Оқ тиді келіп, Барамын сөніп



бет7/9
Дата07.01.2022
өлшемі223,5 Kb.
#18775
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
гулн

Ақырды жерге долы бұлт.

Күйзелді келіп, күңіренді,

Аласұрды аспанда,

Шуылдап аймақ тебіренді,

Жалынып жерге шашақанда...
Жіберді жылап долы бұлт,

Төгілді жерге көк нөсер...

Өтті де кетті, болды ұмыт,

Жадырап, жайнап күлді жер(217 б.)



Өлең кейіптеуге құрылған. Бұлт долданады, жылайды, күрсінеді, күңіренеді, күйзеледі, ақырады. Бұлардың барлығы да адамға тән әрекеттер. Ақын оны бұлтқа береді. Жансызды жанды адам бейнесінде суреттейді.
3ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ АУДАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ

Жер бетін мекендеген үлкенді-кішілі халықтар мен ұлттар ешқашан томаға-тұйық қалпында қалмай, өзге жұрттардың мәдениеті мен өнерінен үйренуді үнемі мақсат етіп отырған. Олардың арасындағы рухани алмасу процесі үздіксіз жүріп, барған сайын даму, бірін-бірі байыту бағытында өрістеген. Ұлттық шектелушілік шеңберінен шығуға ұмтылу, өзіңде барды өзгеге ұсыну, өзгенің өнегесін бойға дарыту — мәдениет тарихындағы прогресшіл дәстүр осылай орныққан, өркен жайып, тамырын тереңге жіберген.

Адамзат қоғамы бір ұлттан ғана құралмай, жүздеген, тіпті мыңдаған ұлттардан тұратыны әркімге аян нәрсе. Казіргі уақытта дүниеде екі мыңдай ұлттар, халықтар, тайпалар өмір сүреді екен. Оларды бір-бірімен экономикалық байланыссыз, рухани қарым-қатынассыз тіршілік кешеді деуге болмайды.

Қазіргі уақытта барша ұлттар мен халықтардың гүлденіп, көркеюі және рухани жағынан туыстасып, бауырласуы, етене жақындасуы өміріміздің түбегейлі заңына айналған.

Халықтар ынтымағын нығайту жолында көркем аударма елеулі қызмет атқарады. Континенттер мен мемлекеттер арасындағы мәдени, әдеби байланыстардың жаңа кезеңі басталған бүгінгі дәуірде прогресшіл әдебиет нұскаларын жалпыға ортақ рухани қазынаға айналдырудың мәні де, маңызы да зор.

Аударма не үшін жасалады? деген сұраққа жауап берер болсақ, орыстың ұлы ойшыл сыншысы В. Г. Белинский 1844 жылғы бір мақаласында көркем аударма мәселесіне тоқтала келіп, мынадай пікір түйген: «...аударма көбінесе түпнұсқаны оқымағандарға және оқуға мүмкіншілігі жоқтарға арналып жасалады, ең бастысы, бір халықтың тіліндегі әдеби шығармаларды екінші халықтьщ тіліне аудару ісіне халықтардың өзара таныстығы, идеялардьң өзара ауыс-түйістігі, сонан келіп әдебиеттің көркеюі және ақыл-ой еңбегінің дамуы негізделеді»[3] Ол осы рецензиясында «поэзиялық шығарманы аудару логикаға, табиғатқа және дене күшінің мүмкіншілігіне қайшы келетін іс» деп байбалам салған 0. И. Сенковскийді батыл айыптайды. Көркем аударма мәселесі туралы айтылаған осынау ой-пікір арнасы XX ғасырда және қазіргі кезеңде қалай кеңейіп, дамып, қандай деңгейге көтерілгенін аударма мәселесі туралы жазылған зерттеу еңбектерге сүйене отырып бағамдауымызға болады.

Көп ұлтты әдебиетіміздің тарихына көз жіберсек, біз социалистік реализмнің шығармаларын бүкіл-одақтық оқырманның рухани игілігіне айналдыру жолында әр кезде игі қадамдар жасалып отырғанын байқаймыз. Әсіресе, орыстың классикалық және кеңестік әдебиетінің үздік үлгілерінің ұлт тілдеріне тәржімалануы — мәдени өміріміздегі айтарлықтай құбылыс саналды, өйткені орыс әдебиеті қашанда рухани, эстетикалык, идеялық-адамгершілік байлықтардың асыл қазынасы, орыс халқының өнерпаздық кемеңгерлігінің шыңы болып көрінді, бүгін де солай және бұдан былай да солай бола бермек»-деген ой айтады белгілі зерттеуші С.Сейітов «Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі» деген еңбегінде[4.4-б.].

Әдебиеттердің өзара байланысының, ықпалының, бірін-бірі байытуының маңызды шарттарының ішінде елеулі қызмет атқаратын көркем аударманың теориялық және практикалық мәселелері күн тәртібінен түсіп көрген емес. Аударма мәселесі туралы сөз етілгенде Алексей Максимович Горькийдің рөлі ерекше аталады. Ол совет жазушыларының Бүкілодақтық бірінші съезіндегі (1934) съезінде қаламгерлер бірін-бірі аударуға тиіс екенін ескертіп, үлкен де күрделі іске жұмыла ат салысуға шақырды.



Осылайша, отызыншы жылдардың бірінші жартысында-ақ әдеби тәржіма ісі ұйымдық-творчестволық маңызға ие бола бастады.

Аударма - жазушылар арасындағы ең ұлы достықтың көрінісі. Дүние жүзіндегі тілдердің әр түрлі болып келетіні тәрізді ойды білдіру де әр алуан, алайда ойлану заңдары ортақ. Сондықтан кез келген бір тілден кез келген екінші бір тілге аудару әбден мүмкін нәрсе.

Аударма зертеушілердің пікірінше аудармашы ақын жақсы актерге ұқсауға тиіс. Нағыз тәржімашы қолына түскеннің бәрін талғаусыз тәржімалай бермей, өзіне рухани туыс санағанын ғана аударғаны ғанибет[6].



Қасым Аманжоловтың ақындық жолында көп ізденгеніне – оның аудармалары куә. Ақынның поэзия айдынында балықтай жүзіп, өлеңде өзін еркін сезінуі әлемдік әдебиетті керемет білгендігінің арқасы. Ақын поэзиясын ыждаһаттылықпен зерделеген оқырман жырларынан Шығыстың өлең үлгілерін де, Батыс мәдениетінің ою-өрнектерін де байқай алады.
Сен болсаң нулы жердің қызыл гүлі,

Гүл қашып, сайрар едім күні-түні.

Сен болсаң жапандағы жалғыз терек,

Болар ем сахараның мен бұлбұлы.

Кез болсам келе жатып мен тентіреп.



Қонақтай гүл жаныңда жатар едім,

Жолаушы жатқа жүрген рахат туып,

Жапанда жапырағыңды көлеңкелеп.


«Шамасы Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасын аударуының ықпалы болса керек, бұл өлеңінен Шығыс әдебиетінің әсері байқалады. Өлеңдегі теңеулердің қолданылу ыңғайы, берілу тәсілі парсы әдебиетінде жиі кездесетінін айта кету парыз. Бірақ Қасымның көп өлеңдерінде еуропалық әдебиеттің мәжениеті басымырақ».

Қасымның Еуропа ақындарын қазақ тіліне асқан шеберлікпен аударуының басты сыры да – оның ақындық талантында жатыр. Қасымның аудармасында А.Пушкиннің лирикалық жырлары, М.Лермонтовтың өлеңдері, А.Твардовскийдің «Василий Теркин» поэмасы ақынның төл туындысындай болып кеткен. Зер салып қарасақ::


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет