Көңілі-дария, ойы –аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, күнімен аспанның
Әзілдескен сырласқан,
Ұшқыш болғым келеді!(21 б.).
Жайқала бер, қызыл гүлім,
Жүгірейін жеміс теріп,
Қызыл гүлім - жас ғұмырым,
Ақын жанға болған серік(34 б.)
Еісіңде ме сол бір жыл,
Оқушы едің рабфакта,
Сен - қызыл гүл, мен - жас бұлбұл,
Кездесіп ек бір бақта(42 б.)
Деді де, жер төбесіне
Қойды апарып туын тігіп...
Жер-доңғалақ, күпшігіне
Майыспайтын салды білік(50 б.).
Жан сусыны-тәтті лебіз,
Жан азығы - сұлу жыр,
Тояттасын халқым тегіс
Ақтарылсын ішкі сыр(55 б.)
Демі-жалын, сөзі оқ,
Қатуланды қиыр шет;
Келген жауда үрей жоқ,
Қалш-қалш, дір-дір, селк-селк-селк.(67 б.).
Шырқа, шырқа аспандат
Көңіл күйі-әніңді!
Сен - магнит, мен - болат,
Тартасың жас жанымды(70 б.)
Достарыңызбен бөлісу: |