О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата31.12.2016
өлшемі1,7 Mb.
#830
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

6. тАрМАҚ КезеңДері
Бунақтардың арасындағы дауыс толқынының жіктері кезең 
деп  аталады  деп  едік.  Кезең  екі  түрлі  болады:  1)  ұлы  кезең,  
2) кіші кезең
М ы с а л ы:
Ақжүністей || жолдасым! 
Әйел де болсаң || мұңдасым!
  Қолаң шашты || қой көзді 
  Әйел де ару || сен едің 
Аш арыстан || жүректі 
Палуан жолбарыс || білекті
  Жігіттің мәрті || мен едім.
Мұнда  көлденең  жуан  сызық  ұлы  кезеңдерді  көрсетеді, 
жіңішке сызық кіші кезеңді көрсетеді. Буын саны: бір тармақтың 
ішіндегі буын саны қазақта 2 мен 13 арасында болады.
Жар-жар – 13 буынды, 
Жай өлең – 11 буынды, 
Ескі жырлар – 7-8 буынды.
Жаңа ақын, жаңа жазушылардың өлеңінде бұл түрлердің бәрі 
де болады, оның үстіне 3, 4, 5, 6-қатта 2 буынды тармақтармен 
жазылған өлеңдер де бар. Мәселен, 6 буынды тармақ «Сең» 
деген Мағжан өлеңінде бар.
5 буынды тармақ Абайдың «Сегіз аяғы» түрінде жазылған 
өлеңдерде келеді.
4 буынды тармақ Абайдың «Сырласа алмай» деген өлеңінде 
келеді және Мағжанның «Жұмбақ» деген өлеңінде келеді.
2 буынды тармақ Мағжанның «Біраз Фетше» деген өлеңінде 
келеді.
7. тАрМАҚ ҰйҚАстығы
Тармақтардың аяғының ұйқастығы ұйқастық деп айтыла-
ды. Ұйқастық түрліше болады.
Ұзын тармақты, жеке шумақты өлеңдерде 1-ші, 2- ші, 4-ші 
тармағы ұйқасып, 3-ші тармағы ұйқаспай, азат қалады.
Ұзын  тармақты,  тұтас  шумақты  өлеңдерде  бастапқы  екі 
тармағы ұйқасып, онан арғылары бірі азат, бірі ұйқас аралатпа 
болып келеді.

240
Ескі  жырлардың  ұйқасуы  көбінесе  тәртіпсіз  болады.  Бер-
гілікте шыққан жырларда ғана тәртіп бар.
Қысқа тармақты жаңа өлеңдердің тұтас шумақтылары ұзын 
тармақты  өлеңдерше  ұйқасады  да,  жеке  шумақтылары  иә 
ұзын тармақты өлеңдерше, иә кестесінің түріне қарай түстес 
тармақтары ғана ұйқасады. М ә с ел е н:
Оюын ойып,
Орындап қойып,
Түр салғандай өрнекке.
Қиыннан қиып,
Қиырдан жиып,
Қарап сөзді термекке.
Еңбекке егіз тіл мен жақ,
Ерінбесең, сөйлеп бақ.
Мұндағы 1-ші, 2-ші тармақ түстес болған соң, бір ұйқасып 
тұр. 4-ші, 5-ші тармақ түстес болған соң бір ұйқасып тұр. 7-ші, 
8-ші тармақтар түстес болған соң бір ұйқасып тұр. Осы сияқты 
ұйқастыру Абайдан кейін шыққан қазақ ақындарының көбінде 
бар.
Өлең  шығару  өнері  турасындағы  сөзді  осымен  бітіріп, 
ақтығында  айтатын  сөз  мынау:  Жоғарыда  айтылған  керек 
шарттардың  бәрін  орнына  келтіріп  шығарған  өлең  сымға 
тартқандай,  нағыз  мінсіз  өлең  болып  шықпақ.  Мұны  біздің 
қазақ ақындарының көбі, өлең шығару өнерінің ғылымын біл-
мегендіктен, орнына келтіре алмайды. Біреулер өлшеуін келті- 
ре алмай, тармақтарын ұзартып, өлеңді төсегіне сыйғыза алмай 
сирағын сыртқа шығарып жібереді. Біреулер бунақтарын өлең 
табиғаты  тілеген  орнына  қоя  алмай,  иә  жорғағын  бұзып,  иә 
тіпті өлең сиқын жоғалтып жібереді. Мұның бәрі өлеңнің өлең 
болғандағы негіздік түр-тұрпатын бұзып, не күйін кетіргендей, 
не өлеңдігін жойғандай, әуезділік жағына кемшілік келтіреді.
Егерде  сөз  бір  жүзді  нәрсе  болса,  қазақ  өлеңдерінің  көбі 
асыл  сөздің  табынан  шығып  қалар  еді.  Олай  болмайтыны 
сөздің бір жүзді емес, екі жүзді нәрселігі. Сөздің сыны жалғыз 
тысында ғана емес, ішінде де бар. Тысқарғы кесте кемшілігін 
ішкергі  мағына  жақсылығы  жуып,  көбінесе  өлең  кестесі 
жағындағы  кемшіліктерін  біліндірмейді,  тесе  қарап,  тексере 
бастағанда  болмаса,  жоғарыда  айтылған  кемшіліктердің  көбі 
жай қарағанда сезілмей өтеді.

241
еКінШі БӨліМ
___________________________
і. ҚАрА сӨз Бен ДАрынДы сӨз жҮйесі
Екі түрлі лебіз бар: бірі жалаң, екіншісі көрнекі болады деп 
жоғарыда  айтылған  еді.  Қайсысымен  сөйлесек  те  сөйлеу  бо-
лады,  бірақ  сөйлеуді  негіз  түріне  қарай  айыру  қажет  болған 
орында жалаң лебізбен айтылған сөзді ғана сөйлеу дейміз де, 
көрнекі лебізбен айтылған сөзді жырлаутолғау дейміз. Сөйлеу 
де, жырлау да, толғау да бұл күндегі әдебиет алқасына кіретін 
жалаң лебізді және көрнекі лебізді сөздердің таптарын анық 
ашуға жарамсыз болғандықтан, жалаң лебізді сөздерді қара сөз 
деп, көрнекі лебізді сөздерді дарынды сөз деп атау қолайлырақ. 
Әдетке  қарамай,  асылына  қарағанда,  «қара  сөз»  деген  мен 
«сөйлеу» деген екеуінің мағынасы бір болып, «дарынды сөз» 
деген мен «жырлау», «толғау» дегеннің мағынасы бір болып, 
бірінің орнына бірі айтыла береді. Қара сөзді шығармалардың 
да,  дарынды  сөзді  шығармалардың  да  түрлерінің  өлеңдісі, 
өлеңсізі болады.
Сөздің асыл болуы ұнауымен. Сөз көңілге сипат жағының 
көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады. Сөз 
көркемдігі әуезінің әдемілігі мен кестесінің келісті болуынан 
табылады.
Әуез әдемілігі сөзді дыбыс жағынан тәртіптеп, үйлестіріп 
тізуден болады. Күштілігі сөздің қалыпты мағынасының үстіне 
күш қосатын әдістерді істеуден болады. Бұлардың бәрі де тіл 
(лұғат) талғауы туралы сөйлеген жерде баяндалған. Бұл жерде 
айтып өтерлік бір нәрсе сөздің бірі жалаң, бірі көрнекі көрінуі 
неден екендігі, ол мынадан болады.
Жоғарыда  айттық:  жалаң  сөз  дегеніміз  жалаң  лебізбен 
айтылған  сөйлеу  орнына  жүретін  ұғым  деп,  көркем  сөз  де-
геніміз көрнекі лебізбен айтылған толғау орнына жүретін ұғым 
деп.

242
Сөзді жалаң түрінде айтқанда, күш көбінесе зейін жағына 
салынып,  пайым  терең,  мағына  күшті,  пікір  дәлелді  болып, 
айтылған сөз адамның ақылына қонуы көбірек көзделеді.
Сөзді  көркем  түрінде  айтқанда,  күш  көбінесе  қиял  мен 
қиыс  (түйіс)  жағына  салынып,  сүгіреті  толық,  меңзеуі  мер-
ген, қисыны қызық болып сөз әсерінің күшімен көңілге ұнауы 
көбірек көзделеді.
Сөз  ақылға  қонады  шындығымен,  көңілге  ұнайды  өңі 
үйлестігімен, өң үйлесуін жарастық, келістік дейміз. Келістік 
көрік негізі екендігі өлеңді сөйлемдер туралы сөз болғанда ай-
тылды. Оны тағы қайтадан сөйлеудің қажеті жоқ.
«Сөздің көркі – мақал. Жүздің көркі – сақал» деген қазақта 
мақал  бар.  Мақал  мен  сақалдың  мәні  құр  көрік  болу  емес. 
Олардың бірін сөзге, бірін жүзге көрік қылып теңеп отырған 
адамның ойы мен көңілі. 
Ойлау екі түрлі: адам ойлағанда нәрсеге тиісінше ойлайды, 
иә көңілінің түйісінше ойлайды. Нәрсе түрлі сипатты болады. 
Ол сипаттарының біреулері бойына біткен сипат болса, екін-
шілері  адамның  қосқан,  таңған  сипаттары  болады.  Мәселен, 
нәрсенің бірін жылы, бірін суық, бірін тегіс, бірін бұдырмақ, 
бірін қатты, бірін жұмсақ дейміз.
Бұл  сипаттар  нәрсенің  бойында  бар  сипаттар.  Бұл 
сипаттаудың  біреулері  адамға  ұнайтын  болар  да,  біреулері 
ұнамайтын болар. Мәселен, жылы нәрсе, тегіс нәрсе, жұмсақ 
нәрсе  адамға  жағымды,  сүйкімді  болар  да,  суық  нәрсе, 
бұдырмақ нәрсе, қатты нәрсе адамға жағымсыз, сүйкімсіз бо-
лар. Бұлардың біреулерін жағымды, сүйкімді деп, екіншілерін 
жағымсыз,  сүйкімсіз  деп  сипаттау  нәрсені  тиісінше  сипаттау 
емес, адам оз көңілінің түйісінше сипаттау болады. Сол сияқты, 
бір нәрсе туралы сөйлегенде, иә тиіс жағынан алып, иә түйіс 
жағынан алып сөйлейміз. Мәселен, кісі жайынан сөйлегенде, 
иә тиіс жағынан алып, түсін, тұрпатын, мінезін, құлқын, туы-
сын, тұрмысын, ісін айтамыз, иә түйіс жағынан алып, сүйетін, 
сүймейтінімізді, сыйлайтын, сыйламайтынымызды айтамыз.
Сол  секілді,  әннің  дауысы  тиіс  жағы  болады.  Әннің  бізге 
ететін әсері түйіс жағы болады.

243
Бір  нәрсенің  анығына  жетіп,  расына  қанғымыз  кел-
се,  мәселен,  бір  уақиғаның  анығына  жеткіміз  келсе  яки  бір 
адамның мінезін дұрыс білгіміз келсе, кілең тиіс жағынан ғана 
алып, түйіс қатыстырмасақ жақсы білеміз. Дұрысына жетеміз. 
Солай болған соң, нәрсені тиіс жағынан сөйлегенде, тиістік ке-
регі жоқ болып шығады. Көрік – нәрсенің түйіс жағы. Нәрсені 
тиіс  жағынан  сөйлегенде,  түйіс  керегі  жоқ  дегеніміз  тиіс  ту-
ралы  сөйлейтін  сөзге  көрік  керегі  жоқ  деген  болып  шығады. 
Нәрсенің тиіс жағы өзінде бар шын жағы; нәрсенің түйіс жағы 
өзінде жоқ, жабатын жала, қоятын кінә, таңатын өсек, тағатын 
таба, жағатын опа сияқты, адам апарып жапсыратын нәрсе.
Мақалдың мәні тек сөзге көрік болуда болса, сақалдың мәні 
тек жүзге көрік болуда болса, шындыққа ондай нәрселердің ке-
регі жоқ. Жағатын опа сияқты, тек көрік үшін ғана керек нәрсе, 
шындықтың  жүзін  күңгелейді,  неғұрлым  ашық,  неғұрлым 
жалаңаш  болса,  шындық  соғұрлым  ашық,  соғұрлым  жарық 
болмақ. Шындықты көріктеу, шыныны әдемілеймін деп, бетін 
шимайлап, жарығын күңгірттеу болады. Шындығымен ақылға 
қонуын  көздейтін  сөздер  сақал-мұрт  сияқты  көрік  болатын 
нәрселерден аман болады. Сондықтан ол жалаң сөз деп атала-
ды. Келістігімен, әдемілігімен көңілге ұнауын көздейтін сөздер 
сақал,  мақал  сияқты  адамға  келісті  көрінетін  нәрселермен 
көркем көрінеді. Сондықтан бұлар көркем яки дарынды сөз деп 
аталады. Жалаң сөз нәрсені тиіс жағынан алып, пайым бойын-
ша  сөйлейтін 
ш
ындық  сөзі, 
шын
 
әңгіме
  болады.  Көркем  сөз 
нәрсені түйіс жағынан алып, қиял бойынша, сөйлейтін. шын 
емес, шығарғы әңгіме болады. Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң 
сөз – зейін тілі. Жалаң сөз зейін байлығына қарайтын нәрсе, 
көркем сөз қиял байлығына қарайтын нәрсе. Жалаң сөз дүниені 
тұрған  қалпында  алып  айтады.  Көркем  сөз  дүниені  көңілдің 
түйген, қиялдың меңзеген әлпіне түсіріп айтады. Көркем сөз 
айтқанын ақыл табуынша дәлелдеп, мәністеп, қақиқат түрінде 
айтады.  Көркем  сөз  айтқанын  қиял  меңзеуінше  бейнелеп, 
әліптеп,  көбінесе  ұйғару  түрінде  айтады,  жалаң  сөз  дүниеде 
шын болған, шын бар нәрселерді әңгіме қылады. Көркем сөз 
болуға  ықтимал  деген  нәрселерді  де  алып  сөз  қылады;  қатта 
қисынын  келтіріп,  болмаған  нәрсені  болғанға,  жоқ  нәрсені 

244
барға ұйғарып сөз қылады. Қисынын келтіріп, қиялдан туғызып 
әдемі әңгіме шығару ақындық дарыған адамның ғана қолынан 
келеді. Жалаң сөздің қара сөз делініп, көркем сөздің дарынды 
сөз деп аталу мәнісі де осыдан. Сондықтан қара сөзде айтылған 
нәрсе дүниеде нақ болған, сол күйде және бар нәрсе деп білу 
керек те, дарынды сөзде айтылған нәрсе, нақ сол күйде болып 
өтпегенмен яки бар болып тұрмағанмен, дүниеде болатын және 
боларлық нәрсе деп білу керек. Қысқасынан айтқанда, қара сөз 
жаратынды  тиіс  ғалам  турасындағы  әңгіме  де,  дарынды  сөз 
ұйғарынды түйіс ғалам турасындағы әңгіме.
Тиіс ғалам турасында сөйлегенде жай күйінде жабайы тіл-
мен тиісін айтамыз. Түйіс ғалам турасында сөйлегенде, көңіл 
түюінше  өң  беріп,  дем  беріп,  көрнекі  тілмен  айтамыз.  Бірақ 
тиіс ғалам турасында сөйлегенде де айқындық үшін ажарлау 
керек болса, жалаң лебіз орнына көрнекі лебіз жұмсалады.
Қара сөз бен дарынды сөздің арасындағы парық жұмсалатын 
орнына,  қызметіне  қарай  былайша  айрылады:  дарынды  сөз 
адамның ойына өң береді, көңіліне күй түсіреді, қара сөзден 
адам тек ұғым алады.
Арабша  қара  сөзді  шығарманы  насыр  деп,  дарынды  сөзді 
шығарманы  назым  деп  атайды.  Арабша  айтқанда,  біз  де  со-
лай  дейміз,  қазақша  айтқанда,  қара  сөз,  дарынды  сөз  деп 
жүгінеміз.
і. Қарасөз, оның тараулары
Қара сөзден адам тек ұғым алады дедік. Ұғымның өзі кере-
кті орнына қарай екі түрлі болады:
1) Ес ұғымы яғни еске керек ұғым. 2) Іс ұғымы яғни іске 
керек  ұғым.  Ес  ұғымының  арқасында  дүниедегі  нәрселердің 
бәрін, затын, заңын, сырын, сипатын, мүддесін, мұратын тани-
мыз. Іс үғымы арқасында табиғат ісін, күшін, нәрселерін қалай 
пайдаланатын жолын білеміз. Сондықтан қара сөзді әңгімелер 
екі жақты болып келеді. Бір жағы ес ұғымымен болады, екінші 
жағы іс ұғымымен болады.
Қара  сөз  нәрсенің  тиісті  жағынан  сөйлейді  деп  жоғарыда 
айтылған  еді.  Нәрсе  турасында  тиісінше  сөйлеу  үшін  тиісін-

245
ше ойлау керек. Тиісінше ойлағанда ойымыз, ұғым түрлеріне 
қарай, бірнеше тарапқа бөлінеді. 1) ғалам тарапына, 2) Құдай 
тарапына,  3)  ғылым  тарапына,  4)  әлеумет  тарапына,  5)  үгіт-
тәрбие тарапына, 6) сын тарапына.
Адамның зейіні бүтін ғаламды тануға жұмсалып, дүниедегі 
бар нәрсенің барлығын яки бар деп ұйғарылған нәрсенің бар-
жоқтығын  танып,  белгілі  бір  қарарға  келгенде,  адамға  бір 
үлкен  ұғым  пайда  болады.  Сол  ұлы  ұғым  жүйесі  даналық 
деп  аталады.  Даналық  мақсаты  бүтін  ғаламды  танып,  бүтін 
ғалам аталған дүниенің жұмбағын (дүние мәселесін) шешпек. 
Даналықтың ес ұғымына тиісті жағы – сап даналық болады да, 
іс ұғымына тиісті жағы – салт даналығы болады. Сап даналық 
жолының өзі екі айырық болады: бірі ғаламның адам арқылы 
жетерлік те, бірі жетпестік те жағын зейінге салады. Алдыңғы 
табансыз даналық делініп, соңғысы табанды даналық делініп 
айтылады.
Адамның  зейіні  Құдайды  тану  жағына  жұмсалып,  Құдай 
турасындағы  мәселені  шешпек  болғанда,  дін  пайда  болып, 
ұғым жүйесі жасалса, ол ғақаид деп аталады. Оның екі жағы 
болады: бірі діннің негізі турасындағы ес ұғым болады да, біре-
уі дінге керек іс ұғым болады.
3.  Зейін  табиғат  құбылысын  тану  жағына  жұмсалып, 
табиғаттың түрлі заңдарын тауып, қасиеттерін біліп, әбден көз 
жеткенде  пайда  болатын  ұғым  жүйесі  –  ғылым  деп  аталады. 
Ғылымның түрі толып жатыр, оның бәрін мұнда баяндау сөз 
мәселесінің ісі емес.
4.  Зейін  әлеумет  мәселесіне  жұмсалып,  әлеумет  ісіне  жол 
сілтегенде, көсемдік ұғым жүйесі пайда болады.
Зейін  табылған  білімді  басқаларға  үйрету  жолына 
жұмсалғанда, үгіт-тәрбие ұғым жүйесі пайда болады.
5. Зейін басқанын ісін таразыға тартып, ұнамды, ұнамсызын 
тексергенде, сын ұғымының жүйесі пайда болады.
Қара сөз деп осы ұғым жүйелерінен сөйлейтін әңгімелерді 
айтамыз. Ұғым жүйесінің табы – қара сөздің табы болады. Қара 
сөздің табынан түрін айыру керек. 
Тап  жағынан  бірге  сөз  түр  жағынан  бөлек  кетуі  ықтимал. 
Көптен  бері  көп  жұртта  қалыптанған  түрлерін  алғанда,  қара 
сөз: әуезе, әліптеме, байымдама болып үш салаға бөлінеді.

246
1. әуезе, оның түрлері 
Болған уақиғадан бастан-аяқ болған түрінде, ретінше мез-
гілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру әуезе болады. 
Әуезе ақпар мағынада оның мысалы, шағын түрде айтқанда, 
мынау болады:
Қосшыларды ұйымдастыру, ағарту жұмысы 
Қалалық  ұйымдарда  жетіде  бір  рет,  ел  арасында  айында 
екі рет жалпы жиылыс болып тұрады. Қала ішіндегі жиылыс-
тар  көңілдегідей,  ел  ішіндегілер  онша  болмайды.  Жиылыста 
ұйымның  мақсаты,  ел  ішіндегі  залалды  ғұрыптармен  қалай 
күресу, өкімет жұмыстары, қосшы мүшелерінің шаруашылығын 
күшейту туралы мәселелер қойылып, түсінік берілді.
Және  қосшы  ұйымына  бұрын  кіріп  кеткен  атқамінер 
қуларды  шығарып,  тазалау  туралы  түсіндіріледі.  Бірақ  қулар 
да қарап тұрмайды, ұйымның кедей, малай мүшелерін өздеріне 
тартқылап, азғырып жүреді. Мұндайларды тамырымен құртуға 
шара қолданудамыз.
Ағарту  жайына  келсек,  үйезде,  қалада  ұйым  комитеті  жа-
нында  оқу  үйі  клуб  бар.  «Қызыл  шайхана»  ашуға  қаражат 
жоқтығынан  аша  алмай  отырмыз.  Бұдан  былай  мүшелердің 
сауатсыздығын  жоюға  үйездік  оқу  бөлімінен  мұғалім  сұрап, 
мектеп ашпақшы болып жатыр. Бұдан басқа, «Еңбекші қазақ», 
«Ақ жол» газеттерін алдырып, таратып тұрамыз.
25-нші жылғы қосшы мүшелерінің жарналары әлі жиналған 
жоқ.  Жаңада  жинауға  кірісіп  жатыр.  Мүшелік  жарналары 
жиналмағандықтан үйездік аудандық комитетте қаражат ақша 
жоқ. Ақша жоқ болғандықтан, болком, райком қызметкерлері 
айлық ақыларын ала алмай отыр. Соңғы кезде қосшы ұйымының 
қызметкерлері  айлықтарын  ала  алмаған  соң,  қызметке  де 
салақ болып кетті. Бұл кемшіліктерге аймақтық комитет шара 
қолданса екен.
Аямбай ұлы, «Еңбекші қазақ», 
25-нші жыл, 412-сан.
Әуезе  көбінесе  үш  тақтаға  бөлінеді:  1)  мәлімдеу,  2)  маз- 
мұндау, 3) қорыту.

247
Мәлімдеуде  иә  уақиғаның  алдында  не  болғаны  айтылады, 
иә айтушының уақиғадан қанша хабардар екендігі айтылады. 
Мазмұндауда  уақиға  қалай  болып,  қалай  өткені  айтылады. 
Қорытуында иә уақиғадан шыққан нәтижесі (ақтығы) айтыла-
ды, иә айтушының қарары айтылады.
Е с к е р т у: әуезелердің бәрінде де айтылған үш тақта бола 
бермейді.  Кейде  жазушы  тақталамай,  уақиғаны  бастан-аяқ 
мазмұндайды да қояды.
әуезе  әңгімесі  айтатын  түріне  қарай  бірнеше  тарауға 
бөлінеді.  Біреулері  өткенді  сөз  қылғанда  уақыт  сарынымен 
айтады, екіншілері уақыт сарынымен айтады, үшіншілері біре-
уден біреуді туғызып, туыс сарынымен сөйлейді. Кейбіреудің 
өз  заманындағы  болған  уақиғасын  сөйлегенде,  кей  өткен 
замандағы уақиғаның әңгімесін сөйлейді. Біреуі бір адамның 
өмірін яки мінезін әңгіме қылғанда, бүтін жұрттың өмірін яки 
мінезін әңгіме қылады. Сондықтан әуезелердің мынадай тарау-
лары болады: 1) шежіре, 2) заманхат, 3) өмірбаян, 4) мінезде-
ме, 5) тарих, 6) тарихи әңгіме.
Шежіре.  Шежіре  өткеннен  дерек  беретін  сөздің  бір  түрі. 
Шежіреде уақиғадан гөрі өткендердің түсі, туысы көп айтыл-
ды,  сондықтан  шежіре  уақиға  сарынымен  емес,  уақыт,  туыс 
сарынымен  айтылатын  әуезе  табына  жатады.  Шежіре  болған 
уақиға жайынан сөйлесе, себебін, мәнісін айтпай тек болғанын 
айтады да қояды. Мәселен, қазақ жұртының өмірінде болған 
уақиғалардың түп себептері байласылмай, көбінесе хандардың 
түсін, елдердің туысын көрсетіп тізген Шәкәрімнің «Қазақ һәм 
хандар  шежіресі»  деген  кітабындағы  әңгіме  шежіре  болады 
(нұсқалықтың 1-ші нөмірін қара). Басқа жұрттардың да шежіре-
лерінде уақиғаны жылдап тізгенінен басқа еш тәртіп болмайды. 
Ел шапқан мен қатын-бала шапқан әңгімесі қатар тұрады; бір 
жерінде әңгімені қойылтып, маңызды түрде айтса, екінші жер-
де сұйылтып, ұсақ-түйекті сөз қылады. Бір жерінде рас болған 
уақиғаны  сөйлесе,  екінші  жерінде  тек  жұрт  аузындағы  әуезе 
болған өтірік-шынды әңгімелерді сөйлеп кетеді.
Қазақта жазу болмаған себепті бұрыннан жазылып келген 
шежіре,  түрлі  әңгіме  жоқ,  бірақ  басқа  жұрттардың  шежіре-
лерінде  айтылатын  сөздер  сияқты  әңгімелер  қазақта  да  бар. 

248
Орақ-Мамай, Едіге, Кенесарының Садығы турасындағы ауызда 
айтылатын әңгімелердің көбі-ақ өтірік-шыны аралас шежіренің 
сөздері сияқты. 
заман хат. Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан яки 
өз ішінде болған істерден дерек беруі – заман хат деп аталады. 
Мәдени жұрттың адамында, заманында болған көзге түсерлік 
уақиғаларды яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме 
ретінде  тіркеп  отыратын  әдет  болады.  Заман  хат  шежіредей 
емес, тәртіпті, жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар 
құр тіркей беруге болады. Заман хатты оқымысты адамдар жа-
зады, сондықтан мұнда құр халық аузында әуезе болып жүрген 
дәлелсіз сөздер жазылмайды. Заман хатта уақиғаны уақыт са-
рынымен  жазылмайды,  іс  сарынымен  жазылады.  Заман  хат-
та  боларлық  бір  кемшілік  мынау:  Уақиғаны  болған  күйінше 
жазбай,  жазушы  өз  көңілінің  күйіне  бояп,  реңкін  өзгертуге 
ықтимал. Олай ету уақиғаның дұрыстығына кемшілік келтіреді. 
Заман хат шынға жақын болу үшін жазушы өз көңілінің күйіне 
түспейтін  яғни  достыққа  да,  қастыққа  да  қарамайтын  адам 
боларға  тиіс.  Ондай  адам  табиғаттан  тысқарғы  адам  болмақ. 
Адам табиғаттан тысқары бола алмағандықтан заман хаттары 
көңіл күйінің әсерінен аман бола алмайды. Сонда да тарихқа 
беретін жемінің молдығынан заман хат өте құнды сөздер есебі-
не қосылады.
Заман хат жазушы жазуына керек жемді иә уақиғаның бо-
лып жатқан үстінен алып жазады, иә көп уақыт өткізіп уақиғада 
болған халдерді өзінің есіне алып жазады. Заман хат мағлұматы 
айтушынын есіне алынып жазылғанда жәт дерек деп айтыла-
ды.
Заман хат болатын Абайдың қарасөздерінде бар (онан басқа 
заман хат болатын сөздерді нұсқалықтың 2-3-інші нөмірлерінен 
қара).
Жәт дерек болатын Шоқан турасындағы Потанин, Ядринцев 
сөздері және «Жазықсыз тамған қан» деген Торайғырұлының 
сөзі (нұсқалықтың 4, 5, 6-ыншы нөмірлерін қара
Өмірбаян.  Біреудің  туғанынан  бастап,  өлгенге  шейінгі 
өмірін жазу иә айту өмірбаян болады. Өмірбаян жазудағы мақсат 
белгілі  болған  адамның  өмірі  қалай  басталып,  қандай  күйде 

249
өткенін көрсету. Қандай тәрбиеде өсіп, қандай мінезде пайда 
болып, ол мінезі қандай істер істеуге себеп болғанын көрсету. 
Өмірбаян жемін белгілі адам турасындағы сипат қағаздардан 
алады. Білетін адамдардың ауыз айтуынан алады. Жазушы өз 
білетінін  жазады.  Өмір  дерек  ылғи  сипатты  мағлұматтардан 
құралған сөз болғандықтан, нағыз рас әңгіме болып шығады.
Мысалдар:  Абылай,  Абай,  Ақан  серінің  өмірбаяндары 
(нұсқалықтың 7, 8, 9-ыншы нөмірлерінен қара).
Өмірбаянын адамның өзі жазса, өз өмірбаяны деп аталады. 
Жай  өмірбаяннан  өз  өмірбаянының  айрылатын  жері  –  адам 
өз  ісіне  өзі  қазы,  өзі  сыншы  бола  алмайтындығынан,  жай 
өмірбаянынан өз өмірбаянының инабаты кемірек болады.
М  ы  с  а  л:  Әбубәкірдің  ауруынан  қауіп  етіп  жазған  өз 
өмірбаяны  (27  жасына  шейін),  Сағынғалидың  өз  өмірбаяны 
нұсқалықтың 10, 11-інші нөмірлерін қара).
Мінездеме. Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сы-
рын,  мінезін  таңып  керсету  –  мінездеме  болады.  Мінездеме 
өмірбаянның  да,  заман  хаттың  да,  тарихтың  да  ішіне  бөлімі 
есебінде  кіреді.  Мінездеме  заманның,  дәуірдің  халін  де  мі-
нездеп көрсетеді. Адамды мінездегенде өмірбаянының бөлімі 
болып кіреді. Жұртты, ұлтты, заманды мінездегенде тарихтың 
бөлімі болып кіреді. Өмірбаянның аяқ жағы ылғи мінездемеге 
айналып  кетеді.  Мәселен,  Шоқанның  жәт  дерегін,  Абайдың, 
Ақан серінің өмірбаяндарын қарасақ, көп жерінде-ақ мінезде-
мелері бар (нұсқалықтың 4, 5, 8, 9-ыншы нөмірлерін қара).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет