Оқ тиді келіп, Барамын сөніп


Ақынның махаббат туралы жырлары



бет2/9
Дата07.01.2022
өлшемі223,5 Kb.
#18775
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
гулн

2.2 Ақынның махаббат туралы жырлары
Жалпы кез-келген талантты ақындардың туындыларын оқыған оқырман, сол шығармалардан ақынның үлкен жүрегін көргендей әсер алады. Француздың аса көрнекті жазушысы Ромен Роллан «Мен нағыз батыр деп, тек жүрегі үлкен адамдарды ғана айта аламын» деген екен. Нағыз сыршыл да сұлу поэзияны тудыратын ақынның да жүрегі үлкен. Сыршыл поэзия тек үлкен жүректен ғана шығады. Қасымның қай өлеңінен болса да сөз өнеріне деген адалдығы айдарланып тұрады. Әсіресе, бұл ерекшелік оның махаббат лирикасынан айқын сезіледі. «Орамал» деген өлеңінде:
Айнымасқа серттескем, Орамалға тілесең,

Айғағым бұл орамал, Жүрегімді орап ал.
Бұл өлеңдегі орамал – символдық белгі. Сол символдық белгі арқылы ақын соғыстың қасіретін көрсете отырып, адал жарының сезімінің сұлулығын, махаббатының пәктігі мен тазалығын, сертінің беріктігін, жан-дүниесінің тереңдігін асқан шеберлікпен ашқан.

Әдебиеттегі символ мәселесіне тоқтала кетсек. Символ мәселесі ғылым нысанасына ежелден-ақ енген. Әр кезең зерттеушілері «символ» табиғатын өзінше зерделеп, оның сипатын айқындауда жітілік танытқан. Символ туралы ой қозғау, тұжырым айту Аристотетель мен Платоннан бастау алса да, ғылыми тұрғыдан анықтама берген неміс философы И.Кант болатын.

Ал қазақ ғылымында символды зерттеу өз бастауын Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан еңбектерінен алса, осыған жалғас ғылыми көзқарастарды тілші-ғалымдар І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздықова, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева,[70] Г.Смағұлова[71], Р.Авакова[72], И. Айбарша т.б. ғалымдар еңбектерінен көруге болады. Ал этнограф-ғалымдар Х.Арғынбаев[73], Ө.Жәнібеков[74], С.Қасиманов[75], А.Сейдімбек[76] еңбектері тілдік деректердің уәждемесін анықтауға көмектесіп қана қоймай, қазақ мәдениетіндегі ұлттық символдар табиғатын тануға, саралауға жол ашады. Әдебиет теориясында Қ.Жұмалиев, З.Қабдоловтардың еңбектерінде де символ мәселесі кең сөз болады//. Қазақ тіліндегі символ туралы еңбектерде символ сөздің орнына кейде белгі, нышан, рәміз сөздері колданғандығын, осылайша әрбір таным-түсініктің символдық мәнін көрсетіп отырғанын айта кеткен жөн.

Символ – сөзді қолдану шеберліктің бір қыры болса, сонымен қатар, стильдік қызметті де атқарады. Ақын сөзді символдық мәнде қолданғанда, белгілі бір стильдік мақсатты көздейді. Сөз-символ ақынның айтпақ ойын дөп басып, поэзияның бейнелілігін арттыру үшін қажет. Сондықтан символдың жеке автор қолданысындағы мәнін ашу, мағынасын тану ерекше болып саналады. Сондықтан Қасым Аманжолов шеберлігін қарастыруда ақын қолданысындағы сөз- символдарға да тоқталамыз.

Жоғарыда берілген Қасым Аманжоловтың лирикалық шығармасындағы сөздер жауынгердің адал жарының ішкі монологы. Өлеңде махаббаттың құдіреттілігі символдық таңбалар арқылы беріліп, сезімінің шынайылығы символдық белгілер арқылы бедерленген. Қазақ қызының табиғатына ғана тән ибалық пен инабаттылық та, өлеңдегі ұлттық мінез де осы символдық таңбалардың тасасында тығылып жатыр.
Кіршіксіз ақ орамал

Жаным сендік, қабыл ал,

Көз жасыммен жуғанмын,

Бір сен үшін туғанмын.
Әрі қарай оқығанда өлеңнің экспрессивтік әсері күшейіп, әлеуметтік мотиві зорая түседі.
Жаудан елін қорғауға,

Жарым, кетіп барасың,

Бәлкім, жарар орауға

Білегіңнің жарасын.


Қасымның махаббат лирикасы өз заманында тиесілі бағасын ала алған жоқ. Тоталитарлық жүйе тақымын қысып, дәурені дәуірлеп тұрған заманда белгілі бір қалыпқа симайтын, албырт сезімі өз арнасынан шығып кетіп еркін толқыған ақынның махаббат музасының өзіне тиесілі лайықты бағасын алып, жоғары бағалануы мүмкін де емес еді. Әйтсе де Қасымның махаббат лирикасы туралы ең алғаш пікір білдірген сыншылдарымыздың бірі Есмағамбет Ысмаиловтың мына бір сөздерін келтіре кетсек:

«Адамның махаббат, достық, адамгершілік қасиеттерін жырлаған лирикасында Қасымның сыршыл, ойшыл, турашыл ақындық жаны ерекше бір жарастықпен жаралған ғажап бір сұлу қызықты дүние боп елестейді. Ол махаббаттың жалынды лебін де, үміт-арманын да, ләзатты шаттығын да, өкініш-күйігін де жасырмай бар ой-қырымен суреттейді»//.

Қасым сезімінің кіршіксіз тазалығын тебірене толғағанда, адамның көңіл-күйінің қалтарысында бұғып жатқан нәзік пернелерін аса бір үлкен сезімталдықпен таба біледі, кез-келген пенденің басынан өтетін махаббат шаттығының қас-қағым сәттерін де, жүрегінді балқытатын әдемі көздерін де судыраған жібектей майда тілмен әсерлі жеткізеді. Ақынның махаббат жырларын оқығанда көңілің алабұртып, жүрегінді әлдебір сезім қытықтап қоя береді.


Сәулешім құшағымда тұрды еркелеп,

Жайқалған жапырағы шымылдықтай,

Дәл тар төсек сықылды болды терек.

Сыбырлап бізді тұрды көлеңкелеп.


Біз әңгімеміздің басында «Қасымның махаббат лирикасы сезімге жан бітірген Мағжан поэзиясының заңды жалғасындай болып елестеді» деген едік. Шынында да Қасымның махаббат жырларында сол кезенде туған ақындардың өлеңдерінде кездеспейтін, ешкімге ұқсамайтын ерекше бір қасиет бар. Турасын айтсақ ақынның махаббат лирикасындағы сезім бұлқынысынан, ойдың ағысынан Мағжан поэзиясының нұрлы сәулесінің шұғыласын сезгендей боласыз, ішкі үндестікті аңғарасыз. «Қасымның махаббат жырларының кезінде көп сынға ұшырауынын басты себебі де осында жатқан жоқ па екен?.. Әйтпесе, олардың тек Қасым дүниеден өткеннен кейін ғана, үлкен даумен кітабына енгізілгенін қалай түсінеміз? Тырнақ астынан кір іздеген сол уақыттағы көптеген жандайшаптар аяулы ақынға көзі тірі кезінде қиянат жасады, өлендерінің басылып шығуына кедергі келтірді. Біз оқырман түгіл әдебиетшілердің өзі атын жақсы біле бермейтін олардың атын атап, түсін түстегіміз келмейді. Уақыт өзі-ақ кімнің кім екенін дәлелдеп, бәрін орын-орынына қойып берді емес пе...»//. Мағжанның махаббат лирикасын еске түсіретін Қасымның мына бір өлең жолдарындағы ою-өрнектеріне назар аударып көрсек:
Сүйдім дедің, қара көзің жаудырап,

Табиғаттың құшағында серттескен,

Сүйдім дедің, ақша жүзің балбырап.

Қайтып қана ұмытарсың сол түнді.

Сүйдім дедің, аузыңмен бердің бал,

Сүйдім дедің, ақ төсіңде аймалап.

Сүйдім дедің, бал тіліңнен сүйірдің,

Сүйдім дедің, сүйсіндердің, күлдірдің:



Сүйдім дедің, жер еркесі жел білді,

Енді бүгін жүрегіме шоқ басып,

Қошеметтеп көкте жұлдыз, ай күлді.

Неге менің жас жанымды күйдірдің?


Сөз жоқ, Қасымның бұл өлеңі Мағжанның «Сүй жан сәулем, тағы да сүй, тағы да» атты атақты жырын еске түсіреді.

Жалпы Қасымның Мағжан поэзиясын білуі, тәлімдік ғибрат алуы тегін нәрсе емес.

3 ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ ЛИРИКАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ
Қасым Аманжолов лирикасының тілі бейнелі суретке толы. Ақын шығармаларында өзіндік бейнелеу құралдарын қолданылуы ақынның даралық тұлғасын тануымызға мүмкіндік береді. Ақын өлеңдерінде тек өзіне ғана тән бейнелеу құралдарын қолданғандығы өлеңдері арқылы дәлелденеді. Кез келген қаламгердің өзіне тән сөз қолдану тәсілдері болады. Әр қаламгердің сөз қолданысы өзіндік ерекшелігімен танылады. Стиль мәселесіне байланысты қазақ әдебиеттану ғылымында да қарастырылған. Қ.Жұмалиев: «Егер жазушының стильдік ерекшеліктері ең алдымен тақырып таңдау, шығармаларының идеялық мазмұны, жанры, композициясы, адам образын жасау әдістерін қамтиды десек, сөз қоры, сөйлем құрылыстары, поэтикалық тілі басқа компоненттерден олқы соқпайды. Өйткені қандай шығарма болсын, тіл арқылы жасалынады. Сондықтан тіл шешуші орын алуға тиіс»-дейді[22].Белгілі жазушы Ә.Кекілбаев: «Суреткердің өмірге деген өз көзқарасы болуы, оқушыға ылғи да өз ойын айтуға тырысушылық субъективизмді күшейтіп жібереді екен деп қорқуға болмайды. Суреткердің өзіндік қиялы, өзіндік көзтастасы, өзіндік ой тебіренісі мен субъективизмнің арасы жер мен көктей»-дейді[23]. Қ.Жұмалиев: «Қандай шығарма болсын тіл арқылы жасалады» - деп, стильді анықтаудағы тіл мысалдары мәніне көңіл бөлсе, жазушы Ә.Кекілбаев суреткердің дербес көзқарасы мәніне назар аудартқан.

Мұның бәрі белгілі бір ақын шығармашылығын қарастырғанда, оның өзіндік бейнелеу құралдарын арнайы саралауға алып келеді. Ақын стиліндегі бейнелілікті қарастырғанда, алдымен оның көркем әдебиеттің ажарлау құралдары эпитет, теңеуді қалай колданғанына арнайы көңіл бөлінеді. Бұл тұста да стиль хақындағы тіл білімі мамандары мен әдебиетшілер ұйғарымдары арасында алшақтық жоқтығы, бұл ұғымның екі жақта да қызмст ете алатыны, онсыз стиль мәнін кең ашу мүмкін еместігі анықталады. Мәселен, көркем әдебиеттің ажарлау құралдары эпитет пен теңеу және құбылту түрлері ауыстыру, алмастыру, кейіптеу, меңзеу т.с.с. сөз болғанда, тіл білімі ғалымдары оны шығарма тілін т.с.с. анықтау үшін қолданса, әдебиетшілер ақын стилін, дербес бітімін т.с.с. ашу үшін пайдаланып отырады. Көркем әдебиет жалпыхалықтық тілдің бар байлығын молынан пайдаланады. Пайдалана отырып қазақтың ұлттық әдеби тілінің дамуына өз әсерін тигізеді.

Әркім ойын әртүрлі өреде жеткізіп айтады, сол ойды жеткізу мақсатында бірсыпыра амал-тәсілдер қолданылады. Біреу туралап, төтелеп айтса, біреу мақал-мәтелдеп, біреу тұспалдап, астарлап, біреу жұмбақтап жеткізеді. Осының бәрінде олар өздерінің эстетикалық өресіне, ой-сезімінің өресіне, мәдениетіне қарай, сөздің мәнді мағыналысын, бейнелі суреттісін, көркем бояулысын қолдануға тырысады. Осылардың бәрінің арасында логикалық та, тілдік, мағыналық та үйлесім болады. Ол үйлесімсіз сөз ойды жеткізе алмайды. Ал сөз өте күрделі құбылыс. Оны қолданудың өз заңдылығы, өзіндік жүйесімен қоса, әркім біле бермейтін көп қыры, көп сыры бар. Ақын-жазушылар солардың орайлысын, орнына қарай қолдануға тырысады. Бұл олардың шеберліктерін танытар тұсы саналады. Әрбір бейнелі образды, бояулы сөздің жағымды, жағымсыз мәнде қолданылатыны бар. Сөздердің жазушының дегеніне бағынып, ажарланып, ойнап шыға келетін мінезі тағы бар.

Айталық, Қасым Аманжоловта мынадай жолдар бар:

Батыстың бұлты қанталап;

Немесе

Қанталап бұлт төнсе.



Бұл жолдардағы «бұлт қанталауы» әдетте айтылмайтын, ойға сыйымсыз ұғым, «қанталау» деген тірі организмге ғана тән айтылады. «Екі көзі қанталап», «қолы қанталап» және тағы басқа болып қолданылады. Ал, мына жолдарда осы «қанталау» байырғы ұғымнан, сөздің өз мағынасынан алшақ қолданылған. Бірақ, ақынның айтайын деген ойын дәл жеткізіп, мағына тереңдігі жағынан да, көркемдік жағынан да үлкен роль атқаруда. Ол ақынның сөзді қиыннан қиыстыра, үйлестіріп әкеліп, өз ойын көркем жеткізе білген шеберлікте. Ал мұндағы үйлесімдер қалай көрінген? Ең алдымен мағына, мазмұн үйлесімі әдемі жеткізіліп берілген. Өйткені қантөгіс, қырғын соғыс жүріп жатқан жерде аспан ашық болмауы нанымды. Сондай-ақ батыс деп ақын Европа континентін ғана емес, соғыс өрті шарпып отырған күллі батыс елдерді, ондағы халықтарды да айтып отыр. Сөйтіп, ол дерт, қасірет мағынасында алынған «қанталап» деген сөзді әдейі қолданып, біріншіден, «батыс аспанының асты сау емес» деген ұғымды білдірсе, екіншіден, халық қасіреті, ел қайғысы деген мазмұнға да мегзеп жатыр.

Бұдан кейін өлеңге қойылар үлкен талаптың бірі — сезімге эмоциялық әсерлілік болса, мұнда жай әсер ғана емес, естіген құлақ елең ететін, ұққан көңіл бір дір етпей қалмайтын үрей де тұр. Байырғы мағынадан алшақ қолданылған «бұлт қанталауы» бұл жағынан да үйлесімді берілген.

Көркемдік тұрғысынан қарасақ, сөз бейнелі, образды. Көз алдыңа қып-қызыл болып күйіп баткан күн арайының фоныңда қара қошқыл қою бұлт — күннің батар шағы елестейді. Демек, шындық өмір көрінісі астарлы мағынада образ арқылы бейнеленген.

Сөйтіп, «бұлт қанталап» деген сөз өзінің байырғы мағынасында қолданылмаса да дәл осы жерде көп мағынаны білдіріп, ақын ойының жүзеге асуына қызмет етіп тұр. Осы тәрізді Қасымның:



Дүние тулап жатса да,
Мұхит мөңкіп;

Дүние дөңбекшіп жатты,—

деген жолдарындағы әдетте айтыла бермейтін, байырғы ұғымнан алшақ қолданылған «дүние тулап», «дүние дөңбекшіп», «мұхит мөңкіп» деген бейнелі сөз тіркестері бұл жерде сезімге әсер етіп, ойнап шыға келген.

Көркемдіктің негізгі шарттары ой айқындылығы, дәлдігі, сезім сұлулығы, нәзіктік, оқиға желісінің суреттілігі болып табылады. Қасым Аманжоловтың көркемдеу құралдарының халықтық үлгісін пайдаланып, өз тұсынан оны жетілдіре, дамыта түскен талант екендігі даусыз.



Шын мәніндегі көркем шығарманы табиғи дарын, асқан талант, ерекше шебер ғана жасайды дедік. Ал осы ерекше шеберіміз тыңнан сөз жасап, жоқтан бар жасай ала ма? Жоқ. Өйткені әдебиет теориясы жайлы жазған еңбегінде З.Қабдолов образ жайлы былай дейді: «...әр сөз о баста образдан туған, келе-келе көп образдар ұмытылған да, олардан туған сөздер ғана қалған. Сондықтан образды тіл деген ұғымды жаңалық деу қиын. Бұл — әр сөздің табиғи қасиеті»//. Олай болса, әрбір суреткер өз ұлт тіліндегі өзінен бұрын қолданылып келген бейнелі сөздерді, ұлттық поэтикалық тілдің өзіндік үлгілерін пайдаланады, ондағы ұлттық, халықтық ерекшелікті сөзсіз сақтап отырады.

Көркемдеу құралдары-образды сөз адамдардың өз ойын бір нәрсені екінші бір нәрсеге, бір құбылысты екінші бір құбылысқа балау, салыстыру, теңеу, мегзеу арқылы білдіру әрекетінен туғаны аян, болашақта да солай бола да бермек.



Дүниедегі ешбір ерекше талант өз ұлтының халықтық ауыз әдебиетінен, осы тәрізді халықтық ойдың нәтижесінен, оның көркемдеу құралдарынан пайдаланбай, одан үйренбей қалған емес.

Қасым Аманжоловтың да көркемдеу құралдарының халықтық үлгісінен үйреніп, соны пайдаланып, өз тұсынан оны жетілдіре, дамыта өскен талант екені даусыз. Қасым көркемдеу құралдарының халықтық үлгісін қалай пайдаланды, өзі қалай дамытты деген мәселеге тоқталамыз.

Өлең сөз өнерін игеру мәселесінде қазақ қауымы Абайға соқпай өтпейді. Қасымның тіпті әйгілі үлкен ақын танылған, өзіндік ерекшелігі, өз стилі қалыптасқан шағының өзінде жазған «Оңаша ой» (1949), «Жасып қайғы ойлама» (1951), «Еркіндеп-ақ келесің» (1952), «Абайға айтарым (1954), «Сыйса егер өмір сыры бір жаныңа» (1950), «Абай арманы» (1950), «Шыңғыстауда» (1950) тәрізді өлеңдері Қасымның Абайдан үйренгендігін, үлгі алғандығын танытады.



Қасым үлгі алған, үйренген ақындарымыздың бірі- Ілияс Жансүгіров. Ілияс Жансүгіровтің шығармалары Қасымға үлкен әсер еткен. Қасым Ілиясты үлгі, өнеге тұтқанда, оның өмірді өлең ету тәсілдерін, түрін, стилін ғана ұстап, сонан ғана үйренген жоқ, Ілиястың тіл, бейнелі сөз өрнегін, көркемдеу құралдарын қолдану тәсілдерінен де үйренді. Мұнда да Қасым өз шығармаларында Ілиястың өзіне ұнаған тәсілдерін, бейнелі сөз өрнектерін қолданып отырды. Мысалы, Ілияс 1929 жылы жазған «Жаңа дала» өлеңінде:

Аэроплан аспанда,

Бұлт қайырып, құрайлап,—

деп бұлтты жылқыға баласа, Қасым 1949 жылы жазған «Жылқышы жыры» дейтін өлеңінде:

Қызыл жал, Қара кемер, Қызбел, Қусақ,

Баурында жылқым бұлттай жатыр жусап,—



деп жылқыны бұлтқа теңейді. Осы екі көркемдеу құралдарын қолдану, бір жағынан, екі дәуір шындығын бейнелеп, өзара үйлесім тауып, белгілі мазмұнды білдірсе, екінші жағынан, әрі дәстүрлер жалғасын, әрі екі ақынның да қиыннан қиыстырар шынайы талант екенін дәлелденді. Әрине, түр жағынан екі өлең, екі басқа. Біріншісі жеті, екіншісі он бір буынды. Демек үн, әуен, ырғақ та басқа. Солай бола тұрса да, көркемдеу құралдарын қолдану, дәстүрлер жалғасы көрініп-ақ тұр. Мәселен, Ілияс, бұл жолдарда, бір жағынан, ойын ұлттық сипатта, халықтың күнделікті тұрмыста үнемі атқарып жүрген кәсібі — мал бағу, оның ішінде әркімнің қолы жете бермеген, кейбіреуге армандай болған жылқы бағу кәсібіне үйлестіріп бейнелеген. Ол кезде өндірісті әлі жете игере қоймаған, вагон табалдырығының өзіне «бисмилласыз» аяқ баса қоймайтын қазақ баласына күнде атқарып жүрген кәсібі мал бағуға балаудан артық ұғынықты нәрсе жоқ десе болғандай. Сондықтан, ақын ойын халықтың күнделікті көріп жүрген, қолынан өткеріп жүрген дүниесі арқылы жеткізген. Оның өзін қиыннан қиыстырып, әдемі айтқан. Оның үстіне бұлт деген адам қолы жетпейтін, ғажайып бір табиғи күш саналатын қауымға, сол бұлттың аэропланға бағынуы, жылқыша иірілуі де бір керемет. Өйткені, аэропланды ұшырушы — адам. Ол қазақтікі. Қазақ көгінде жүрген, қазақ дүниесі. Тіпті қарапайым, өзінің құрайлап жылқы қайырғанына ұқсайды екен. Шеберлік деп танылып жүрген қарапайымдық, ықшамдық, тапқырлық бұдан өтпес. Ал осы бейнелі тіркес бүгінгі космос дәуірінің поэзиясына да жарасымды деп ұғамыз. Демек, бұл ақын поэзиясының ұрпақтан ұрпаққа жетер мәңгілік сипаты.

Қасымның «Жылқым бұлттай жусап жатыр» — деуі де қазақ халқының байырғы кәсібімен мәндес ұғымда алынып, бейнелі сөз ақын ойын толық жеткізіп тұр. Басқаша айтқанда, қазақ аулының байлығы, оның жылқысының көптігі шетсіз, шексіз. Аспанды әлденеше ораған бұлттай қалың жылқы —қалың бұлттай деу мазмұнды әдемі жеткізіп тұр. Мұның да екінің бірінің аузына түсе бермейтін, қиыннан қиысқаны, мазмұн мен түрдің үйлесімі даусыз. Ал мұның бәрінің үстіне Қасымның Ілиястан үйренуін, оны өзіне үлгі тұтуын да дәлелдейді деп ойлаймыз. Жалғыз бұл ғана емес, Қасымның Ілиястың бейнелі сөз нұсқасынан, көркемдеу құралдарын қолдану тәсілдерінен үйренгенін, пайдаланғанын дәлелдейтін жолдар, шумақтар жетерлік. Ілияс:

Көзінен нұр тегілген,

Жерінен дүр гүл өнген,—

десе, Қасым:

Көгінен күні нұр сепкен,

Жерінен гүлі жайқалып,-


дейді.

Ілияс



1930 жылы жазған «Алтын қазан» дейтін өлеңінде:

Жасарсын нәрі Алтайың жаңарғандай,

Нұр алсын ен даланды ағарғандай.

Ауылға артта жатқан нұр болыңдар,



Жарқыра Риддердегі жаққан шамдай,—

деп түйіндесе, Қасым 1950 жылдары жазылған «Сырдария аңызын»:

Сарғая ақтың сан ғасыр,



Сағына бізді күткендей;

Еліңе кұт бол, ерке Сыр,

Құмыңнан қырсық үріккендей,—

деп түйеді.

Бұл жолдарды салыстырғанда біз егіздің сыңарындай ұқсастық іздеуден аулақпыз. Мәселеге бұлай қарау ағаттық та болған болар еді. Ал Қасымда объектіні жырлаудағы ақындық тәсіл, оның жырға өзек боларлық түйінін табу немесе мақсат, мұратқа мегзеу тұрғысында, ой төркіні, сөз саптау, интонацня, екпін жағынан Ілияс ықпалы, оның әсері жатқаны дау тудырмайды деп ойлаймыз. Мұның өзі, әсіресе, поэзияда ақын шеберлігін талап ететін қарапайымдық ұлттық сипатты білдіретін ерекшеліктер, бояулардан тіпті айқын танылып жатады. Бұған мысалды Ілиястың да, Қасымның да өлең, поэмаларынан көптеп келтіруге болады. Мысалы Ілияс қазақ жерінде революциядан кейінгі тұнғыш өндіріс ошақтарының бірі Риддерді «алтын қазанға» балап (1930), поэтикалық көркемдеу құралдарының қазаққа ғана тән ұлттық өрнектерінің не түрлісін қолданды. Осы өлеңінде ол жұмысшының станокті жүргізіп тұрған жұмыс процесін:

Тетіктен бір жұмысшы жүргізіп тұр,

Өзінің бір жақсы атын қасығандай,—



деп өте тапқыр бейнелеген. Мұның өзі екінің бірінің ойына келе бермейтін қиыннан қиысқан ұлттық сипаттағы теңеу.

Қасым 1949 жылы жазған «Есімде Ембі өзені» дейтін өлеңінде:

Күркілдеп жердің өзегі,



Фонтанын мұнай айға атқан,—

дейді.

Сондай-ақ бұл жолдар көркем туындыда әр дәуір, әр кезеңнің, уақыттың өз шындығы көрініп жататынының да куәсі.



Сөйтіп Қасым Аманжолов поэзиясы негізінен үш қайнар бұлақтан — қазақ халқының мол бай ауыз әдебиетінен, фольклордан, Абай поэзиясынан және қазақ классиктерінен нәр алып қалыптасты, өсіп дамыды.

Қасым Аманжолов өткен поэтикалық мектеп осылар ғана десек, қате болар еді. Өйткені Қасым шығармашылығына орыс әдебиеті классиктерінің — Пушкин, Лермонтов, Некрасовтардың, орыс поэзиясы классиктерінің — Маяковский, Твардовскийлердің, шығыс әдебиеті өкілдерінің, ұлттық республикалар әдебиеті өкілдерінің әсері болғаны да даусыз.

Сөз өнерінің басы — халық творчествосы, фольклор болса, өз шығармаларын фольклордан үйренуден бастамаған жазушы кемде-кем. Фольклор — сөз өнерінің атасы.



Қасым Аманжолов та өз халқының ұлттық сөз өрнегіне көп үңілген, одан үйрене отырып, ондағы халықтық дәстүрді ілгері дамытып әкеп жалғастырған, оны өзінің қаламдас ағалары, өз тұстастары секілді жаңа мазмұн, жаңа сапамен байытқан, жаңартқан ақын.

Қазақтың халық ауыз әдебиетінде қолданылатын бір тәсіл — біркелкі бастау бар. Фольклорлық көп туындыр «Ерте, ерте, ертеде», «Баяғы өткен заманда» деп басталады. Осы тәсілді жазба әдебиетіміздің бірқатар өкілдері қолданған. Мысалы, Ілияс Жансүгіров 1928 жылы жазған «Бүгінгі дала» дейтін өлеңін «Ерте, ерте, ерте еді» деп осы халықтық үлгіні колданып бастаса, 1932 жылы жазған «Кавказ» дейтін өлеңін «Кав тауы, Кавказ тауы ертедегі» деп бастайды, дәл осы тәсілді Қасым Аманжолов та қолданған. Мысалы ол 1936 жылы жазған «Өмір» атты толғауын «Ертеде ерте ел болған, Ертеде талай ер болған» деп осы халықтық тәсілді туралап қолданса, қайсыбір жағдайларда оған сәл де болса өз өзгерісін, өз жаңалығын енгізіп, түрлеп, жаңартып қолданады. Мәселен, ол «Ленин» дейтін толғауын:

Дүние-дүние болғалы,

Жаралғалы жер мен көк,-

деп бастайды. Осындай жолдарды оқығанда мұның төркіні халық ауыз әдебиетіндегі «Баяғы өткен заманда» деген ой бірден орала кетеді.

Касымның қажеттігіне орай қолданған бейнелі сөзінің бір үлгісі тұрақты сөз тіркестері. Қасым халықтың «Астын үстіне шығарып», «Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман», «Бүркіт куған торғайдай», «Қабағынан қар жауып», «От тілді, орақ ауызды», «Көрден шыққан қорқаудай», «Төркіндеп келген қыздай», «Таң асырған тұлпардай тыпыршып», «Асау аттай тықыршып;», «Айтып айтпай не дейін», «Білінді тағ саз беріп құлан иек», «Бұрап тұрып жұлып алар, фашизмнің кеңірдегін», «Тіміскіген бұралқы ит», «Токионың нақ сонда, төбе шашы тік тұрды» тәрізді толып жатқан түрлерін қолданған. Ал бұлардың бәрінің де автордың ойын білдіріп, мазмұнды тереңдетіп және оны ашық, айқын танытуға әсер етіп тұрғаны сөзсіз.

Жұмыртқалар жетті кез



Қой үстіне боз торғай.

Туғанын да көрді көз

Оңынан күн, солдан ай,—



деген бейнелі сөздердің сөйлеу тәсілінде қолданылып, екінің бірінің аузында жүретін халыктық үлгісі еркін жеткізіп бере алғаг. Ал «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман» деген идиомалық сөздің мәнісін ақтара тізсең, қоғамның бүткіл бір формациясының сыр-сипатын түгел ашуға жетіп жатқаны талас тудырмайды. Бейнелі, тұрақты сөз тіркесінің мұндай үлгілері Қасым Аманжолов поэзясында мол ұшырайды. Мысалы, қазақта қайда барса да бір шырғалаң, кедергі кездесіп, реті, жөнімен тынбаған бір іс туралы айтылатын «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» деген идиомалық бейнелі сөз тіркесі бар. Қасым «Тұрмыс толғауы» дейтін толғауында «Құтылып Қорқыт көрінен» деген жалғыз-ақ жолмен берген. Мұның ар жағында «Қайда барсаң Қорқыттың көрі» деген идиомалық тіркестің мағынасына халықтың ауыр тұрмысы.

Халықтық бейнелі сөздің ең бір өткірі, нысанаға дөп тиер пәрмендісі, ойды аз сөзбен терең жеткізудің бір жолы — мақал-мәтелдер болса, Қасым Аманжолов бұларды да дәл сы мақсатта шебер пайдаланып отырған. Мысалы, Қасым Аманжолов шығармасында «Ит ашуын тырнадан алғандай-ақ», «Аңқау елге арамза молда көп қой», «Ерді намыс, қоянды камыс құртар», «Жаны тәтті жаманның», «Өлімнен ұят күшті» деген рас, «Жете ме жоққа жүйрік» деген сөз бар, «Екі жарты бір бүтін», «Жауды аяған жеңілер», «Әр тасқынға бір тосқын бар» тәрізді мақал-мәтелдер жиі кездеседі. Ақын мұнда да бірде мақалды өзгертпей, халықтық нұсқасын сақтап пайдаланып отырса, бірде өлең өлшеміне, ұйқас, ырғаққа бағындырып, инверсияға құрып, сөздердің орнын ауыстырып пайдаланған. Бірқатар жағдайда өлең өлшеміне байланысты олардың мазмұнын алып, сөз санын азайтып қолданған. Айталық халықтық нұсқадағы:

Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді—

деген мақалды Қасым бір жолға сыйғызып, «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтірер» деп алған, Сондай-ақ халықтық нұсқадағы:

Байдың малы тәтті,



Кедейдің жаны тәтті, -

деген мақалды «Жаны тәтті жаманның» деп қоғамдық жаңа жағдайға, адамның жеке басының қадір-қасиеті, адамдық парасат, ар-намысқа байланыстырып, өзгертіп, инверсияға құрып қолданған.

Қасымның халық творчествосын бұлай қолдануын ақынның кемістігі деп қарамаймыз, қайта ақын бір оқпен екі қоян алып отыр деп қарауға болады, біріншіден, Қасым халық мақалын өзгертіп колданып, жаңа қоғамдағы жаңа жағдайға байланысты халықтық дәстүрді бүгінмен жалғастырып отырса, екіншіден, жаңашылдық жасап отыр. «Жаманның жаны тәтті» дегенді мақал ретінде дербес қолдануға болады.

Бір айта кететін жәйт: поэтикалық тілдің, бейнелі сөздің халықтық үлгісін қолданғанда, Касым Амапжолов оны кез келген жерге келсін-келмесін үйіп-төге бермейді, тек дәлел, қажет болған жерде, оқырманның көзін жеткізу керек болғанда, немесе ой айқындығы, тереңдігі жетпеді-ау деген жерде мән-мағынаны, ой теркінін аша түсу мақсатында, әйтпесе сол ойды жинақтап әкеліп түю, байлау қажет болған жерлерде ғана қолданады.

Қасым Аманжолов творчествосында бейнелеу тәсілінің халықтық үлгісінен шешендік сөздердің нұсқасы да кездесіп отырады. Мысалы Қаз дауысты Қазыбек шешеннің:

Сен темір болсаң, біз көмір,

Еріткелі келгенбіз,—

деген жолдарын «Сен — магнит, мен — болат», «Бейне бір сен магнит, мен болатпын», «Бір арудың тартады магниті», «Мен бір бейне металмын жүрген еріп» деп жаңалығын қоса, инверсияларға құрып қолданған.

Қасым Аманжолов творчествосында ең көп ұшырасатын, ақынның әртүрлі жағдайда әрқилы қолданып көрген көркемдеу құралының бірі — эпостық жырларда кездесіп отыратын бейнелі сөз үлгілері. Бұлар көбінесе ақын поэтикасы қалыптасуының алғашқы кезеңінде туған өлең, толғауларынан жиі ұшырайды. Әңгімені ілгері жалғастырып, дамыту мақсатында қайталанып келіп отыратын «Күндерде бір күн болғанда», «Белес-белес асқанда» тәрізді нұсқаларымен қатар,

Жебелі садақ толғаған,

Желекті нанза қолға алған;

Айы туып оңынан,

Күні туып солынан;

...Жатыр еді ұйықтап,

...Көк көрпесін тұйықтап;

Қаһарлана бар қайратын шақырды;

Коңыр самал төске алып,-

тәрізді эпостық жырларда, батырлар жырларында жиі қолданылып келген халықтық үлгілері де кездесіп отырады. Ақын бұл бейнелі сөз тіркестерін әйтеуір осы тәрізді бір бейнелі сөз қолдану керек болғандықтан емес, өз ойын немесе халықтың өмірін, жетістігін, еңбектегі табысын жинақтап, түйіп айту мақсатына бағындыра қолданады. Мысалы, Қасым «Ленин» атты толғауында — өмірден азаттық аңсап, бақыт аңсап талайлар өткен, бірақ біздің осынау заманға жете алмай кеткенін айту үшін бейнелі сөздің:

Жебелеп садақ толғаған,

Желекті найза қолға алған

Батырлар да өтіпті.

Немесе

Айға шапқан айбарлы



Арыстан да өтіпті.

Жалғыз өзі жиһанмен

Алысқан да өтіпті,-

тәрізді халықтық үлгілерін қолданған. Өмірде жаңалық атаулының бәрі шартты. Өйткені, таным ешқашан шегіне жетпейді, демек, абсолютті бола алмайды. Олай болса, Қасым жаңашылдығы да жоқтан пайда болған жаңашылдық емес, қазақтың ұлт тілі, ұлттық поэзиясы негізінде пайда болған өмір шындығының жаңалықтары. Ал Қасым жаңалығы — осы жаңа өмір шындығын көркем тіл, орамды ойға, мазмұнға орап әдебиетке, қазақ поэзиясына енгізуі. Қазақ поэзиясындағы жаңалық атаулыға осы тұрғыдан қарау қажет. Ал зерттеушінің ақын поэтикасындағы бұл жаңалықты белгілеудегі міндеті — автордың идеялық мақсатындағы, көркемдеу құралдарын қолдануындағы творчестволық логиканы, творчестволық заңдылықтарды айқындауға, оның қаншалықты жүйелі, орынды екенін ашуға бағытталуы тиіс деп ойлаймыз.



Сөйтіп, Қасым Аманжолов поэтикасы толық қалыптасып, өз стилін тапқанға дейін көркемдеу құралдарының өзінен бұрынғы халықтық үлгісін қолданған. Өз идеясын, ойын айқын, ашық жеткізу мақсатына бағындырып қолданған. Ал көркемдеу құралдарының халықтық үлгісі, бейнелі сөздің фольклорлық үлгісі, фольклорлық тәсіл Қасымда соншалық көп те емес. Шығарма көркемдігін белгілейтін шарттар дәлдік, ықшамдылық, қарапайымдық, сөз сұлулығы, олар арқылы берілетін мазмұн байлығы, мағына тереңдігі болса, жазушы, ақын өресін танытар меже —тіл байлығы, сөз төркінін, оның күллі қырын терең де нәзік түсіне білуі, оны өз творчествосында орнын тауып қолдана білуі.

Ал осы қолдана білудің не түрлі қыры мен сыры, не түрлі амал-тәсілдері бар. Бұл амал-тәсілдердің суреткер шығармашылығында жүйелі және тұрақты қолданылған түрлері оның өзіндік ерекшелігін, стилін құрайды. Сол ерекшеліктерді ашу — біздің жұмысымыздың осы тарауының мақсаты.

«Көңілдегі көрікті ойды» сол көркем қалпында айтып берудің бірден-бір шарты —сол ойды ықшам, дәл, көркем, қарапайым етіп жеткізе алар сөз табу. Бұл, бір жағынан, суреткердіц сөз қолдана білу шеберлігіне байланысты болса, екінші жағынан, тіл байлығына, сөз қорына байланысты. Ал суреткерді бұл қырынан танудың бір жолы — оның сөз қолданудағы амал-тәсілдерін. Анықтау болса, екінші жолы — сөз қорын анықтау. Ол үшін ақынның синонимдер қолдануын қарастырамыз. Мұның өзі ақынның тілді білу өресін де, суреткерлік қабілет өресін де танытар жайт деп ұғамыз.

Суреткердің бір мағынаны немесе бір ұғымды айтылуы басқа-басқа болып келетін бірнеше сөзбен беруіне мүмкіндігі бар. Біздің ұлттық тілімізде, сөздік қорымызда жатқан осындай сөздер мол. Бұларды синоним сөздер немесе мәндес сөздер деп атайды. Мұның өзі байлық. Өйткені, мейліңше таңда, мейліңше талға, сөйт те қалағаныңды қолдан. Бұл халық алдында үлкен жауапкерлікті талап етеді. Өйткені, халық сөз өнерін жоғары бағалаған. Халық үшін сөз алмайтын қиын, сөз шешпейтін түйін болмаған. «Ер құны, нар пұлы» кетсе, халық сөзге тоқтаған, соны да кешірген. Олай болса, бұл күнде ақын, жазушы атын екінің бірі жамылып жүр екен деп, сөз қадіріне жетпей, елдігіңді өрге сүйрер өнерді күн көрістің көзі етуге арланбасақ та, қадірлемеуге қақымыз жоғын білуге тиіспіз.

Қасым Аманжолов ақындық өнерге өте жауапты қараған. Оның үстіне табиғатында төкпе ақын, тасып төгілмесе, сөз таппай қысылғаны байқалмайды. Айтып дегенін жеткізіп, өткір, терең және тұжырымды да шебер айта алған адам. Мысалы ол:

Жығылам деп жүре алмаймын жәй басып,

Жүгіремін киіп-жарып, айқасып.

Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар

Іш пыстырып, жалт-жалт қарап, жәй басып,—

дейді. Осы жолдардағы сөздер біріншіден, Қасымның сөз қорының молдығын танытады. Өйткені мұнда мәндес сөздер басқаша айтқанда, синонимдер мол қолданылған. «Жүгіру», «киіп-жару», «айқасу», «мүлгу», «ілбу», «іш пыстыру», «жәй басу» — күллісі мәндес, синоним сөздер. Әдетте ақын-жазушылар синонимдерді сөз қайталаудан қашқан уақытта қолданады. Соның өзінде синонимдер жеткізе алмай, бір өлеңінде, бір шумақта, кейбіреу тіпті бір жолдың өзінде бір сөзді қайталап қолданып жататыны болады. Ал Қасым жеткізе алмай жатқан жоқ, қайта тасып-төгілтіп, төпеп қолданып жатыр. Синонимдерді бұлай қолдану Қасымда өте жиі ұшырайды.



Қазақ тілінің ұлттық көркем әдеби нормалары туралы профессор Р.Сыздық: «Ұлттық көркем тіл стилі, оның нормалары жазушы мен оқырманның талғамынан туады. Көркем стильдік нормалардың қалыптасып, орнығуында жазушылардың ролі зор екендігі белгілі. Шын мәнінде көркем әдебиет тілі жалпы әдеби тілмен тығыз байланыста бола отырып, онымен тарихи контексте дами келіп, сол тілдің шоғырланған көрінісін береді. Қазақ көркем сөзінің ұлттық белгілерін анықтауда біз де осы танымды ұстанамыз, яғни көркем әдебиет стилінің нормалары, бір жағынан, жалпы әдеби тіліміздің ұлттық ерекшеліктерімен ұштасып жатса, екінші жағынан, ол нормалар көркем әдебиет тілінің ұлттық белгілерін ұсынатын қуатты көз болып танылады» [24]– дей келіп, қазақ әдеби тілінің ұлттық белгілерінің бірі ретінде сөзді астарлап, бейнелеп қолдануды айтады. Бейнелілік тек көркем әдебиет тіліне ғана емес, қазақтың жалпы сөйлеу тіліне тән белгі. Бұған сөздік қордағы атауларға зер салу арқылы көз жеткізуге болады. Затты, құбылысты, іс-әрекетті суреттеп сипаттап, астарлап айту мен теңеулердің активтілігі сияқты белгілер – қазақ көркем тілінің ұлттық сипаты.

Қасым Аманжоловтың шығармалары ұлттық тілдің байлығы мен сипатын айқын танытады. Ақын әдебиеттің ажарлау құралдарын, құбылту түрлерін шеберлікпен қолданып отырады. Лирикалық қаһарманның сипатын ашуда болса да, оқиғаны баяндауда болсада тұспалдау, ажарлау, құбылту үндестікпен жұмсалып отырылған. Теңеу, эпитет, ауыстыру, алмастыру, кейіптеу, ұлғайту, т.с.с. айшықтау орынды қолданылған. Ақын теңеулерінде де дәстүрлі теңеулер мен ақынның қолтаңбасын танытатын авторлық теңеулердің мол екендігін айтуға болады.

Айқындау, яғни эпитет –заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. З.Қабдолов эпитетсіз айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын екендігін айтқан//. Шынымен де солай. Көрікті ойымызды көркем жеткізу үшін эпитетті қолданамыз. Эпитетке Қасым Аманжоловтың өлеңдерінен көптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен,

Күндей шалқып күле бер,





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет