сұрау Қубала 
ақынның сөзінде бар. Әзілмен де пайда алу мақсатын көрсеткен 
сөз Шерниязда бар. Мысалдар: 
Орынбайдың Ерденді мақтағаны:

279
Ассалаумағалейкум, батыр Ерден, 
Кетіп тұр бақ-дәулетің тағы керден. 
Ішінде мың қарғаның бір бүркіттей 
Көзіме көрінесің келген жерден. 
Сұңқардың екі мұртың жебесіндей, 
Ақылың ұшан дария кемесіндей. 
Сұрасаң биіктігің, мен айтайын, 
Күн шалған Алатаудың төбесіндей.
Қубаланың  жалғыз  биесі  өлгенде  ноғай
3
  мырзаларынан 
жәрдем сұраған сөзінен: 
Бір Алла, мал мен басқа қаза бердің, 
Күнәма жаяулықпен жаза бердің. 
Сіздерді көп беймаза еткенімнен 
Ұялып, ортаңызға азар келдім. 
Арқама тарыққанда сүйеуім деп, 
Ортаңа бұ қазамды шаға келдім. 
Тыңдаңыз, кіші іні, үлкен аға! 
Алламыз не берсе де жоқты шара! 
Жеңілтіп есебінен жібереді
Қалай да қиын екен жалғыз қара. 
Сіздерге менің мұңым қиын емес, 
«Ау» десең, ноғай болып ортаға ала. 
Жатсам да болар еді-ау сұрап хақтан, 
Дұшпанның сөзі болад біздің арттан. 
Ер өлмес жаяулықтан, жан қиналар, 
Бір бие берілмесе қалың халықтан. 
Жарарлық басшылыққа аға, іні бар, 
Қайтемін жабы туса арғымақтан.
Шернияз ақынның Баймағамбет правительдің қыз ұзатқан 
тойын бастаған сөзінде айтқаны бар:
Сөйлемес бөтен қазақ мен тұрғанда, 
Аузымда Тәңірі берген жел тұрғанда. 
Мен кімге сөз сөйле, деп жалынамын, 
Өлеңді айтатұғын мен тұрғанда. 
Бұ тойда не берсе де мен аламын, 
Дәнеңе жоқ шұқанаққа көл тұрғанда.
3
 Ноғай деген Бөкейлікте қазақ елі бар (Автор)

280
Сұрқия Кенесары қашаған хан, 
Серғазы талай жасты жасаған хан 
Дәулетін байекемнің айырма деп, 
Тілекті мен тілейін жасағаннан. 
Жарлыны жалғызбенен бір теңгердің, 
Алтынды айналайын босағаңнан! 
Кеңеске келіссіз сөз тек қосайын 
Тап атам Жарылғасқа ұқсағанмын. 
Қарастым тойды жақсы бастады деп, 
Берсең де бір қысырақ қосақ алман.
6.  толғау.  Толғау  (яки  мұңды  өлең)  деп  көңілдің  неше 
түрлі  күйін  шешетін  өлеңдер  айтылады.  Мәселен,  ғашықтық 
сағыныш,  қайғы,  күйініш,  кейістік,  кіжініс,  өкпе,  наз  сияқты 
көңіл күйлерін білдіретін өлеңдер. 
М ы с а л д а р:
1. Көзіме көріндің де кетіп қалдың, 
Қадірі болмайды екен қолда бардың. 
Әйдем де болмай жатып, сағынғаннан, 
Өлеңмен атыңды атап, әнге салдым.
Сағындым, жаным, сені бір күн болмай, 
Жолыңа көп қарадым шыдай алмай. 
Кетіппін, жаным, саған қатты үйреніп, 
Көңілім басылмайды бір жыламай.
Шырағым, жүзің раушан, сөзің балдай, 
Жолыңа қараймын деп көзім талды-ай. 
Бір себеп ойлағанға бола ма деп, 
Иіскеймін сағынғаннан орамалды-ай.
Жан еркем, мен жүремін мұндай күймен, 
Бар ма екен, ашық жарын мендей сүйген? 
Сен бір шам, айнала ұшқан мен пәруана, 
Айналып, аламын деп отқа күйген.
Есімнен еш кетпейді сүйген жаным, 
Білмейді ешбір адам менің халім. 

281
Құдай-ау, ризалықпен айрылмадым! 
Көңілімде бұл турада көп-ті арманым.
Басымнан еш кетпейді қара бұлт
Құдайдан етуші едім қатты үміт. 
Япыр-ай, бұ не деген істер болды? 
Көргенім, ойнағаным бәрі де ұмыт.
Барады ішім толып қайғыменен, 
Деуші едім айрылмаспын сүйгенімнен. 
Бар қайғы дүниедегі басымда тұр, 
Айтамын өлең қылып күйгенімнен.
Қапалық көңілімдегі өлең болған, 
Ойласам, еске түсер өткен заман. 
Бар ма екен дүниеде мендей адам?!
Көңіліне қапалықпен қайғы толған 
Он сегіз мың ғаламның 
Патшасы, әуел хақ жаппар! 
Есіттің бе, сөзімді?
Жылатпай менің көзімді! 
Он үш жасар Қобыланды, 
Ерінбей сүйер көзімді, 
Жалғызының артынан 
Мұхаммет сынды ей, тақсыр, 
Тар жерде еске ал өзімді! 
Қызыр, Ілияс екі жар! 
Омар, Оспан екі жар! 
Бір кітаптың ішінде 
Қырық пайғамбар аты бар 
Бас-басыңа бір жандық, 
Дем бермесең, біз қалдық. 
Асқардан асып, бел өттік, 
Белден асып, біз кеттік, 
Біз пақырға көзің сал, 
Әруақтар, сізді тербеттік!
Ақсұңқар құс мақтанса, 

282
О дағы бір күн кез болар 
Құсбегінің торына. 
Арғымақ ат мақтанса, 
О дағы бір күн кез болар 
Қаланың қазған орына. 
Осы кеткен жалғызым 
Есен барып, сау келсе, 
Егіз туған көк бесті 
О дағы бір сенің жолыңа! 
Егіз туған көк қошқар 
О дағы сенің жолыңа! 
Бұл алпысқа келгенде 
Қобыландыдай ұл таппан 
Тұрмады ма сорыма? 
Мұхаммет сынды ей, тақсыр! 
Қозымды бердім жолыңа,
Бір жылқыдан кем шаппас, 
Келінжан баққан Бурыл ат. 
Денеге мылтық тигізбес, 
Дәуіт соққан жалаңғат. 
Асынған қылыш белінде, 
Қынаптары әрі алтын, 
Ұстаған жері сап алтын,
Балдағы алтын сар болат. 
Шырағымның шыбыны, 
Жасаған, саған аманат!
Қалғып кетсе, қағып тұр, 
Адасып кетсе, бағып тұр 
Қозыма келген пәлені, 
Ықылас атты шашты Әзіз, 
Жәрдемші болып соғып тұр.
Көл иесі Қамбар-ай! 
Жол иесі Қамбар-ай! 
Қазанға қайдан қол жиды 
Қарман деген заңғар-ай! 
Қамбар, өзің қолдасаң, 
Қолдамайтын кім бар-ай!
(Қобыландыдан)

283
2. Бұлғыр, бұлғыр, бұлғыр тау! 
Бұлдырап тұрған құрғыр тау! 
Қаптай қонар елім жоқ, 
Айым, күнім Кәрібоз, 
Сөйлесетін тілің жоқ! 
Ел таптырар ма екенсің? 
Арысаң да, жануар, 
Көрсетер ең бір қара, 
Саған мінер белім жоқ, 
Белге қылар емім жоқ! 
Бұл шамаға келгенде, 
Ажалым аштан болды ма?! 
Ауызға жерге жемім жоқ! 
Егер өлсем бұл жерде, 
Сүйегімді ұстар теңім жоқ! 
Көк шалғынның үстінде 
Күңіреніп жатырмын, 
Үстіме киер кебін жоқ! 
Еңіреп жүрген ер едім, 
Қаптаған қара борандай 
Өткені ме, дүние боқ!
(Тарғыннан)
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. 
Қарындастан айрылған жаман екен, 
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман, қысқан заман,
Дәулет құсы басыңнан ұшқан заман. 
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Мына заман қай заман, бағы заман, 
Баяғыдай болар ма, тағы заман! 
Атадан ұл, анадан қыз айрылды, 
Көздің жасын көл қылып ағызамын.

284
Мұнша қысым қылдың ғой, қатты Құдай! 
Қара жер қабырғама батты Құдай. 
Жаяу жүрсем, табаным ауырады,
Тым болмаса бермедің атты Құдай! 
7.  терме  (яки  түрлі  өлеңдер).  Терме  деп  ат  қойылуынын 
мәнісі – бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп 
тұрмай  көп  нәрсені  теріп,  сөз  қылып  өтеді.  Көп  нәрсені  сөз 
қылғанда,  әрқайсысына  айналып,  баяндап  жатпайды.  Түрлі 
шөптің басын шалып оттап, тоқтамастан, желге қарай тартып 
бара жатқан мал сияқты. Терме айтушылары түрлі нәрсені сөз 
қылып,  бірақ  ешқайсысына  айналмастан,  кідірместен,  ілгері 
қарай сырғи береді. 
М ы с а л:
Арғымақ жабы көрінер 
Аса шауып бұланса. 
Айдын көл батпақ атанар 
Айдыны құрып, суалса. 
Бәйтерек сабау көрінер 
Жапырағы түсіп, қуарса. 
Біраз ғана сөйлейін, 
Жақсылар, сізге ұнаса.
Арғымақ жайлап не керек, 
Артынан жабы жеткен соң?
Ағайын, туған не керек, 
Аңдысып күні өткен соң? 
Қызыл тілім, сөйлеп қал! 
Қызығыңды жер көрер 
Ажал қуып жеткен соң! 
Айт дейтін аға сіз қайда? 
Айтатын оны біз қайда, 
Бір төбенің басына 
Тыға салып кеткен соң!
Сипаған сиыр білмес қызметіңді, 
Сыйлаған жаман білмес құрметіңді. 
Әрқалай бір сияпат еткен жаман, 
Болады атқарғандай міндетіңді. 
Кейбіреу өз жалына өзі малай, 

285
Бейнет көп, рақат жоқ дәулетінде. 
Жаз ыстық қыс суықпен өмір шегіп
Кетпей ме, бір күн тастап нәубетінде?!
Жаманның етек-жеңі тар секілді, 
Қабағы ашылмаған қар секілді. 
Сүйейді жамандарды кейбір сабаз, 
Бүтінді аудармайтын нар секілді.
Қосылса екі жақсы хан секілді, 
Ләззаты бір-біріне бал секілді. 
Бір жерге екі жаман сыйыса алмайд, 
Мінезі сиыр деген мал секілді.
Жақсылар жағасы кең тон секілді, 
Лайық етек-жеңі мол секілді. 
Жақсының бір жаманға ісі түссе, 
Қос артқан ит үстіне жол секілді.
Қосылса екі жаман ду болады, 
Қараңғы жүрген жері бу болады. 
Күні-түні дау-жанжалмен өмір өтіп, 
Рақатсыз ішкен асы у болады.
(Зауықтау нұсқаларын нұсқалықтың 
40, 54-інші нөмірлерінен қара)
іі. сарындама (сарын сөз саласы)
Сарындама үш тарау: 1). салт сөзі, 2). ғұрып сөзі, 3). қалып 
сөзі.
салт сөзі. Салттама, оның түрлері. Салт сарынымен яғни 
салт жөнімен айтылатын сөздер салт сөзінің табына жатады. 
Мәселен:  мысалдар,  ділмар  сөз  (афоризм),  тақпақ,  мақал
мәтел.
Мысалдар. Адамның ғамалын, мінезін, құлқын жанды, жан-
сыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес көрсетіп, өнегелеу 
мысалдау болады.
ескерту: мысалдар көбінесе хайуандар турасында шыққан 
ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша 
тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі мақұлыққа түрлі 
өнеге  боларлық  сипат  таңған.  Ақымақтыққа  өнеге  болатын 

286
есек,  айлакерлікке  түлкі,  қорқаулыққа  қасқыр,  момындыққа 
қой, мазақтыққа тырна, жарғақтыққа сауысқан, тағысын тағы 
солай.
Мысалдар:  «Арсыз  ит»,  «Өтірікші  тышқан»,  «Хайуандар 
таласы»,  «Бақылдақ  теке»,  «Құлағынан  айырылған  ешкі», 
тағысын тағы сондай сөздер.
Ділмар сөз. Бұрынғы даналардан, билерден, шешендерден 
қалған сөздер ділмар сөз (европаша афоризм) деп аталады.
М ы с а л д а р:
1. Өлеңтіні жағалай
Тал шығады деп едім.
Тал шыбықтай бұралып,
Сал шығады деп едім.
Соққан бейіт секілді.
Үй шығады деп едім.
Қырыққан серке бұттанып,
Би шығады деп едім.
2. «Өр Дулат ұлы жүздегі бір ханға барып отырып, Қоңырат 
Мырзан би ханға сөз бермей, жалғыз сөйлей беріпті. Мырзан 
баласыз екен, соны айтып тоқтатпақ ниетпен Дулаттың бір ше-
шені айтыпты:
–  Жалтақтап  сөйлейсің  жалғыз-ақ  адамша,  көтеріліп 
сөйлейсің көмегі жоқ адамша. Құйрығы жоқ, шолақ Мырзан, 
құлағы жоқ, шұнақ Мырзан, жалғыз өзің сөйлейсің бе? – деп. 
Сонда Мырзан айтыпты:
– Сен жалғыз деп сөксең, Құдайға тілің тиеді. Жарлы деп 
сөксең, пайғамбарға тілің тиеді. Құйрығым шолақ болса, тұлпар 
шығармын, құлағым шұнақ болса, сұңқар шығармын. Құйрығы 
ұзынды біз итке меңзейміз, құлағы ұзынды есекке меңзейміз. 
Ешкі егіз табады, ит сегіз табады, шошқа тоғыз табады. Сенің 
бабаң егіз еді, анаң сегіз еді, өзің тоғыз едің. Сенің тоғызыңды 
алса, Құдайдың шамасы жоқ па? Маған бала берейін десе, ба-
ласы жоқ па? – депті.
Халық: Мынаған тас атындар депті. Дулаттың биі: «Айтқанын 
қылып, бітімін беріңдер», – деп топтан шыға жөнеліпті».
(Ыбырайұлы Шорман жинағаннан)
3.  «Қаз  дауысты  Қазыбек  би  жолаушылап  жүріп,  бір  үйге 
түстеніпті.  Үй  иесі  үйінде  жоқ  екен,  қатынының  күткеніне 

287
риза  болып,  ерін  көріп  кетпек  ниетпен  қонып  қалыпты.  Ері 
жұпынылау адам екен, Қазыбек жолдастарына қарап айтыпты:
– Жігіттер, бұл сөзімнің мәнісі бар, 
Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар. 
Құданың құдіретіне қарап тұрсаң, 
Жапалақ үйрек ілген бір ісі бар, – 
деп. Қазыбектің сөзіне қатыны түсіне қалып, былай депті:
– Құда-еке, сөзіңіздің мәнісі бар,
Мәндінің мәнсізбенен көп ісі бар. 
Жапалақ ілген құсын місе тұтпай, 
Тағы да қоңыр қаздан дәмесі бар. 
Қазыбек  қатынға  риза  болып,  мына  сөзді  айтып,  жүріп 
кетіпті:
– Балаң жаман болса, 
Көрінгеннің мазағы. 
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы. 
Қатын жаман болса, 
Бұ жалғанның тозағы.
Туған балаң жақсы болса
Екі көздің шырағы. 
Мінген атың жақсы болса, 
Бұл дүниенің пырағы. 
Алған жарың жақсы болса, 
Мейманыңның тұрағы.
(Ыбырайұлы Шорман жинағаннан)
4. «Қыпшақ Досбол датқа қартайып, науқас болып жатқанда, 
Байсын  Саудағұл  және  Нұрмаш  деген  атқа  мініп,  ел  билеп 
жүрген үш кісі көңілін сұрай барып, Досболға айтыпты:
–  «Е,  датқа-еке,  бұрынғының  арты  едің,  бүгінгінің  қарты 
едің, әлдеқалай боласың, артыңда қалатын жандарға не айтып 
кетесің, ілгері өткендерге не айтып барасың?» – депті. Сонда 
Досбол:
– «Уа, сеңдерге не айтайын, жұрт сендердікі, өз ақылдарың 
өздеріңе жетеді. Ілгері өткендерге айтып баратын сөзім мынау: 
бақ деген сендер тірі күнде сұңқар еді: елде кімнің басы биік 

288
болса,  соған  қонушы  еді,  сол  бақ  қартая-қартая  қара  шыбын 
болды.  Қайда  сасық  болса,  соған  қонды.  Соқырдың  көзіне 
қонды, пұшықтың мұрнына қонды, таздың басына қонды деп 
барамын», – депті. Байсын соқыр екен де, Нұрмаш пұшық екен, 
Саудағұл таз екен. Үшеуі ұялып, үйден шыға жөнеліпті».
Ділмар сөз иесінен айырылса иә тақпаққа, иә мақал-мәтелге 
айналып кетеді.
тақпақ.  Салт  санасына  сәйкес  пікірлерді  келтесінен  кел-
тіріп,  өлең  түрде  ұйқастырып  айту  тақпақ  болады.  Тақпақ 
қысқара-қысқара  маңызданып  барып,  мақалға  айналып  ке-
тетін  де  жері  бар.  Мақалдарды  құрастырып  қосып  айтқанда, 
мақалдар тақпаққа айналып кететін де жері бар. 
М ы с а л д а р:
1. Ата-ананың қадірін
Балалы болсаң білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болсаң білерсің, 
Ақ дененің қадірін 
Сырқаулы болсаң білерсің. 
Дәулетіңнің қадірін 
Мал кеткенде білерсің. 
Ажарыңның қадірін 
Сән кеткенде білерсің. 
Тіршіліктің қадірін 
Жан кеткенде білерсің. 
Аңдып жүрген дұшпанды 
Тап жеткенде білерсің.
2. Көп отырсаң, көл азады, 
Көп сабылса, жер азады. 
Көп жасаса, ер азады,
Ер азған соң, ел азады. 
Аяқтыға жол бермейтін, 
Ауыздыға сөз бермейтін 
Мыңнан озған шешеннен 
Күнде қойыңды баққан 
Құлағы кесік құл озады.

289
3. Ақыр заман адамы аласа туады, 
Аласа туса да, тамаша туады. 
Қулық, сұмдық ойлай туады, 
Жамандыққа бойлай туады. 
Итере салсаң, жығыла кетеді, 
Тұра сала жармаса кетеді. 
Ішсе, бозаға тоймайды,
Боқтап, түгіңді қоймайды. 
4. Дауыл болмай, жауын болмас, 
Жауын болмай, қауын болмас, 
Ит баласы сауын болмас,
Екі дау адағы ауыл болмас, 
Ауыл болса да тәуір болмас. 
       Өзіңнен тумай, ұл болмас, 
       Сатып алмай, құл болмас.
5. Киікті құралай бүлдірер, 
Елді дүрегей бүлдірер. 
Текті жігіт тек жүрер, 
Текелі киік жай жүрер.
Мақал.  Мақал  да  тақпаққа  жақын  салт-санасына  сәйкес 
айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шын келеді. 
М ы с а л д а р:
Мал – жаным садағасы, жан – арым садағасы.
Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос.
Әкім  адал  болмаса,  халық  бұзылар;  сауда  адал  болмаса, 
нарық бұзылар.
Асың барда ел таны беріп жүріп, атың барда жер таны желіп 
жүріп.
Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.
Жоқтық ұят емес, байлық мұрат емес.
Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге мал тұрар.
Күлме досыңа, келер басыңа.
Төртеу  түгел  болса,  төбедегіні  алады,  алтау  ала  болса, 
ауыздағы кетеді.

290
Айбар керек әл керек, әлсіз айбар не керек.
Денсаулық – зор байлық.
Ауру қалса да, әдет қалмайды.
Өсер  елдің  жігіті  бірін-бірі  батыр  дер,  өшер  елдің  жігіті 
бірін-бірі қатын дер.
Ұрлық түбі – қорлық.
Қойшы көп болса, қой арам өлер.
Шірікке шыбын айналар.
Көрмес түйені көрмес.
Битке пышақ суырма.
Бас білген өгізге өк деген өлім.
Ат жалдаған өтер, ит жалдаған кетер.
Жаз арбаңды сайла, қыс шанаңды сайла.
Ел қыдырған сыншы, тоғай аралаған үйші.
Көше білмес жамандар көшсе көлік өлтірер, сөйлей білмес 
жамандар сөзді өзіне келтірер.
Көре-көре көсем болар, сөйлей-сөйлей шешен болар.
Көріп алған көріктіден көрмей алған текті артық.
Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.
Көрген жерде бой сыйлы, көрмеген жерде тон сыйлы.
Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды.
Мәтел.  Мәтел  дегеніміз  кезіне  келгенде  кесегімен  айты-
латын  белгілі-белгілі  сөздер.  Мәтел  мақалға  жақын  болады, 
бірақ  мақал  тәжірибеден  шыққан  қақиқат  түрінде  айтылады. 
Мәтел  қақиқат  жағын  қарамай,  әдетті  сөз  есебінде  айтыла- 
ды.
М ы с а л д а р:
Өзі тойса да, көзі тоймайды.
Көппен көрген ұлы той.
Адасқан қаздай, рудан аздай.
Тамақ тоқ, көйлек көк, уайым жоқ.
Өткен өрен, қалған салауат.
Бұйдалаған  тайлақтай,  жетелеген  мойнақтай  яки  мұрнын 
тескен тайлақтай.
Түлен түртпесе, түнде қайда барасың?
Бетегеден биік, жусаннан аласа.

291
Жығылған үстіне жұдырық.
Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алма-
ды.
Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда!
Келін айғыр, кемпір саяқ шықты.
Баланың сөзі батпандай, келіннің сөзі кетпендей.
Бәйбіше – Құдай бұйрығы, тоқал – иттің құйрығы.
Қызым үйде, қылығы түзде.
Жас-жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір.
Ай мен күндей, әлемге бірдей.
Бай кісі бақырып бола ма?
Көзінің жасы көл болды.
Барымен базар, жоқты қайдан қазар?
Көшсе – көш қасындамыз, отырса – от басындамыз.
Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме.
Дерт батпандап кіреді, мысқалдап шығады.
Арғымақты жамандап, кәне, тұлпар тапқаның?! Ағайынды 
жамандап, кәне, туған тапқаның?!
 (Салт сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың 
91, 119-нші нөмірлерінен қара)
2. ғұрып сөзі. Ғұрыптама. Ғұрып сөзі деп ғұрып сарыны-
мен  яғни  ғұрып  бойынша  істелетін  істерге  байлаулы  сөздер 
айтылады. Мәселен: той бастар, жар-жар, беташар, неке қияр, 
жарапазан.
той бастар. Тойдың кешкі ойынын біреу өлеңмен бастай-
ды. Сонда айтылатын өлең той бастар деп айтылады. 
М ы с а л:
Кете  Шернияз  ақынның  Баймағамбет  правительдің  қызы 
Ақыл Қаныкейдің тойын бастағаны:
Ассалаумағалайкум, алдияр хан! 
Қорқады өлім десе шыбындай жан. 
Сыйынып бір Құдайға, сөз сөйлейін, 
Тіліме жәрдем болғай бір Алладан.
Әуелі паруардегер соны айтайын, 
Жаратқан иемді айтпай, нені айтамын. 
Той қылса қара қазақ әркім де айтар, 
Бұл тойда топтан озған мен айтайын.

292
Сөйлемес бөтен қазақ мен тұрғанда, 
Аузымда тәңірі берген жел тұрғанда. 
Мен кімге сөз сөйле деп жалынамын, 
Өлеңім айтатұғын кең тұрғанда. 
Бұ тойда не берсе де мен аламын, 
Дәнеңе жоң шұқанаққа көл тұрғанда. 
Құдайым қуат бергей таңдайыма,
Әр түрлі өлең келді жағдайыма.
Тойында Байекемнің сөз сөйлейін, 
Бітпесе өсек қылып маңдайыма.
Байеке баласында жаман бар ма, 
Баласы жаман деген заман бар ма?! 
Той етіп, қыз ұзатпақ хақ бұйрығы, 
Болған соң хақ бұйрығы амал бар ма?!
Атаңыз қиналады кетеді деп, 
Қайсы қыз шырағыма жетеді деп. 
Көшкенде көштің көркі көгершінім, 
Қадірі кетсе мұның өтеді деп.
Атаңыз қиналады сіз кеткенге, 
Көзінің қарашығы қыз кеткенге. 
Табылмас Байекеме сіздей бала 
Алты жүз арғымақпен іздеткенге.
Атаңның қиналғанын көріп келдім, 
Май салған қорғасындай еріп келдім. 
Ау Ата–Ау Анадан қалған жол деп, 
Насихат білгенімше беріп келдім.
Той етіп қыз ұзатпақ хақ бұйрығы, 
Адам мен Ау Ананың тап бұйрығы. 
Біздерге жеңешең де еріп келген 
Біреудің әспеттенген ақ құйрығы.

293
Той етсе, әдепсіз қыз көп жылайды, 
Айтсын деп бауырмал қыз деп жылайды. 
Той етіп, қыз ұзатпақ хақ бұйрығы, 
Болған соң хақ бұйрығы, тек жылайды.
Алғаның хан Жәңгірдей бақты болсын, 
Алтыннан күміс пенен тақты болсын. 
Ақ үйің ойда тұрған қырға қонсын, 
Ақ тісің аузыңды ашсаң нұрға толсын. 
Үйіңе үлде менен бүлде толсын, 
Болмаса күндіз пұрсат, түнде толсын. 
Жасаған айтқан сөзім түс келтіріп, 
Үйіңе қыдыр Ілияс келіп қонсын.
Басымды қоса берме төменменен, 
Семірмес қаз ормаса, жегенменен. 
Алдыңа аз ғана сөз әңгіме айттым, 
Асылдың азы жақсы дегенменен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет