Ө ресі жетпей, Күндестік қы лған оңбайды



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата16.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
23 наурыз 1973 жыл
Ұмытшактық пайда бола бастады, әсіресе... 
Бәрі де тұйы ққа тіреліп тұрғандай. Ж ы лж ы ған 
бір іс ж оқ әзірге. Ешнәрсеге заукым шаппайды. 
Қалам ұстағым да келмейді. Бір зіл-зала 
бойымды басып барады , немен тынары белгісіз.
Балалары м ғой... Олар болмаса өкінішсіз-ак 
өлуге болар еді.
9 сәуір 1973 жыл
Адам өмірінің бақыты — балалы к ш ак. Ба- 
лалы қ ш ақ бақытсыздықпен өтсе, санасы бар 
пеңденің бүкіл ғұмырына ақау түскені!..
11


21 сәуір 1973 жыл
18 сәуірде Сәбит М ұқанов қайтыс болды. 
Ертең (22) жерленбекші. Егер бұрынғылардың 
айтқаны рас болса, енді екінші, нағыз өмірі 
басталатын адам осы Сәбең болуға тиісті.
Ж ұрт не ойласа да өзі білсін, менің ойым- 
ш а, Сәбит — үлкен дүние. Өзі — Өмір. Хатты 
ж аң а тани бастаған қазақты ң қалаулы ұл- 
дарының ішіндегі ең ірісі осы адам болуға 
тиісті. Өзін өсірген өмірі мен заманы тұрғанда, 
Сәбеңді ұрпақтар ұмытпак емес. Бұл — қа- 
закты ң Бальзагы . (70 жылдығында солай деп 
ем...)
Құрметті адам өлгенде де кұрметті! Хош, 
кәрия! Топырағың торка болсын!
* * *
... Бүгін таңертең балконға шығып едім
мұрныма ауылдың көктемінін иісі келді. Сонау 
«Айқайтастан» соққан ж айлауды ң самалының 
иісі келді. Сонау соғыс жылдары шешем екеу- 
міз, әжем де бар, қой айдап ж ай лауға алғаш
көшіп барған балауса, балғын ш ақ есіме түсті. 
Әлі мал аяғы таптам аған Ш алкөденің жап- 
ж асыл ж азы ғы тұрды көз алдымда. Сол кезді, 
сол табиғатты бірінші рет маған көрсеткеніне 
құлдық, тәңірім...
12


Сұлу сүйіп, сауы қ кұрмай өтіп барам. 
Мейлі, 
өкінбеймін. 
Туған 
жерімнің тұнып 
тұрған, қылшығына кылаң түспеген сұлулы- 
ғын алдымен мен сүйгем! Соның бәрінің кы- 
зығы менде, менімен, өзіммен бірге кетеді. Ол 
айм ақ баяғы дай, менің балауса шағымдай 
сұлу емес қазір. Ж ок, сұлу емес. Ол да бөлек 
қазір, мен де бөлек. Екеуі де өлген. Тек менін 
кеудем мен миымда ғана. Менімен бірге вледі...
23 сәуір 1973 жыл
Кеше (22 сәуір) Алматы Сәбит М ұқановты 
акырғы сапары на аттандырып, коштасты. Тү- 
неріп келіп, нөсерлете ж аум ай, анда-санда 
бүркіп қан а тұрған күннін райы ыстық та емес, 
салқын да емес, коңыржай, шыбынсыз көктем, 
ағы лған ж ұрт нөпірі, өзіне оңаша бөлінген 
Көктөбенің баурайы — бәрі де символично. Ха- 
лы қ өз ұлынан ештеңесін де аяған ж оқ, ақ 
ниеттерімен ақырғы рет қоштасты. Сірә, өз 
халқының мұншама ықыласына бөлену — енді 
кімдерге қиындау болар...
Өзбектен келген жазуш ы (С аф аров) өз ті- 
лінде 
ж ақсы
сөйледі. 
Ғабең 
(Мүсірепов) 
толқып сейледі, қоркып сөйледі.
Сонымен, Сәбеңнің екінші өмірінің бірінші 
күні басталды. О, оның ұ за к өмірі енді бас- 
талды. Сәбеңде арман жоқ! Өз өмірінін шежі-
13


ресін жазып үлгерді ол. Ал оның өмірі — дәуір- 
дің өзі.
Ж ы ртақтаған жігіттерді ж ек көріп кетке- 
нім-ай. 
Қ арғадай 
бастарынан 
бакастыкты, 
такасты қты , 
пәскене — қоқыстыкты 
кайдан 
үйренеді осылар?! Бұл ж аксы лы қ емес. Ж асты қ 
ж аксы лы кка ғана ұмтылмайтын ба еді?
15 қараш а 1973 жыл
Сонымен, хош бол Москва...
Шын уайым, шын қайғы осылай болады 
екен-ау!
18 ңараиіа 1973 жыл
...Үйреніп қалған ұямдай,
Мәскеуді барам қия алмай. 
М иллиондардың ішіне,
Бір басым менің сия алмай.
Еңсемді бір сәт ж ия алмай,
Не бетімді айттым, Алматым,
Не деймін саған ұялмай?..
Таңғы ш ак,
Аяз сорып тұр.
Соғып тұр боран,
Соғып тұр.
Ақ құсым, мені аман-сау, 
Алматымменен жолықтыр.
14


Жұмыссыз жүргеніме Ж а қ а жылда бір 
жыл толады. Қайтіп, қалай ж ан бағып жүр- 
геніме таңданамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет