Оқ тиді келіп, Барамын сөніп



бет4/9
Дата07.01.2022
өлшемі223,5 Kb.
#18775
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
гулн

Кербез әйел сықылды дүние паң

Қылығына жігіттің бұлқан-ьалқан.

Ала көзбен бір қарап дүниеге

Ақын тұрды азырақ болып аң-таң(16б.).


Дабылдатып еді бір дүниені,

Амал қанша, дариға-ай сол да өлді,



Арыстандай ақырғанақын еді,

Аңдаусызда сұм ажал қапы жеңді(17б.).


Гүлдің сыры, бұлбұл үні тербетеді жанымды,

Бақытады жас тәнімді, қайнатады жанымды



Ұлы мұхит толқынындай тасқындайды көңілім,

Май айының бақшасындай құлпырады өмірім(17 б.).
Жау адымын аттатпай

Жете алмасаң, саған серт,



Жауды жансыз аруақтай

Ете алмасам, маған серт(64б.).


Ұйқыдағы арудай

Жатыр сұлап таң көлбеп,



Қойынға кірген жыландай

Өмір келед өрмелеп(65б.).


Келтірілген теңеулердің барлығы да –дай, -дей қосымшасы арқылы жасалған. Секілді, сияқты деген сөздер арқылы да теңеулер жасаған. Оған мысалдар арқылы көз жеткізуге болады.

Троптың жиі қолданылатын түрлерінің бірі - метафора. Қазақ поэзиясында сөз мағынасын ауыстырып қолдану жиі кездесетін жайт. Метафора туралы ең алғаш теориялық тұжырым жасаған А.Байтұрсынов. Ол «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде «метафораның» орнына «ауыстыру» терминін қолданады[27]. Одан беріде де метафора туралы сан алуан пікірлер, зерттеулер жазылды. Б.Хасанов: «Метафора - екі зат пен құбылысты салыстырудың негізінде сөздің ауыс мағынада қолданылуы» [28]– десе, К.Аханов: «Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауымен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы – метафора деп аталады» [29], - дейді. Ал Қ.Жұмалиев пен З.Қабдолов метафораны троптың түрі ретінде әдебиеттану тұрғысынан қарастырған. Қ.Жұмалиев «Метафора – сыртқы не ішкі ұқсастығына қарап, бір нәрсенің екінші нәрсеге балау. Екі нәрсенің арасына тепе-теңдік белгісін қою»[22]десе, З.Қабдолов: «Метафора - сөз мәнін өңдендіре отырып айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін олардың өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау. Сөйтіп, зерттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту», - дейді[25]. Сонымен қазақ тіл білімі мен әдебиет теориясында метафора троптың бір түрі, көркемдік тәсіл, стилистикалық құрал ретінде қарастырылып келеді. Қасым Аманжолов стилін танытар тәсілдердің бірі де осы метафора. Ақын шығармаларынан тілінің көркемдігін, ақынның шеберлігін танытатын метафоралық қолданыстарды кездестіреміз. Метафора ойды естен кетпестей етіп тыңдаушыға жеткізу үшін қолданылады. Ой неғұрлым көркем құрылса, соғұрлым тыңдаушыға түсінікті әрі әсерлі болады. «Тілімізде белгілі бір қаламгердің өзінің ойлау дүниесін көрсететін, авторлық түсінуден хабар беретін метафоралар бар. Бұл метафоралардың халықтық метафоралардан басты айырмашылығы – шығарушы авторлардың болуында және жеке бір адамның ойын көрсететіндігі» [30]. Мысалы:

Дүние-базар, аралап кете барды,

Тілін ұқты, сырын да тез аңғарды,

Су орнына жұтты да аққан жасты,

Күй орнына тыңдады қайғы-зарды(17 б.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет