(Т.Шевченкодан) Қаңғалақтап етіп талақ,
Ол болмаса, жүрмін бе әлде, Өртесін мына жалғанды.
Өтеді күндер, өтеді түндер, Жыламаймын,
Өтеді жазым зымырап. күлмеймін. Қандай қиын –қаза тапсың
Соғады дауыл, Сыбағам қайда, сыбағам? Тар қапаста, зынданда,
Солады гүлдер, Жоқ па сірә ешқандай?! Еркіндікте ұйықтап
Сарғаяды жапырақ. Жақсылық бер, а құдай?!! қалсаң,
Қиынырақ содан да.
Ой ұйқыда, Берме ұйқы, кезбе жанға, Ұйықтап өтсең өміріңде,
жүрегім жым-жырт, Жүрегі бос қатпасын. Ұйқың ешбір қанбаса.
Сөнеді көздің жанары. Ұсап сұрсыз қу томарға, Тірлігің не, өлгенің не,
Бәрі ұйқыда Бұл дүниеде жатпасын. Ешбір ізің қалмаса.
жатыр ғой мүлгіп, Сыбағам қайда, сыбағам?
Тірліктің жоқ еш хабары... Жоқ па сірә ешқандай?!
Жақсылық менен аясаң,
Осынау жарық дүниеде, Берші өмір, бер махаббат, Жамандық бер, а құдай?!
Бармын ба мен – білмеймін, Жүрекпен сүйсін адамды.
Осы аудармадан бір мін таба алсыз ба? Жоқ. Керісінше Қасым Тарас Шевченоның өлеңін нұрландырып, көркемдік әлемін байытып, ойдың ағысын тереңлетіп жіберген. Егер осы өлеңді Тарас Шевченко емес, Қасымның өзі жазды десе де иланар едіңіз. Талантты ақындардың таланттының бір-біріне сәйкестігі деп осыны айтсақ керек. Ақын Тарас Шевченконың өлеңін құр аударып қана қоймаған, іштей онымен бәсекеге түскен. Ақынның өмірінен хабары бар адам бұ өлеңнен Шевченкодан гөрі Қасым тағдырына сәйкес іздерді аңғара алады.
«Ах, Самара-жас қала» деген орыс халық әнінің аудармасы:
Орамалым батар-батпас,
Қалқып қана ағады.
Сүйген жарым сүйер-сүймес,
Уақыт өтіп барады.
Қайырмасы:
Ах, Самара –жас қала,
Барамын сөнгелі,
Барамын сөнгелі,
Жұбатшы сен мені.
Өстім еркін, гүлдедім мен
Он жетіге келгенше,
Он жетіде махаббат
Қыз сорлыны жеңгенше.
Қайырмасы.
Сорлы ақ қайың, саған орын
Тимепті өзен жарынан.
Жарым десең, жаралама,
Сақта мені, жалынам.
Өлең жолдары осылай кете береді. Өлең тілге жеңіл, жүрекке жақын. Ол - Қасым ақынның шеберлігі. Ақын аудармада да өзіндік қолтаңбасын таныта білді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ақын Қасым Аманжолов дүниеден ерте озды. Пешенесіне бұйырған азғантай ғана ғұмырының ішінде қазақ әдебиетінің кемелденуі үшін оның сіңірген көл-көсір еңбегін тілмен айтып жеткізу қиын. Ол дауылды дәуірде туса да, қан майданда жүрсе де қазақтың рухы үшін күресіп, қазақтың рухы үшін арпалысып, өз жүрегінің жалынына өртеніп өлді. Ақынның:
Ей, тәкәппар дүние!
Танисың ба сен мені?
Маған да бір қарашы,
Мен қазақтың баласы! –
деп айдай әлемге жар салуы да сондықтан. Бірақ Қасымның айтқанынан гөрі айтары мол еді. Қатал тағдыр аяулы ақынымызды ортамыздан ерте жұлып әкетті. Амал не?
Шаралған жолым жатыр жер бетінде,
Көрінер көлеңкесі келбетімде,
Қай жерде үзілесің қайран сапар,
Түйін боп өмірімнің бір шетінде.
Осы өлең жолдарын жазған кезде аяулы ақын өзінің дүниеден құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шығарын білді ме екен?.. Әйтсе де ақын да ұлы құдірет иесі болғандықтан, оның сезімтал жүрегі ғұмырының қай күні үзілерін, дәм-тұзының қай күні таусыларын сезген сияқты. Әйтпесе ақынның әрі қарай:
Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,
Көп күттім, қарайладым құмарлана,
Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
Алыстан көрінгенмен мұнарлана.
Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап,
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемде мен жатармын қырда қымтап –
деп егіліп сыр толғап, ағынан ақтарылуы, тебірене толғануы мүмкін бе еді?..
Дүниеден ерте өтсе де артына мол әдеби мұра, өшпес із қалдырған қазақ әдебиетінің биік аспанындағы жарық жұлдыздардың бірі Қасым Аманжоловтың мол мұрасы бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Ақынның мұрасын қадірлеп, қастерлеу бүгінгі ұрпаққа сын. Қасымның әдеби мұрасы 2006 жылы қайта басылып шықты. Кезінде қазақтың көрнекті ақындары Әбділдә Тәжібаев, Сырбай Мауленов, Ғафу Қайырбеков, Қалижан Бекхожин, сыншы Есмағамбет Ысмаилов, жазушы Тәкен Әлімқұлов ақын мұрасын түгендеуге ат салысып, Қасымды жоқтатпаған.
Біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын осы Қасым Аманжолов шығармашылығына арнадық. Ақын ағаның артында қалған бай мұрасын зерттеп, ақын шеберлігіне үңілдік.
Диплом жұмысының кіріспесінде төмендегі мәселелер қамтылды:
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы;
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері;
Тақырыптың жаңалығы;
Жұмыстың құрылымы көрсетілді.
Бірінші тарау «Қасым Аманжолов поэтикасының зерттелуі және ақынның өмір деректері» деп аталды. Онда ақынның поэтикасының зерттелуіне тоқталып, өмірінің кейбір деректерін бердік. Қ.Аманжолов поэзиясының қуғынға түскен, бұрмаланғандығы туралы ақпаратты белгілі зерттеуші С.Қирабаев естелігі арқылы бердік. Ақын поэтикасын алғаш кең көлемде зерттеген –Т.Әбдірахманова. Ол 1976 жылы «Қасым Аманжолов поэтикасы» атты зерттеуін жазғандығын айттық.
Екінші тарау «Қасым Аманжолов лирикасы» деп аталады. Онда ақынның майдан тақырыбына арналған отты жырлары және махаббат лирикасын қарастырдық.
- Қасымның поэзиясының сөз еткенде ең алдымен оның майдан тақырыбына арнап жазған отты жырлары ойымызға оралады. Қасым қырғын соғыстың қасіретін, майдан даласының суретін, жау оғымен жағаласқан жауынгердің бейнесін, оның асыл арманы мен тәтті сағынышын, жүрегіннің кекті зілі мен сезім бұлқынысын таза да табиғи қалпында шынайы суреттеген;
- Ақынның «Орал» атты лирикалық туындысын оқығанда ғажап музыка тыңдағандай күйге түсесіз, өлеңнің әр жолынан майданға кетіп бара жатқан жас жауынгердің жүрек дірілін жан-жүйкеңмен сезінгендей боласыз. Жауынгердің туған топырағымен қоштасатын сәті тұла бойыңызды еріксіз тітіркентіп, соғыстың қасіретін өз арқаңызбен сезінгендей күй кештіреді;
- Қасым Аманжоловтың майдан туралы жырлары:
«Қанқұйлы жау»(1943), «Ұлы отан соғысы туралы жыр»(1943), «Ғабдолға»(1943), «Подполковник Әлпинге»(1944), «Мартбек»(қарағанды шаһтеры, Совет Одағының батыры Мартбек Мамыраевтың жауынгерлік өмірінен үзінді.1944 –жылы жазған), «ұлы күтіс», «қапанға»(1944), «үстімде сұр шинелім»(1944), «Сен фашиссің, мен қазақпын»(1944), «Соғыстың, қыстың ызғары»(1944), «1945 жыл»(1945), «Қалмақанға»(1945), «Достар, қайда жүрсіңдер»(1945), «Жылқыайдар»(1945), «Қызғалдақ» деген өлеңдері. Олардың барлығы дерлік соғыс жылдарында жазылған.
- Қасым Аманжоловтың «Абдолла» поэмасы майдан тақырыбына арнап жазылған. Ақын жау оғының ортасында жүрген өжет ақынның образын қарама-қайшылықты, Өмір мен Өлім атты драмалық қақтығыстың үстінде керемет шеберлікпен ашқан. Бұл қырғын соғыстың, жолбарыстай жау отымен жағаласқан жауынгердің бейнесін ғана сомдаған поэма емес, бұл шын мәнісінде ақын Әбділдә Тәжібаев айтқандай «батырдың қанымен жазылған, әр сөзі оқ боп атылып, от боп шашылып тұрған оптимистік трагедия.
Достарыңызбен бөлісу: |