О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата31.12.2016
өлшемі1,7 Mb.
#830
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

әуезе жайынан ескерту
Жер жүзіндегі жұрттардың түріндегі шығармалары бір-бірі-
не  көбінесе  ұқсас  келеді.  Ондай  ұқсас  болатын  себебі,  олар 
шыққан заманда халықтың бәрінің, бір ананың қолында өскен 
балалар сияқты, көргені, өнегесі, үлгісі бір болған. Ол уақытта 
қай  халықтың  та  болса  табиғат  бауырында  болып,  табиғат 
тауқыметінде тұрып, табиғат қабағына қарап өмір шеккен. Ол 
заманда адам табиғат ісіне өзгеше қарап, табиғат күшін өзгеше 
ұғып,  бәріне  өзінше  мағына  берген.  Ол  уақыттағы  адамның 
санасын, саңылауын шамалап білгіміз келсе, бала күйге қайта 
түсуіміз керек. Сонда ғана дәу пері, жезтырнақ, жалмауыз кем-
пір, тағысын тағылар жайынан айтылған ертегілерге ойымыз 
ұйып,  бойымыз  балқып  тыңдайтын  дәрежеге  жете  аламыз. 
Халықтардың басынан өткізген анайылық шағы біздің балалық 
шағымыз  мысалды.  Балалықтан  шыққан  адамға  қайтадан 
балалық  күйге  түсуге  қандай  мүмкін  емес  болса,  анайылық 
күйден  шыққан  халықтарға  анайылықтан  туған  нәрсеге  ден 
қойып, иман келтіру мүмкін емес. Сондықтан бұрынғылардың 
анайы  күйдегі  шығарған  ертектері,  ертегі  сияқты  әңгімелері 
анайы күйден өтіп кеткен. Бұл замандағы адамдардың көңіліне 
әсер етіп, бойын балқытып, ойын ұйыта алмайды.
Бұл сияқты сөздер заманында осы күнгі асқан ақындардың 
сөзінен де күштірек адамға әсер етіп, бойын, ойын алып, қанын 
қайнатып, жүрегін аттай тулатқан әңгімелер шығар. Ол әсерін 
бірақ бұл күнде көрсете алмайды, үйткені бұл күнгінің адамы 
ол күнгінің адамындай емес, ол күнгінің адамы табиғат заңын 
білмей, сырын танымай, табиғатта жоқ қасиетті бар деп білген. 
Кереметсіз нәрсені кереметті деп білген. Қысқасы, мәнісін біле 
алмаған, табиғат ісінің бәрін кереметке жори берген. Мұның 
аты жоққа илану болады.
Ол  күндегілерге  керемет  көрінген  нәрселердің  бұл  күнде 
алдауыш  пердесі  алынып,  сыры  білініп,  сыриып,  шыны  ғана 
қалды.  Күннің  тұтылғаны  қазаққа  қанша  қорқыныш  кір-
гізіп,  тасаттық  бергізіп,  қанша  қой  сойғызып,  әурелеуші 
еді?!  Бұл  шақта  күн  тұтылуы  от  басындағы  құманның  отты 
көлеңкелегені сияқты ғана нәрсе болып шықты. Дауыл соғып 

265
бұрқырап,  бір  нәрсе  ашуланған  сияқты  болып  дүрілдеп, 
күрілдеп, көкті күркіретіп, тасырлатып, бұлттарды дүркіретіп 
айдап,  найзағайды  жарқылдатып,  әуені  тітіретіп,  дірілдетіп, 
жапырып, жоқ қылатындай дауылдар, жауындар болады.
Табиғат бауырынан шықпаған, есі кіріп жетпеген, жас бала-
лар сияқты ақылы еніп жетпеген алғашқы адамдардың көңіліне 
ол  сияқты  әлеуметтер  қандай  қорқыныш  кіргізбек!  Қалайша 
мұны бір құдіреті күшті, керемет иесі нәрсе деп танымасқа?! 
Ол  күндегі  адамдар  түгіл,  күні  кеше  осы  күнгі  адамдардың 
көбі,  молдалардың  айтуымен,  күн  күркіреуін  періштелердің 
бұлтқа айқайлағаны деп, найзағайды періштелердің шайтанды 
атқаны деп түсініп жүрген жоқ па еді?!
Бұл  күнде  бұрын  керемет  көрінген  нәрсенің  пердесі  алы-
нып,  беті  ашылып,  пердесі  көрініп,  күн  күркіреуі,  найзағай 
ойнау,  кереметтен  түк  жоқ,  құр  «электр»  болып  шыққан  жоқ 
па?! Бұл электріңді өнер-білімі бар жұрттар от пен су сияқты 
пайдаланып отырған жоқ па?!
Күн  күркіреуін  періште  дауысына  жору  сияқты,  найзағай 
ойнауын шайтанды атқанға ұйғару сияқты, табиғат ісін таны-
май, басқаға ұйғару, басқаға таңу бұрын көп болған. Сондықтан 
ғаламда  жоқ  адамда  ғана  бар  яғни  адамның  қиялында  орын 
алған нәрселер бұрынғы заманда көп болған. Жалмауыз кемпір, 
жезтырнақ, обыр үйі, жын, пері, албасты, марту сияқты нәрселер 
дүниеде жоқ, адамның қиялында ғана болған нәрселер.
Өнер,  білім  болмағандықтан,  ол  күндегі  адам  табиғатқа 
қожалық қыла алмаған, табиғат сырын біле алмаған. Табиғат 
күшінің  көбі  бір  керемет  болып  көрініп,  дүние  неше  түрлі 
Құдайлардың,  перілердің,  періштелердің,  шайтандардың, 
жындардың  быжынап  жатқан  ордасы,  ұясы  секілді  көрініп, 
көңіліне қорқыныш кіргізген себепті алғашқы адамдар табиғат 
алдында  қол  қусырып,  құлдық  қып,  бас  ұрумен  болған. 
Күркіреген күннің, дүрілдеген желдің, бұрқыраған дауылдың, 
зырқыраған  құйынның  әрқайсысының  істеуші  иесі  бар, 
құдайы  бар  деп  ойлаған.  Күлімдеп  күнде  көз  салып,  күйін-
жайын  көріп,  жарық  беріп  жадыратып,  жылылық  беріп  мау- 
жыратып,  мәз  қылып  отыратын  «Күн  құдайды»  қара  әбілет 
басып,  қараңғыласа  қауіптенген,  қайғырған,  бір  дүкіртке 

266
ұшырады деп білген. Қыс деген әбілет келгенде, күннің күші 
азайып, ауырғандай болып, әлсірейді. Дүниедегі нәрсенің бәрі 
қысылады, мұздайды, қатады. Түсі қашып, өлік сияқты жатады. 
Күн жазыла бастағанда, жаз болады: бәрі жадырайды, жазыла-
ды, көгереді, көркейеді. Сүйтіп, қыс пен жаздың болуын «Күн 
құдайдың»  әлсіреуі,  күшеюінен  болады  деп  білген.  Күннің 
тұтылуын айдың тасалауы демей, қаптаған бір қара пәле деп 
білген.
Адам анайы шағында бала сияқты жанды, жансыз нәрсені 
айырмаған.  Жандысы  да,  жансызы  да  бірдей  тіршілік  ететін, 
бірдей  өмір  сүретін  сияқты  көрінген.  Қуыршағын,  басқа 
ойыншық нәрселерін жанды нәрседей көретін балалар сияқты 
болған.  Табиғаттан  ұзап  кеткен  жері  болмаған  соң,  адамның 
өзі де табиғатпен қатар, табиғатпен жалғас, сабақтас, өзектес 
сияқты  күйде  өмір  шеккен.  Жансыз  нәрселерді  жанды  деп 
таныған. Ол заманның адамы өлімді өлу деп білмеген. Өлгенін 
тірісіндей  көрген,  қару-жарақ  сияқты  тұтынған  нәрселерін 
өзімен бірге қойған. Ішуге басына тамақ қалдырған. Қайратты 
адамдар  тірісінде  елді  қорғап,  қысылған,  қиналған  жерде 
ақылымен, айласымен иә болмаса қайратымен құтқарған бол-
са, ондай адамдардың өлгенде де жәрдемі тиеді деп ойлаған. 
Сондықтан қысылған, қиналған шақта әруағын шақырған.
Бәрі жору, жорамалдау, ұйғару айналасында болып, нәрсенің 
сырын тану, шынына жету жоқ болып, ақыл жағы күшеймей, 
қиял жағы күшейіп, анайы заманның адамының ақылы нашар, 
қиялы күшті болған. Қиял ісін сынға салып тексеретін ақылы аз 
болған соң, қиялдаудың шеті, шегі болмаған. Адамның анайы 
шағындағы шығармалары орасан қияли, орасан кереметі көп, 
расы аз түрде айтылған. Анайы заманда адам бұл заманнан гөрі 
де  күшті  көбірек  сыйлап,  күшке  көбірек  бағынған.  Көріктің 
пұлы болмаған, сондықтан күшті болған нәрселердің бәрін де 
құдай деп білген. Досынан қадірлеп, құдайдай көретіндері ба-
тырлар болған.
Батырлары елінің қорғаны болған. Табиғат жауын да, адам 
жауын  да  қағысқан  жерде  батыры  күшімен,  ісімен  мұқатқан. 
Ондай адамдарын құдайдай құрметтеп, батырлығын, қайратын 
жыр қылып, аузынан тастамай, үлкенге өнеге, кішіге үлгі еткен.

267
Ол  жырларын  бас  қосқан  жерде  айтатын  адамдары  жыр-
шы деп атанған. Жырлар жыршылардың аузында елден елге, 
нәсілден нәсілге, заманнан заманға кеткен. Ол заманда жазу-
сызу  жоқ.  Жыршыдан  жыршы  жатқа  үйренген  себепті,  жыр-
лар ауыздан ауызға көшкен, қиялдан қиялға түскен. Әр жыршы 
өз  ойынша,  өз  қиялынша  өң  берген;  өз  қиялынша  көпірткен, 
көркейткен.  Сүйтіп,  өзгеріс  кіріп,  көбінің  өрісі  кеңіп,  өресі 
ұзарған.  Батырларға  адам  баласына  бітпейтін  қайрат,  адам 
қолынан  келмейтін  іс  ұйғарылып,  артықша  қасиет,  керемет 
таңылып,  құдай  болмаса  да,  соған  жақын  бір  нәрсе  болып, 
құдайлары мен батырларының арасында жік қалып жарылма- 
ған. Ақыннан шыққан сөз, жыршыдан жыршыға көшіп жүріп, 
өзгеріп те болған. Шығарған ақындарын да жоғалтқан. Батыр-
лар  жыры  бір  адамның  сөзі  болудан  шығып,  мың  адамдікі, 
жұрттікі,  ұлттыкі  болып  кеткен.  Мәселен,  «Қобыланды  ба-
тыр»,  «Алпамыс  батыр»  сияқты  батырлар  жыры,  «Қара  ба-
тыр», «Қара қылыш» сияқты ертегілер ауыздан ауызға көшіп, 
талай заманның түрінше түрленіп, халықтың салтымен, сары-
нымен бірге өзгеріп, ақынның атын, сөзінің байырғы белгісін 
жоғалтып, қазақ сөзі ғана болып келіп тұр. Мұндай сөздерге 
қазақтан басқа ие жоқ. Қатта ертек сияқты сөздердің сүлдесі 
басқа  жұрттан  алынып,  жыршылар  аузында  екінші  жұрттың 
салтына,  сарынына  салынып  кеткен  болуы  да  ықтимал.  Ер-
тегі сияқты ескі сөздердің бір адамнан шыққанын білу түгіл, 
белгілі бір халықтан шықты деп айтуға да қиын. Ондай сөздер 
айтып  жүрген  халықтың  өз  шығармасы  болуға  да,  болмауға 
да  ықтимал.  Сөз  ішіндегі  адамдардың  жүріс-тұрысы,  мінезі 
өзіне сәйкес келгендіктен, әр халық өзінікі деп біледі. Сәйкес 
келу себебі ауыздан ауызға көшкенде әркім өзінше өң беріп, өз 
заманының салтына, сарынына түсіргендіктен.
Бұл сияқты сөздер көптің аузынан өтіп, көп өзгеріс көріп, 
алғашқы шығарған ақынынан түк белгі қалмағандықтан халық 
шығармасы, халық әдебиеті деп аталады.
Жоғарыда айтылған мәністер мен шығармалар екіге бөліне- 
ді: 1) ауыз шығарма, 2) жазба шығарма.
Жазу-сызу,  өнер-ғылымы  жоқ  анайы  халықтарда  жазба 
шығарма болмайды. Ондай халықтардың асыл сөздері анайы 

268
тілмен айтылған ауыз шығармалар болады, сондықтан ондай 
асыл сөздер ауыз әдебиет яки анайы әдебиет деп аталады.
Жазу-сызу,  өнер-ғылымы  бар  мәдениетті  жүрттар  асыл 
сөздерін сыпайы тілмен жазып шығарады, сондықтан олардың 
шығармалары жазу әдебиет яки сыпайы әдебиет деп атала-
ды.
Қай  халықтың  да  болса,  жазу-сызу,  өнер-ғылым  білмеген 
шағы болған, сондықтан анайы әдебиет халықтың бәрінде де 
болады.  Сыпайы  әдебиет  жазу-сызу,  өнер-ғылым  жемісінен 
дәм татқан жұрттарда ғана болады.
Ауыз шығарманы (анайы әдебиетті) ауыз сөз деп қана атап, 
жазба  шығарманы  (сыпайы  әдебиетті)  ғана  әдебиет  деп  та-
нушылар бар, бірақ қалай да асыл сөздің бәрі де тілдегі әдебиет 
есебінде жүріледі. Қай тілдегі әдебиетті болса да сөз қылғанда, 
шығармаларын сөз қылмай өтпейді. Сөйлеу жүйесінің мақсаты 
сөйлеу  жүйелерін  білдіріп,  анайы  тілдегі  асыл  сөздердің 
түрлерімен таныстырып, сөзден нендей нәрселер жасап шыға- 
руға болатындығын көрсету. Сондықтан сөйлеу жүйелерін біл-
діргеннен  кейін,  қазақтың  анайы  әдебиетінен  бастап,  тілдегі 
бар шығармалардың түрлерімен таныстыру қажет болады.

269
АУЫЗ ӘДЕБИЕТ
Қазақ  ауыз  әдебиеті  жұмсалатын  орнына  қарай  әуелі  екі 
салаға бөлінеді: 1) сауықтама, 2) сарындама.
Сауықтама саласына барша сауық үшін айтылатын сөздер 
кіреді.
Сарындама саласына жұрттағы келе жатқан салт сарынымен 
айтылатын  сөздер  кіреді.  Ол  салалардың  әрқайсысы  тарауға, 
тараулары тармаққа, бұтаққа бөлінеді.
Сауықтама екі тарау болады: 1) ермектеме, 2) зауықтама.
1. сауықтама (сауық сөз) саласы, тараулары
1)  Ермектеме  (ермек  сөз).  Ермектеме  деп  ермек  үшін 
сөйленетін  сөздер  айтылады.  Мәселен:  ертегі,  ертегісімек, 
аңыз әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш 
сияқты сөздер.
ертегі.  Ертегі  қиялмен  қисынын  келтіріп  қызықты  ету 
сияқты  мақсатпен  шығарған  әңгімелер.  Ертегінің  ішіндегі 
уақиғалар,  уақиғаға  қатысқан  нәрселердің  көбі  дүниеде  жоқ, 
қиялдағы уақиғалар мен нәрселер болады. Сондықтан әдебиет 
тарихшылары  ертегілерді  адамның  жоққа  нанған  шағындағы 
сөзі  деп  есептейді.  Дәу,  пері,  жалмауыз  кемпір,  жезтырнақ 
сияқты нәрселерге бұрынғының адамдары құдайдай, періште-
дей,  пайғамбарлардай,  әулиелердей  иланған  заманда  шыққан 
сөздер дейді. Ертегілер солай болуға тиіс жөні де бар. Ертеде 
шыққан әңгіме екендігін ертегі деген аты да көрсетіп тұр.
Ертегілер өтірік болғанымен мағынасыз болмайды, көбіне- 
се  ішкергі  астарлы  мағынасымен  өнегелі  келеді.  Жақсылық, 
жамандық,  достық,  қастық,  арамдық,  адалдық,  батырлық, 
қорқақтық,  ептілік,  шорқақтық,  қулық,  аңқаулық,  тағысын 
тағы сондай жақтан өнеге беру, тәлім-тәрбие беру мақсатымен 
шығарған  әңгімелер  екендігі  сезіледі.  Бірақ  ертегі  дүниедегі 
қалыптың  жағдайына  қарамай,  бәрінен  қиял  бетімен  өтеді. 
Сондықтан ертегіде жаны жоқтар жанды болады, тілі жоқтар 
тілді болады. Бір нәрсе екінші нәрсенің түріне түсіп кетеді.

270
Ертегінің  қадірі  қанша  деп  сұрағанда,  керектігіне  қарай 
жауап  беріледі.  Ертегінің  керек  орындары:  1)  халықтың 
ұмытылған  сөздері  ертегіден  табылмақ,  олай  болса,  ертегі 
тіл  жағынан  керек  нәрсе.  2)  Бала  әдебиеті  жоқ  жерде  ертегі 
баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе, ба-
ланы  қиялдандыруға,  сөйлеуге  үйретеді.  3)  Бұрынғылардың 
сана-саңылау, қалпы-салты жағынан дерек беруімен керегі бар 
нәрсе.
Ертегі – халықтың ескіден қалған жұрнақтарының қордасы. 
Ол  қорда  қазірде  шашылып,  төгіліп,  жылдан-жылға  азайып, 
жоғалып  барады.  Ғылымды  жұрттар  бұрынғы  адамның 
тұрмысын, халін жорамалдап, аз да болса білу үшін жердің ас-
тынан  қазып,  тұтынған  нәрселерінің  жұрнағын  табуға  қанша 
еңбек қылады! Біздей тарихы жоқ халыққа ертегіге қарап ер-
теде болған аталарымыздың өткен тіршіліктерін жорамалдауға 
болады,  сондықтан  елде  тұрған  адамдар  ертегілерді  жинап, 
жоғалмасына қам қылу борышым деп білу керек.
Қазақта ертегі көп, мұнда бірнешеуін атап өтеміз: 1) «Қара 
батыр», 2) «Тазша бала». 3) «Алтын айдар», 4) «Хан Шынтай», 
5) «Еркем Айдар», 6) «Арам пейіл, ақ пейіл», 7) «Әжігелді», 8) 
«Хан қызы», 9) «Тазша», 10) «Түлкі алдауы», 11) «Дуадар қыз», 
12) «Үш ұл», 13) « Балықшы жігіт», 14) « Қара көз сұлу».
ертегісімек

. Ертегісімек деп ертегіге ұқсас, бірақ ертегіден 
гөрі әдемірек, шынға бейімірек, тұрмысқа жақынырақ, дүниеде 
болуға ықтималы молырақ түрде шығарған әңгіме айтылады.
Мәселен,  «Алдар  Көсе»,  «Жиренше  Шешен»,  «Қожа  На-
сыр», «Атымтай Жомарт» сияқты адамдар турасындағы әңгіме- 
лер; мұнда да өтірік көп, бірақ өтірігі қисынды, шынға ұқсас.
Өтірік  өлең.  Өтірік  өлеңнің  не  екенін  аты  да  айтып  тұр. 
Өтірік өлең қалай шыққанын сөйлейтін ертегі бар: ол ертегінің 
қысқаша мазмұны – қырық ауыз қиысын келтіріп, өтірік өлең 
айтқан адамға бір хан қызын берем деген. Соған біреу қырық 
ауыз өлең айтып, қызын алған дейді.
Өтірік өлең түрлері мынадай келеді:
Бақа қызын беріпті көбелекке, 
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке. 
Құмырсқаның бір туын ұстап сойып, 
Той қылып, ат шаптырды төңірекке.
2
. Ертегісімек шынға жақын әңгіме болады (А.Байтұрсынұлының түсініктемесі)

271
Ақ тышқанға күмістен таға қылдым, 
Көр тышқанның терісін жаға қылдым. 
Көбелектің терісін жыртпай сойып, 
Он бес қарыс жиындық саба қылдым.
Он бес жігіт жиылып көтере алмай, 
Енді саба қылмасқа тоба қылдым.
жұмбақ. Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан яғни қолдың 
ішіне бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен 
шыққан. Жұмбақта нәрсені қолға жұмып тұрып таптырмайды. 
Ойда бүгіп, айтпай қойып, сол нәрсеге ұқсас нәрселерді сипат-
тап  айтып,  ұқсастығы  бойынша  таптырады.  Жұмбақ  зейінді 
ұстартуға пайдасы бар нәрсе. Жұмбақтың негізі тәріздеу яғни 
нәрсенің  сипатын  тәріздеп  айту.  Мәселен,  арбаны  жұмбақ 
қылғанда, адамға тәріздеп былай сипаттайды:
Ізі бар, қадамы жоқ аяғының, 
Тимейді ұшы жерге таяғының. 
Қолдарын хайуанға арта тастап, 
Салады әуеніне баяғының.
«Киіз үйді» жұмбақ қылғанда, айдаһар тәріздендіріп былай 
сипаттайды:
Дүниеде бір айдаһар, білесіз бе? 
Жаны жоқ қимылдауға денесінде. 
Ішінде сүйектері бақша-бақша, 
Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде.
«Құлыпты» жұмбақ қылғанда, ит тәріздендіріп былай дей-
ді:
Таң қаларлық бір ит бар; 
Үй бағады, үрмейді, 
Аяғы жоқ, жүрмейді, 
Көмейін тықсаң, сөйлейді, 
Тілін адам білмейді. 
Ұлықсатсыз сол иттен 
Адам үйге кірмейді.
Басқа нәрсе тәріздендірмей, тек өз сипаттарын ғана айтып 
жұмбақтау  бар.  Мәселен,  балықты  жұмбақ  қылғанда,  былай 
сипаттап көрсетеді:

272
Бір нәрсе қанаты жоқ ұшпас биік, 
Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп. 
Арасын жер мен көктің өрт алса да, 
Кетпейді ешбір жері отқа күйіп.
Иә болмаса бір ғана нәрсеге ұқсатпай, әр мүшесін әр нәрсеге 
ұқсатып сипаттап жұмбақтау да бар. Мәселен, шегірткені бы-
лай жұмбақ қылады: ат басты, арқар мүйізді, бөрі кеуделі, бөкен 
санды, құс қанатты, құмырсқа ізді, бота тірсекті.
жанылтпаш. Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. 
Қатарынан  қайта-қайта  шапшаң  айтқанда,  иә  тіл  келмейтін, 
иә тіл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, 
келістірген шығарма жаңылтпаш деп аталады.
Жаңылтпашқа көбінесе жаңылғанда ерсі мағыналы сөз бо-
лып шығып, күлдірерлік сөздер алынады. Мәселен:
Базардан алып келген боқжама,
Мен боқжамаламай, кім боқжамалайды?
Мен боқжамаламай, кім боқжамалайды?
Бастапқы жолын жай айтады, соңғы екі жолын шапшаң ай-
тады.
Жаңылғанда  мағынасы  ерсі  сөз  болып  шығуын  көздемей, 
тек жаңылу үшін айтылатын жаңылтпаштар бар. Мысалдар:
Бір түйем бар еді,
Бұйдалайын деп едім, бұйдалай алмадым (соңғы жолды үш 
рет шапшаң айтады).
Құдиярмен құда едім,
Құдияр мені құдалай алмады,
Құдиярды  мен  де  құдалай  алмадым  (соңғы  екі  жолды  үш 
рет шапшаң айтады).
Бай Тайқарбай, қойыңды 
Ақшағылға жай, 
Тайқарбай (үш рет шапшаң айтылады).
Бас қатырғыш. Бас қатырғыш жұмбақ сияқты бұ да ойлан-
дыратын  нәрсе, бірақ жұмбақтай шешуі болмаған соң, босқа 
әурелейді.  Шешуі  жоқтығын  білмей,  жұмбағын  табамын  деп 
ойланып, адамның басы қатады, сондықтан бас қатырғыш деп 
аталады.
(Ермектеме нұсқаларын нұсқалықтың 
32, 57-нші нөмірлерінен қара).

273
2. зауықтама (зауық сөзі)
Зауықтама деп көңіл көтеру үшін сөйленетін сөздер айты-
лады.
Мәселен, ертегі жыр (батырлар), тарихи жырайтыс өлең
үгіт өлең, үміт өлеңтолғау, түрлі терме өлеңдер.
1. ертегі жыр (батырлары жыры) деп бұрынғы өткен ба-
тырлар турасында шығарған өлеңдерді, әңгімелерді айтады. Ба-
тырлар әңгімесі өтірік, шыны аралас қойыртпақ әңгіме болады. 
Шын жағы: бұрын батырлар болуы, батырлар заманында соғыс 
болуы,  батырлар  халық  үшін  қайрат  қылуы,  жұртын  қоруы. 
Өтірік жағы: олардың мінген атына, тұтынған затына өздеріне 
бітпеген қасиеттерді таңу, болмаған күштерді, болмаған істерді 
телу, өтірік те емес, шын да емес, дүбара ертегілеу әңгіме бо-
лып шығады. Ол әңгіме өлеңмен айтылған себепті ертегі жыр 
деп аталады. Неғұрлым әріден шыққан әңгіме болса, соғұрлым 
қиял  жағы  шын  жағын  жеңіп,  әңгіме  өтірікке  жақындай  бе-
реді.
Батырлар  әңгімесінің  құны  қандай  деген  мәселеге  келсек, 
мұнда  айту  тиіс:  бұрынғы  жаугершілік  заманда  халық  тән 
есебінде болғанда, батырлар жан есебінде болған. Сондықтан 
батырлар  турасындағы  әңгіме:  халықтың  жаны,  рухы 
турасындағы әңгіме: Батырлары қандай болса, халықтың рух 
жағы  да  сондай  болған.  Ертек  жырдағы  батырлар  сипатына 
қарасақ, ол жырлар халықтың рухы нағыз көтерілген шағында 
шыққандығын байқаймыз. Ошақ басы, үй-ішінің қамы сияқты 
өмірдің  ұсақ  мақсат  жағымен  азаматтары  есептеспей,  ұлы 
мақсат,  ұлы  мұратпен  болып,  жұрт  үшін,  көп  үшін  құрбан 
қылмайтын нәрсесі болмағанын көреміз. Әке-шеше, туысқан-
туған,  мал-мүлік,  ең  қымбатты  жан  –  солардың  бәрін  жұрт 
қамының жолында бір тиынға баламағанын байқаймыз. Тоғай 
толған жылқысы, қора толған қойы, желі толған түйесі бар бай-
лар, жасы 80-90-ға келгенше бала көрмей, баласы жоқтығынан 
әркімнен қорлық көріп, таяқ жеп, сөгіс естіп, зарығып, тарығып, 
«әулиеге ат айтып», «қорасанға қой айтып», өлдім-талдым де-
генде жалғыз ұл көрсе, ол ұлы жұрт жұмысына керек болған 
жерде қартайған, әлсіз ата-анам қалып барады екен деп, оған да 

274
қайырылуы жоқ. Тоғай толған көп малым қалып барады, оны 
қайтемін деп уайымдап, қарайламайды.
Қобыланды  жауға  аттанып  бара  жатқанда,  қарындасы 
Қарлыға  түстік  жерге  шейін  соңынан  қалмай,  ақырында 
қайырылмасына  көзі  жеткен  соң,  қош  айтысып  қалайын  деп 
тұрып:
Желі толған сар түйе, 
Ағажан, кімге тапсырдың? 
Қора толған ақты қой, 
Ай көке, кімге тапсырдың? 
Тоғай толған көп жылқы, 
Күн көке, кімге тапсырдың? 
Тоқсанда әкең Тоқтарбай, 
Алпыста шешең Аналық;
Ақ көке, кімге тапсырдың? 
Бірге туып, бірге өскен, 
Кіндігіңді бір кескен. 
Көкежан деп жылаған, 
Мен сорды кімге тапсырдың? 
Бұ дүниеде мұңдасың, 
Төсекте жатсаң сырласың, 
Ақыреттік жолдасың, 
Бұлаңдаған қыз Құртқа, 
Оны да кімге тапсырдың? –
дегенде, Қобыланды ата-ананы, туысқан-туғанды, жарды керек 
қылмайтын  тасбауыр,  тасжүрек,  қасқыр  сияқты  тек  қанішер 
аң мінезді адам емес, шын адам екендігін жырдың мына сөзі 
көрсетеді:
Жүрегі сөзге өрекпіп, 
Батыр да Қобылан тарықты, 
Әскерден жалғыз қалыпты. 
Қарлыға бүйтіп тұрған соң, 
Ақ найзаға сүйеніп, 
Ақырын өксіп қамықты.
Мұнан  Қобыландының  артында  қалып  бара  жатқандары 
жанына  бататын  қымбат  заттар  екендігі,  Қобыланды  да  ата-
ананың, жардың, туысқанның құнын білетіндігі көрінеді. Бірақ 

275
олар  қанша  қымбат  болғанмен,  онан  да  гөрі  батырға  қымбат 
нәрсе  –  жұрт  қамы,  жұрт  ісі.  Ол  жұрт  ісі  әлгілердің  бәрінен 
қымбат екендігін, оның бәрін жұрт үшін құрбан қылатынын, 
қатта  басын  да  соған  құрбанға  байлап,  жауға  аттанып  бара 
жатқандығын  білдіру  үшін  қарындасына  Қобыланды  былай 
жауап қайырады:
Желі толған сар түйе, 
Сары суға тапсырдым. 
Қора толған ақты қой, 
Аш бөріге тапсырдым. 
Азу тісі балғадай, 
Жас бөріге тапсырдым! 
Тоғай толған көп жылқы, 
Жасанған жауға тапсырдым!
Төртеуіңді, тәуекел,
Бір Құдайға тапсырдым! 
Сендер төртеу, мен жалғыз, 
Жауға кетіп барамын, 
Әлдеқандай боламын, 
Айналайын Қалдыжан, 
Ағаңды кімге тапсырдың? –
дейді. Әкесінің жасын өте үлкен кәрі қылып, «өлдім-талдым» 
дегенде,  зарықтырып-тарықтырып,  оған  жалғыз  ұл  беріп, 
ол  ұлын  жұрт  қорғаушы  батыр  қылып,  ер  құрбандығының 
көптігін, үлкендігін көрсету мақсатпен істеген ақын шеберлігі 
де бар шығар. Бірақ елде жоқ рух ақын сөзінде де болмайды. 
Елде  бар  рухты  ақын  ықтимал  дәріптеп,  күшейтіп,  көпіртіп, 
көркейтіп айтуы, бірақ жұртта жоқ рухты ақын өзінен шығарып 
айта  алмайды.  Ақын  сөзіне  жұрт  рухының  сәулесі  түспей 
тұрмайды. Халықтың батырлары кетіп, басқаға бағынып, рухы 
сөнген  уақыттағы  қазақ  ақындарының  сөзі  әлгі  айтылғанды 
сипаттайды.  Байларды,  мырзаларды,  төрелерді,  бастықтарды 
кейде жақсы көріну мақсатымен, кейде нәрсе алу мақсатымен 
мақтап, ақындықты қайыршылыққа, жараукелікке айналдырған 
ақындарымыз  аз  ба?  Ақындардың  олай  істеуі  елдің  көбі 
қайыршылыққа, жараукелікке айналғандықтан, елдің дәріптеп, 
ұлықтайтыны бастықтар, байлар, мырзалар болғандықтан.

276
Сүйтіп, рухты ертек жырлар, батырлар әңгімелері халықтың 
рухы көтерілген шақта шыққан сөз болады. Батырлардың ру-
хынан, батырларды жыр қылған ақын сөздерінің рухынан сол 
жыр шыққан замандағы халық рухы қандай болғанын білеміз. 
Ертегілер бұрынғының қалпынан, салтынан дерек бергеңде ер-
тек жырлар бұрынғының рухынан дерек береді, бұл – бір.
Екінші  –  батырлар  әңгімесінің  құны  тілге  пайда  беру 
жағынан  зор.  Батырлар  әңгімесі  өлеңмен  айтылған,  өлеңмен 
айтылған әңгіменің сөзі көпке төзеді, тез өзгере қоймайды. Со-
лай болған соң, батырлар әңгімесінде аталарымыздың сөздері 
сақталып  келген.  Біз  сияқты  тілі  жетіліп  болмаған  халыққа 
аталарымыздың  сөздерін  сақтаған  әңгімелер  құнды  болмақ. 
Сондай құнды әңгімелердің бірі батырлар әңгімесі болады.
Соңғы  уақытта  қазақта  сауық  кеміген  себепті  жыршы-
лар  азайып,  батырлар  әңгімесі  жоғалып  барады.  Батырлар 
әңгімелері – өлеңмен айтылатын әңгімелер. Жыршылар жоғал- 
са, батырлар әңгімелері өлең түрін жойып, ертекке айналады. 
Ертегіге айналса, батырлар әңгімесінің рухы, көркі жоғалып, 
құр сүлдесі қалады, сондықтан жыршылар жоғалмай тұрғанда, 
батырлар  әңгімелерін  өлең  түрінде  жыршылардың  аузынан 
алып  қалу  керек.  Бұл  ел  ішінде  тұрған  азаматтардың  халық 
алдындағы борышы.
Ертегі-жырлардың  қазақ  ішінде  көбінесе  айтылатындары: 
«Қара қыпшақ Қобыланды батыр», «Нәрікұлы Шора», «Алпа-
мыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», « Едіге», « Қамбар».

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет