Ақ маңдайлы, алма жүз.
Саған, сірә, тең келер
Жер-жаһанда бар ма қыз!(2.162б.)
Теңеуді пайдалануда Қасым Аманжоловта әрі өзіне дейінгілермен үндестік, әрі өзіндік ерекшелік қатар байқалады. Әдебиет теориясы оқулығын жазған З.Қабдолов былай дейді: «Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы әдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдарының бірі - теңеу {орысша сравнение). Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді. Сонда бұлар туралы оқырман түсінігі айқындалу үстіне тереңдейді де, өнер туындысының эстетикалық әсері күшейе түседі» [25]. Бұл пікірдің әрі дамытылған, тереңдетілген нұсқасы З.Ахметовте бар: «Халық поэзиясында көбірек кездесетін теңеулер айқындығымен де, дәлдігімен де көзге түседі. Оларды салыстыру үшін күнделікті өмірде кездесетін, баршаға түсінікті құбылыстар алынады. Сондай-ақ халық өлең-жырларындағы жиі қолданылатын эпитеттер де, әсіресе заттың қандай да бір сипат-белгісін айқын, дәл көрсетуімен бағалы болады» 26]. Қасым Аманжоловтан мысал келтірсек:
Достарыңызбен бөлісу: |