Ө ресі жетпей, Күндестік қы лған оңбайды



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата16.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
18 желтоқсан 1973 жыл
Үнемі М осквада тұрып, сонда тірлік еткен- 
дей, Москва неге ой-түсімнен шыкпайды?! 
Алматыға, адам дарға деген бір түрлі ж аты ркау 
бар. Как ни говори, М о с к в а — есть М осква, 
там все попроще. Там можно кое-чему нау- 
читься и можно добиться кое-чего. Бастан 
өткен аяулы бір дәурен сиякты. Бір нәрседен 
арманда қалған, сол жерде бір асылымды 
ұмыт қалдырғандаймын. Өмір болса, тұра 
тұрсын, досты осы халы қты қ арасынан іздеу 
керек екен.
19 желтоқсан 1973 жыл
Әзілдегенсіп, жаны ашып, ж ақын тартқан- 
сып, ақыл айтқансып, арыңа тікенектей ка- 
далатын әріптестерімнен түңіле де, кұтыла да 
алм ай-ақ қойдым. Байқағаны м — менін. ардын- 
күрдің, қызынып жүретінімді калайды екен 
бұлар. Сау жүрсем, сақтана бастайды. Әсіресе, 
X... Ой, зұлым-ай! Неғылған іші тар еді! Андып-
7 желтощсан 1973 жыл
15


а қ жүргені, сәл адаса қалсам, аяйтын түрі 
жоқ. О ңаш ада сырласқан болады да, екі адам- 
ның басы қосылса, көзімді бақырайтып қойып, 
әзілдегенсіп, білдірмей ж ам андай бастайды. 
Бассыз-ай, мен соны түсінбейді деп ойлайды-ау, 
шамасы...
Несіне сонша зұлымданасың?!
24 желтоқсан 1973 жыл
Бұл жыл да өтті. Жырмен басталған жыл 
жырмен аяқталды . Күйбеңмен, азаппен өткен 
өлі күңдерді қойшы. Ж ырсыз өткен күндер 
мен үшін өлі күндер. Тәңірдің бұл алданышті$і 
қиғанына да құлдық. Поэзия болмаса қайтер 
едім? Не істер едім?! Ақынның өз мемлекеті.өз 
қоғамы, өз дүниесі бар. Бұл аз дүние емес. 
Демек, мен сол үшін өмір сүрем, сол үшін 
күресем. Күресем?! Кіммен, немен күресем? 
Өзіммен өзім бе?
Соңғы сөзді айтып өлу керек қой... Қандай 
сәби едім. 0 , Тәңірім! Түйсік бере гөр, түсінік 
бере гөр?!
16


1 қаңтар 1974 жыл
Ж еке өз басының кадір-қасиеті деген осы 
екен-ау! Ал мен ақы м ақ оны қорғам ақ тұрмак, 
тіпті білмеппін де. Қарапайым болғым келді, 
алайда аш ық ауыз екем, тек менін «достарым» 
ғана емес, тіпті өз семьям, балаларым да мені 
жер соктырып кетеді. О, сен кандай қоркы- 
нышты нәрсесің, Адамзат! Болмайды, өз кадір- 
қасиетіңді қорға! Ақын атыңды сақта, нағыз 
ақынмын десең соған лайыкты бол! Табиғаттың 
өзіндей қарапайым бол, бірак ол сиякты қайсар 
да бол. Сен өз замандастарыңнан өзгешесің. 
Неңмен екенін айтпаймын.( Ендеше, ер бол- 
саңшы! Басынды көтер, бауырым!..
• 12.00-де Ж а ң а жылды карсы алдык. Тыныш. 
Бейбіт. Зерігіңкілеу. Мен өз басым кеңілденгем 
жоқ. Бұл жолы бірдеңенің киюы келмеді. О, 
дүние жарық! Мен зары ққак халдемін. Мұнын. 
бәрі не үшін?! М ақтаныш үшін. Өзіңді б ағалау 
үшін!
17


3 қаңтар 1974 жыл
Өз творчествомда қай жерде әлсіз, қай 
жерде күшті екендігімді өзім ж ақсы білем. 
Әлсіз жерім менің кінәм емес, ал күшті жерім — 
мен өмір сүріп отырған ортаның еңбегі емес. 
Үнемі өзЦімді өзіме қадагалаты п, мәңгі -мені 
қауіптендірумен келе ж атқан уақыттың да 
еңбегі емес.
Қазір ақы н болу қиын...
11 щаңтар 1974 жыл
Оның тынышсыз елінің тагдырынан гөрі, 
ақынның ез тағдыры, өмірінің соңғы сағаттары
мені көбірек толқытады. Өлер алдында не 
туралы ойлады екен шіркін?! Бәлкім, іштей: 
«Чили, шуағым менің!»— деген шығар. Немесе 
соған ж ақы н бір сөз айтқан болар. Иә, бәрі де 
ақынның жүрегі арқылы өтеді.
18


Будь ты проклята, моя поэтическая судьба! 
Будь ты трижды проклята, среда, окруж аю щ ая 
меня! Среда которой душой и сердцем я отдал- 
ся, поверил, надеялся на лучшее. Коротаю свой 
униженные дни, дни, которые мне ничего не 
принесли, кроме горечи да страданий. Теперь-то 
я понял, что нет человека на свете несчастнее 
меня. Не знаю, чем все это кончится. Одно 
мое желание — успеть, воспеть свою лебединую 
песню.
Сегодня, 27 января 1974 г., написана поэма 
под названием «Чили, свет мой!». За один 
присест, без перерыва, без единой помарки, 
с 10 утра до 12 ночи. Попробуйте-ка сразиться 
со мной...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет